Басы » Бастауыш сыныптар » Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Қарағанды облысы,  Балқаш қаласы

Жалпы білім беретін №9 орта   мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Рахимбаева Гульсара Силановна

 Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты:  3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:       қайталау сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекіліктері:   тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:  

  І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ  Жаңа материалмен жұмыс:

 а) өткенді еске түсіру   жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс    1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтіннен хабарлы,лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.)

б) дәптермен жұмыс    Күн ретін жазу.  Көркем  жазу А а А а  Алма.

2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады?

Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады.

1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер  себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)

4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді)

5-жаттығу

Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын  мен айырмашылығын дәлелде.)

6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді.Қаз қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б

IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік?

І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.)

ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).

ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.

V.Үйге тапсырма: 3— жаттығу 4-бет.

. Оқушыларды бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *