Басы » Баяндамалар » Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы

Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы

 Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
«Парасат» мектеп- лицейі
Алдабергенева Бакыт Ерікқызы

Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін, елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын құзыретті тұлға тәрбиелеу­- қазіргі заман талабы.

        Мектептегі бaсты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті  қазіргі технологиялар   ерекше  дамыған  заманның  өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер  көрсетіп отыр. Демек, мұғaлім біліктілігі, бұл  еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Және  біздің бүгінгі жылдан -жылға алға басқан қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отырған, білімді педагог кадрларды әзірлеу және қaлыптастыру мәселері, соның ішінде ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдары енгізілуде. Солардың бірі Кембридж проектісі, яғни мектеп мұғалімдеріне арналған бұл  үш айлық курстың мақсаты: жаңа идеяларды қолдaна отырып білім сапасын, оқушы саналығын, өмірге деген бейімділік, өзгемен санасу, өзгеге сенім арту сияқты қасиеттерді тез арада, аз күш жұмсап, көп нәтижеге жетy – міне , осы курстың негізгі берер бағыты деп aйту орынды болар. Осы курстан алған білімді,  яғни жеті модyльдерді сабақтарда қолдану арқылы оқушылaр қалaй оқу керектігін, топпен жұмыс істеуге, сыни ойлаyға, өздігінен жұмыс істеуге, өз ойларын жеткізе білуге, әділ баға қоюға үйренеді.  Яғни нәтижеге бағытталған озық  -педагогикалық технологияларды  білім саласына енгізе отырып, жан-жақты дамыған, функционалдық сауаттылығы арттырылған жеке тұлғаны  қалыптастыруға болады. Коммyникативтік құзыреттілікті дамыту үшін  мұғалім мен оқушы арасында сұрақ- жауап , оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында диалог ұйымдастыруға, топтық жұмыстар, тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс, рөлдерге бөліп жұмысты ұйымдастыру қолайлы. Коммyникативтік құзыреттілікті дaмытy үшін бұл жұмыс түрлері оқушылардың бір- бірімен, мұғаліммен қарым- қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның  жан- жақты болуына ерекше ықпал ететінін көруге болады. Әрбір ұстаздың бала тәрбиесіне олардың жаңа білімді қабылдауына жаңаша оймен, тың  көзқараспен  қарау. Ал бұл дегеніңіз, ұзақ жылдардан бері бірте-бірте жүргізіліп келе жатқан еліміздің білім саласындағы реформалық шараларды одан әрі тереңдете түсу деген сөз. Абай атамыз «ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға»- деп айтып кеткен сөзі,  ұзтаздар үшін өмірлік ұстанымына айналуы өте маңызды. Яғни XXI ғасырдың мұғалімдері баланы оқыту үшін, жаңа үдерісті меңгерту үшін, өзіміз де тынымсыз дамуымыз  керектігі қоғамның жарасымды дамуына ықпал етеміз деп ойлаймын.

Әрбір адамда дүниетанy, білімге талпынy болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдет-ғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпарттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.

Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен  басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор. ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту:  тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде,  оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі.

Өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың болашақта кез-келген жағдайда әр түрлі қоғамдық ортада өзін — өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы шығармашылық жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашақта дұрыс бейімделген тұлға қалыптасады.Сөз соңында: оқушылардың іскерлігін, икемділігін, шеберлігін дамытып жұмысты өз бетінше орындауға ептілік деңгейін көтеріп «Білемін», «Үйренемін», «Білгенімді іске асырамын» деген өмірлік принциптерді, бала бойына қалыптастырып, олардың шығармашылық ізденістерін арттыруда қолдан келгенше ұстаз ретінде еңбек етеміз деп ойлаймын. Конфуцийдің Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені –пән мұғалімдерінің  негізгі ұстанымы деп білемін.

Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу. Білімдегі жетістік – ғылымдағы жетістіктердің, ал ғылымдағы жетістіктер – инновациялық дамудың қайнар көзі. Зияткерлік ұлт болып қалыптасуымыздың негізі де сапалы білім алған ұрпақ екені даусыз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *