Басы » Денсаулық сақтау » «Денсаулық  саған рахмет» атты  спорттық мереке

«Денсаулық  саған рахмет» атты  спорттық мереке

«Денсаулық  саған рахмет» атты  спорттық мереке

Мерекеліктің барысы:

Спорттық киім киген балаларға залға кіріп, орындықтардың қасында қатарға тұрады.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым –Денсаулық. Адамдар сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық тілейді. Қәне, біз де сәлемдесейік.

Балалар жұптасып тұрып зал бойы жылжиды. «Сәлеметсәң бе!» коммуникативтік ойыны.

Денсаулық:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Мен барлық балаларды, ұлдар мен қыздарды «Денсаулық  саған рахмет» саяхатқа шақырамын. Өздеріңмен бірге шапшаңдық, батылдық, ептілік пен тапқырлықты, сонымен қатар жанкүйерлердің шыдамдылығын алуды ұсынамын.

Ал қазір бой сергітейік.

1-бала: Біз жолда жылдам ж үруіміз үшін музыканың екпінді және көңілді болуын қалаймыз. Күшіті, епті болу үшін күнмен дос болу керек. Таңертең ерте тұрып, жаттығу жасаймыз.

2- бала:     Денешынықтыруды біз сүйеміз,

Асыр салып жүгіріп, ойнағанды білеміз.

Жуынуды, ән айтып, ойнағанды сүйеміз.

Сергіту жаттығулыры: «Көңілді адымдар» музыкалық әуенмен орындалады.

Денсаулық:

Күн шуағын шашады,

Біз дайынбыз арқашан.

Спорттық  ойынға жарысқа дәрігер айболит жүгіріп кіреді:

-Тұра тұрыңдар, тұра тұрыңдар! Ой, балалар! Мен сендердің мерекелеріңе әзер дегенде жетіп үлгердім. Дала, орман, шалғын, шабындық арқылы жүгіріп, тек қана екі сөзді «балабақша, балабақша» деп сыбырладым.

Міне мен осындамын!

Сендердің тамақтарың ауыра ма? Ангина ма?

Балалар: Жоқ, жоқ, жоқ.

Айболит:  Ой балалар, қараңдаршы қандай жақсы!(балалар қарайды)

Айболит: Ешқандай ауру жоқ, барлығың көңілдісіңдер. Бұл неткен құпия!

Бала: Мен сізге бір құпияны ашайын. Әлемде одан жақсы тәсіл жоқ.

Денсаулық: Дәрігер Айболит, сізді біздің жарысымызға шақырамыз. Қараңдаршы, біздің балалар батыл, күшті және епті.

Алаңға «Спутник» және «Зымыран» командаларының спортшылары шақырылады.   Музыкамен командалар өз капитандарымен сапқа тұрады.

Жетекші төрешілер алқасымен таныстырады.

Денсаулық: Капитандары екі адым алға!

Командаларға бір-бірін құттықтау сөзбен қошеметтеу!

«Спутник» командасының капитаны:

Ғаламшарға ұшуларына тілектеспіз.

Команда хормен:

Батылдық пен өжеттілік,

Ал ойында көрсетіңдер ептілік!

«Зымыран» командасының капитаны:

-Құрметті «Спутник» командасы, Сіздерге «жақсы болсын нәтижесі ойынның» деп шын көңілден тілейміз.

Команда хормен:

Бүгін шаршауды білмеңдер,

Барлығымызға қуаныш сыйлаңдар!

Денсаулық: Міне, команалар кездесіп, бір-бірін құттықтады. Олардың алда өтетін жарыста үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреміз.

Жатып алмай төсекте!

Ерте тұрып жүгірсең,

Шынықтырып денеңді,

Күш-қуат жинап бойыңа

Өзіңді нағыз спортшы деп есепте.

Спортшыларға сәтті қадам!

«Аюдың үйшігі» эстафетасы

Эсстафетаны бірінші ойыншы бастайды, ол мәре шығыршық- үйшікке қарай барады. Мәреге жетіп, шығыршықты бойынан өткізіп, орына қойып,  қайтарда «бақа» қимылымен секіріп келу.

«Жұптасып жүру» эсафетасы

Енді, олар жұптасып, қол ұстасып жүгіріп барып екеуі шығыршықтан өтеді. «Бақаша» сеікріп қайтады.

Айболит:

-Менімен көжектер сияқты секіргілерің келе ме?

«Топ-топ секіру» эстафетасы.

Балалар үлкен гимнастикалық допқа отырып, белгілі арақашықтықты өзіп, өз орындарына оралып, допты келесі ойыншыға береді.

«Кедергі жол» эстафетасы.

Қос аяқтап жүгіріп келіп доға асынан өту.

Айболит:

-Иә, сендер ынтымақтастық көрсеттіңдер. Шаршаған шығарсыңдар. Үйлерімізге тарайық.  Ауруханаға әлде дәрігерге барайық па?

Денсаулық:

Жоқ, біз шаршаған жоқпыз,

Тәртіп үшін, күлкі үшін.

Жасырайын бір жұмбақ.

Ұшып-қонып тынбайды,

Қанша соқсаң, сынбайды.

Суға салсаң, батпайды,

Түскен жерде жатпайды.

«Ең мерген» эстафетасы

Ойыншылар допты еденге соғып, себетке түсіреді.

Айболит: Мен өте қуаныштымын, енді балалардың ешқайысыауырмайды, әр баланың денсаулығы, көңіл күйі жақсы болады.

Денсаулық: Міне, біз «Денсаулық  саған рахмет» болдық. Сендер нағыз спортшыларсыңдар. Үнемі осылай спортпен шұғылданыңдар! Ал енді біздің төрешілер алқасы жарыстың қортындысын жасап, жеңімпаздарды атайды.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *