Басы » NIO.KZ » Реформадан көзі ашпаған білім саласында тағы өзгеріс болады
Сурет ашық деректен

Реформадан көзі ашпаған білім саласында тағы өзгеріс болады

Оқу-ағарту министрлігі келесі жылы жаңа білім беру стандартын енгізуді жоспарлап отыр. Кейбір мұғалімдер шырылдап, әлеуметтік желіге жазып жүрген мәселе осы.

Әзірге ресми құжат жоқ, шенеуніктердің сөзіне қарағанда мынадай жаңалықтар күтіп тұр:

✔️ Білім беру процесіне жасанды интеллект енгізіледі.
Виртуал лабораториялар;
Тілдік қосымшалар – оқушылардың тілді жақсы меңгеруі үшін қажет.
Ақпараттық жүйелер – жаратылыстану ғылымдары бойынша мультимедиалық презентациялар базасы.

Бұл жаңалықтар сабақ пен үй тапсырмасын қызықты әрі тартымды етеді екен.

❗️Мектеп пәндері біріктіріледі:

✔️Жараталыстану пәні – химия, физика мен биология бірге.

✔️ Әлеуметтік ғылымдар пәні – дүние жүзі тарихы мен құқық негіздері бірге.

✔️ Математика пәніне алгебра мен геометрия қосылып оқытылады.

Жаңа пәндер енгізіледі:
3D-модельдеу;
Бағдарламалау:
графика дизайны;
генератив жасанды интеллект.

Шахмат сабағы барлық орта мектепте міндетті болады.

✔️ Ресми дерек:
Республикалық бюджеттен оқу-ағарту саласына:

2025 жылы – 1 108,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:
Білім сапасын қолжетімді етуге – 903,24 млрд теңге,
Техникалық және кәсіби білімді кадрлармен қамтуға – 90,58 млрд теңге.

2026 жылы – 413,59 млрд теңге, оның ішінде:
Білім сапасын қолжетімді етуге –- 193,25 млрд теңге;
Техникалық және кәсіби білімді кадрлармен қамтуға – 100 млрд теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *