Басы » ОМЖ/ҚМЖ » 2 сынып » Етістік

Етістік

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Тәжібаев ауылы №214  орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Нұрмаханова Ләззат Бидашбекқызы

 

Пәні: Қазақ тілі. Сыныбы:2«А»   Мерзімі:23.02.2017ж.Мұғалім: Нұрмаханова Л

Сабақтың атауы Етістік
Мақсаты Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой — өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар етістікті сөз табы ретінде таниды. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқайды.Оқушылардың сөздік қоры байиды, байланыстырып сөйлеуі, ой — өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттері дамиды. Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа үйренеді.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, суреттер.
Әдіс — тәсілдер: Сұрақ — жауап, топтастыру.
Психологиялық ахуал Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алғақарайозбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту — Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Оқушылар:
— Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Оқытушы:
— Дұрыс, балалар! Бүгінгі сабақта ондай сөздер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз.
Тақтадағы суретке қарап, балалардың, әженің не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр? Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ағаш жарды. Гүл суарды. Қыз секірді. Әже ұршық иірді. Домбыра тартты.
(оқушылардың жауаптары)
— Дұрыс! Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Терме диктант. Дара етістіктерді теріп жазу
Бір сөзге сөйлем құрау.
Еріді, жанды, жинап жүр, ертіп келді, тыңдап отыр, айтып тұр, күлді.
«Түйсіну» тапсырмалары ІІІ деңгей
1. Өлең шумақтарын құрастыру.
……… көңілді,
……… өңірді,
……… төгілді,
……… көрінді.
3. Семантикалық карта

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс — Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.
— Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
— Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
— Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
— Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе….. Мысық…. Қой…. Балалар….. Қар….
Үйге тапсырма Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *