Басы » Бала бақша » Достығымыз жарасқан

Достығымыз жарасқан

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№21 «Назерке» балабакшасы

 

 

 

 

Ашық оқу-қызметі

«Достығымыз жарасқан»

 

 

 

 

 

Орындаған:№12 «Назерке» ересек

тобының тәрбиешісі:

Нургожаева.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018оқу жылы

Білім беру саласы:  «Қатынас», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әректі:  «Тіл дамыту».

Тақырыбы: Достығымыз жарасқан

Мақсаты: 1-мамыр-халықтар достығы мерекесі туралы түсіндіру.

Білімділік: Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар туралы айту.

Дамытушылық: Әңгімені тыңдай, әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Өзге ұлттарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері: Сурет бойынша әңгімелеу, көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау, қорытындылау.

 

Керекті құралдар: Әр ұлттың киімдері, шар.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы  

Шаттық шеңбер:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Жыл мезгілін, ай, апта атауларын сұрап, естеріне түсіру.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қалай аталады?

-Қазір көктем мезгілінің қай айы?

-Дұрыс айтасыңдар.

 

 

 

Балалар көңілді күйде шаттық шеңберін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Көктем мезгілі.

 

-Үш ай бар.

-Наурыз, сәуір,мамыр.

 

-Мамыр айы.

  Іздену    ұйымдастырушы Негізгі бөлім:

Әңгімелесу.

Біздің отанымыз-ұлан байтақ. Онда сан мыңдаған халықтар мен әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірінен туысқан, дос, бауыр, жолдас. Осының өзі үлкен бақыт емес пе! Қазақстан Республикасында 130 ұлт өкілдері тұрады.

Барлығымыз бөлінбей тату-тәтті отбасы сияқты өмір сүру керекпіз.

Біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін әрбіразамат қазақ тілінде сөйлеуі тиіс.

 

-Балалар сендер отан туралы тақпақ білесіңдер ма?

 

Тәрбиеші  алдын ала ұлттардың киімін киген қуыршақтарды дайындап алады.

-Балалар назарын үстел үстіндегі әр ұлт өкілдері  болып киінген қуыршақтарға аударады.  Біздің елімізде қазақ, орыс, кәріс, т.с.с. ұлттар өздеріне тән киімдері де бар.

Д.О:»Қуыршақтың киімін ата!»

-Мынау қай ұлттың киімі? деп үш ұлтты кезектесіп көрсетеді.

-Сендер қандай ою-өрнекті білесіңдер?

-Жарайсыңдар, әр ұлттардың киімдеріндегі ою-өрнектері де өзгеше.

 

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өніп-өсіп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

 

«Досыма сыйлық» тақырыбына мүсіндеу.

 

Шарлармен ойын-жаттығу.

Тәрбиеші балаларға жақында мейрам болатынын, мерекеде балалар ата-аналарымен бірге алаңға шығатынын айтады. Барлық тұрғындар мерекенің көңілді өту үшін өздері тұратын қаланы әдемілеп безендіретінін айтады. Мейрамда барлық адамдар көшеге қолдарына түрлі-түсті ту, шарлар, гүлдер ұстап шығады.

Қарапайым математикалық ұғымдарды бекіту.

» біреу, көп, түс, көлем.»

Бір көк шар, көп қызыл шар; үлкен біреу, кішкене көп. Шарлардың көлеміне сәйкес жіптер таңдау; үлкен шарға -ұзын жіп, кішкентай шарға -қысқа жіп.

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

Ойланып сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз достарына қалаулары бойынша сыйлық мүсіндейді.

 

Рефлексті коррекциялаушы Қорытындылау.

-Қазақстанда орыстар,кәрістер, немістер т.б ұлттар мекендейді.

-Әр ұлттың өзіне тән киімдері болады.

-Қазақстанда көп ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

-Біз досымызға сыйлық жасауды ұнатамыз.Біз доспыз.

-Іс-әрекет соңында» Әрқашан күн сөнбесін!» әнін айту.

 

 

Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.

Балалар қорытынды сұрақтарына толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Әнді орындайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже: Тәрбиешнің айтқандарын есте сақтап түсіне білу.

 

Білуі керек: Жыл мезгілдерін сурет бойынша әңгімелеу.

 

Болуы керек: Шар, әр ұлттың өзіне тән киімдері.

 

Баланың қолынан келуі: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруі.

 

[bws_related_posts]

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *