Басы » Бастауыш сыныптар » Құмырсқаның қанағаты

Құмырсқаның қанағаты

 

Қарағанды облысы Балқаш қаласы жалпы білім беретін №9  орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:  Шакирова  Дина  Караевна

Пәні Әдебиеттік оқу
Тақырыбы «Құмырсқаның қанағаты»  ертегі
Мақсаты Ертегідегі негізгі идеяны ашып түсіндіру.
Міндеті
  • Ø Қанағатшыл бола білуге үйрету.
  • Ø Топтық жұмыста ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Ø Ойлау,сөйлеу, пікір айтып дәлелді түрде жеткізе білуге қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс Дүниетанумен байланысты
 Әдістер Сұрақ-жауап,  проблемалық оқыту.
Қолданылған модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;  Сыни тұрғыда ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;  Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникациялық технологияларды  (АКТ) пайдалану;  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
Қолданылған стратегиялар «Ыстық орындық»  «Екі жақты күнделік» «Ментальды карта»     «Болжау»
Ресурстар Таратпа материалдар,  интербелсенді тақта.
Сабақ барысы
Кіріспе 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой шақыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Психологиялық ахуал:топтағы оқушылар бір бірінің қолдарынан ұстап тұрып, жақсы тілектер айтады.Топтық жұмыс:  оқушыларға таратпа қағаздар беріледі. Сол таратпа қағаздағы мақалды шығарып, мағынасын түсіндіреді.

  • Ø Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  • Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  • Ø Еңбек еткен емеді,

еңбексіз не өнеді.

  • Ø Ердің  атын  еңбек шығарады.

Әр топ еңбек туралы мақалдар айтып, жарысады.

 

Ребус шешеді:  «ЕРТЕГІ»

v Ертегі дегеніміз не?

v Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?

v «Ажалдан құтқарған асыл сөз» және «Алтын балта» ертегілері қай түріне жатады?

«Ыстық орындық»  стратегиясы бойынша ертегіні қайталауға әр топ  бірнеше сұрақ жазып сандыққа салады.  Әр топтан екі оқушы біртіндеп шығып, сол орындықта отырып, сандықтан алған сұрақтарға толық жауап берулері керек.

«Екі жақты күнделік»  көмегімен кейіпкерлерімізді сипаттап көрейік.

Керекті сөздер: дүниеқоңыз емес, құлқыны тоймаған, ақпейіл, күншіл, еңбекқор, көрсеқызар, адал жан,  жалқау.

Сергіту сәті: оқушыларға көздерін  жұмғызып, әдемі әуен тыңдатамын. Сол әуенді тыңдағанда қандай әсерде болдыңдар. Оқушылар ойын ортаға салады.

 

Интербелсенді тақтада  сандар беріледі. Сол сандарды  алфавит ретіндегі әріптермен алмастырап, тақырыпты ашып аламын.

15,27,17,37,23,24,15,1,18,37,19   15,1,18,1,6,1,25,37.

ҚҰМЫРСҚАНЫҢ  ҚАНАҒАТЫ

Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз құмырсқа жайлы. Құмырсқа туралы не білесіңдер?

Құмырсқаның қандай пайдасы бар?

 

Кітаппен жұмыс:

Ертегіні тізбектетіп оқыту.   Сұрақтар:

  • Оқымысты бақ ішінде нені байқады?
  • Құмырсқадан не сұрады?
  • Олар неге келісті?
  • Бір жылдан кейін оқымысты нені көрді?
  • Құмырсқа жарты дәнді неге қалдырды?
  • Жарты дәнді қанша жылға жеткібекші болды?

Ертегіден тауып оқу.

  • Ø Оқымысты мен құмырсқаның кездескен жерін…….
  • Ø Бір жылдан кейінгі құмырсқаның жағдайы айтылған жерін…..

Құмырсқаның соңғы сөзін тауып оқы.

Ертегіні рольге бөліп оқыту: ғалым мен құмырсқаның әңгімесін ғана рольге бөліп оқыту.

«Болжау» стратегиясы: құмырсқаның орнында сен не істер едің?  (оқушы ойын ортаға салады)

 

Деректер:

Құмырсқалардың жер бетінде  6000 түрі болады екен.

Илеу құмырсқалардың  күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ-топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді. Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққанннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі жәндіктер, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!

(Слайд көрсетіп отырып айтамын)

 

Интербелсенді тақтада ментальды картаға салып талдайды. Топпен ақылдасып жазып алады.

Құмырсқа

 Сенің бойыңда осы аталған мінез сипаттары бар ма?

  • Өз бойыңда қандай жақсы мінез бар деп ойлайсың?
  • Жаман қылық ше?
  • Құмырсқадан не үйрендің?

Сонда біздің бойымыздан қайырымдылық, шыдамдылық, қанағатшылдық болу керек деп білемін. Осының бәрін құмырсқадан үйренуге болады десек қате болмас.

 

Үйге  тапсырма:  ертегіні оқу, мазмұндау.  Құмырсқа жайлы қызықты мәліметтер жинау.

Бағалау:  «Екі жұлдыз, бір тілек» 

Әр оқушы өзіне ұнаған екі сәтті жазып, бір ұсыныс айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *