Басы » Cыныптан тыс » 101 мақал
мақал, мәтел

101 мақал

мақал, мәтелМақсаты: Халық ауыз әдебиеті жанрлары туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін ширату, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Оқушыларды тапқырлыққа баулу. Жүйелі ойлауға бағыттау.Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: сабақтың тақырыбы жазылған плакат, текшелер, суреттер, музыкалық көркемдеу.

Техникалық құрал: интербелсенді тақта

Өту барысы:

Құрметті  ұстаздар, оқушылар! Қазақ халқы шешен халық.Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Ата-бабадан балаларға жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.

Өнер алды қызыл тіл, демекші, бүгін 3 б сынып оқушыларымен сайысып,  “қызыл тілшіні” анықтаймыз.Сонымен 1001 мақал, 101 жұмбақ ойынын бастауға рқұсат етіңіздер! Ойыншыларға сәттілік тілейміз!

 

1 – айналым. “ Жас мақалшы “.

“Отан”, “ Еңбек”, “ Достық” тақырыптары бойынша ең көп мақал айтқан оқушы жеңімпаз атанады.

 

2 – айналым. “ Ұшқыр ойлы”

Мақал-мәтелдерді аяқтау.

  • Еңбек етсең ерінбей, …
  • Отансыз адам — …
  • Туған жердің …
  • Көз қорқақ — …
  • Батыр туса …
  • Оқу — …
  • Жақсыдан үйрен, …
  • Әдепті бала …
  • Жалқаудың жаны …

 

3-айналым.” Оқырман”

Әр бағандағы әріптерді тез құрастырып, бір мақалдан оқу.

Уоқ   ітбі – қуот.

Ренөлі алба дікімйүс.

Ыжасқ саблоң қыажн пкө.

Еріж бңайды леі айб.

Нтоа то асыбнан дыбаслата.

 

4 – айналым. “ Тапқырлар “.

Жұмбақтарды шешу. Ең көп жұмбақ  шешкен оқушы жеңімпаз атанады.

  • Қардай аппақ,

Балдай тәтті – ақ. ( қант )

  • Күнде оған қараймын,

Қара шашымды тараймын.  ( айна )

  • Келеді бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. ( түйе )

  • Қос мүйізді , төрт сирақты,

Сыйлайды балдай ақ бұлақты. ( сиыр )

  • Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. ( тасбақа )

  • Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу. ( түлкі )

  • Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. ( жапырақ )

  • Қалың киімді ұнатады,

шешіндірсең жылатады. ( сарымсақ )

  • Жер бетінде шашы бар,

жер бетінде басы бар. ( сәбіз )

  • Жалт-жұлт етеді,

Ұстасаң еріп кетеді. ( қар )

  • Ән салады чемодан,

Ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. ( теледидар ).

  • Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім,

Түймелеуге жетпейді,

Жаңбыр одан өтпейді. ( қырыққабат )

 

5 – айналым. “Білгіш”

Ең көп жұмбақ жасырған оқушы жеңімпаз атанады.Жұмбақты кез-келген тақырыпқа байланысты айтуға болады.

ІІІ.Қорытынды.

ІҮ. Жеңімпаздарды анықтау. Марапаттау рәсімімен сабақты аяқтау.

Мұғалім:     Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.

Мақалдарды көп біліп, қазақ тілін меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *