Ақтөбе облысының ,
Қандыағаш қаласындағы
№ 2 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ. КИНО. ТЕАТР.
Мақсаты: грамматикалық тақырып пен лексикалық тақырыпты байланыстыра отырып, жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Етістіктің рай категориясы туралы жалпы мағлұмат беру, театр және кино өнерінің тарихын толық меңгерту.
2. Мәдениетке сүйіспеншілікпен қарауға ынталандыру.
3. Ойлау қабілеттерін, сезімін, ізденімпаздықтарын дамыту.
Қолданылатын стратегиялар: сұрақ-жауап стратегиясы, топтау, Венн диаграммасы, ой шақыру.
Техникалық құрал мен көрнекілік: интерактивті тақта, плакат, диск «Алматы», «Астана», кино мен театр өкілдерінің суреттері, табиғат суреті, Арал теңізі жағалауының суреті, маркер, магнитті тақта, театр суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, орыс тілі.
Сабақ типі: жаңа білімді тереңдету сабағы.
Сабақ түрі: саяхат сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Әнұран орындалады.
Үй тапсырмасы: өткенді қайталау
А) VIII модульді қайталау . Табиғат. Етістіктің шақтары.
Ә)Табиғат туралы сызба бойынша сөйлеу.
Б) Етістіктің шақтарын еске түсіру.
Жаңа тақырып: IX модуль.
Лексикалық тақырып: Кино.Театр.
Грамматикалық тақырып: Етістіктің райлары.
Жаңа сөздермен жұмыс: тақтада жаңа сөздер аудармасымен жазулы тұрады, осы сөздермен сөйлем құрастыру.
Слайдпен жұмыс жасау: театр және кино туралы мәлімет беру, мәтінмен жұмыс жасау.
Кино шығару қызметкерлері: суретші, композитор, кинодраматург (сценарий авторы), режисер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші), актер (кейіпкер тұлғасын жасаушы), оператор (кадрға түсіруші).
Мәтін бойынша хронологиялық кестені сөйлету.
Уақыты Театрлардың ұйымдастырылуы
1. 1926-1930 ж.ж.
2. 1926 ж.
3. 1930 ж.
4. 1933 ж.
5. 1937 ж.
6. 1938 ж.
Алматы, Астана дискісін қосу. Бас қалалардың театр, киноларына саяхат жасау. Гид тағайындау.
Диалог бойынша өзара жалғастырып сөйлету (слайдпен жұмыс)
Грамматикалық тақырыпты мысалдар арқылы түсіндіру. Миға шабуыл.
Мысалдағы етістіктің мағынасын тақырыппен сәйкестендіру.
Жанар сыныпта отыр. Атам бақта жүр. Әжем төсекте жатыр.
Дәптерді жоғалтпай ұстапты.
Сабақ сағат сегізде басталады.
Сіз қалаға барыңыз. Сен мектепке кел.
Ол тапсырманы орындасын.
Шолпан келсе, сабаққа барамыз.
Мен Астанаға барғым келеді.
Жаңбыр жауса игі еді. Қар жауса екен.
Кесте бойынша етістіктің райларын түсіндіру.
Райлар: ашық, бұйрық, қалау, шартты.
Берілген етістіктерді қай райда тұрғанын анықтау.
Етістіктің райлары жазылған таблоларды тарату.
Ашылды, барсам, кел, жүріп жатыр, күледі, барайық, көрсем, келсе екен, болды, оқып отыр, орындасын, көргім келеді.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
Барамыз, кинотеатрға, қай.
Қазақтың, ұлттық, ашылды, театры, жылы, тұңғыш, 1926.
Театрында, опера, ба, балет, болдың, және, сен.
Диалогта асты сызылған етістіктерді қалау, шартты, бұйрық райда жазу.
Барамыз,сатып алдым,болады,ойнады.
Көп нүктенің орнына оң жақ бағандағы етістіктерді жазып , қай райда тұрғанын анықтау.
Қорыту бөлімі. Топтастыру.
Кино |
Театр |
Венн диаграммасы. (қойылым)
Алматының театр,кинотеатрларын атаңдар.
Астананың театр,кинотеатрларын атаңдар.
Ақтөбенің театр,кинотеатрларын атаңдар.
Алматы Астана
Үй тапсырмасы: 4-жаттығу, ережені жаттау.
Бағалау. Марапаттау қағаздары.