Басы » Кембридж бағдарламасы » Көнерген сөздер

Көнерген сөздер

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Бидайық рта мектебінің

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Маликова А.К.

   

Қазақ тілі

 

7  сынып

Сабақ тақырыбы: Көнерген сөздер
Жалпы мақсат: Көнерген сөздер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту.Көнерген сөздер түрлерін ажырата білу және қолдана білуге үйрету,оқушыларды бірлесе отырып білім алуына дағдыландыру. Оқулықтан негізгі идеяны табуға үйрету.
Оқу нәтижесі: Балалар көнерген сөз түрлерін ажыратады, мағынасын түсінеді. Деңгейіне сәйкес тапсырма орындайды.
Негізгі идеялар: Лексика саласы бойынша білімдерін жетілдіреді. Ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар:  

Интерактивті  тақта,слайд-презентация, үлестірме материал, бағалау парағы

Оқыту әдістері: Жаңа әдістер

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған технология

Жеке, жұптық, ұжымдық  жұмыс,

Сұрақ- жауап, диалог, АКТ, СТО

Дерек көздері:  5 сынып оқулығы
Тапсырмалар: Топтық, талдау, салыстыру, зерттеу, деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

 

Мұғалімнің   іс-әрекеті

«жылы лебіз» тренингін өткіземін.

Оқушының  іс-әрекеті

Қатар отырған оқушылар біл-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

ІІ. Сабаққа кіріспе

(3 мин)

 

 

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Тақтада  берілген сурет бойынша әңгіме құруды тапсырамын.

( батырлар суреті мен ұлттық киімдер)

-сөздік құрам дегеніміз не?

Оқушының  іс-әрекеті

Суреттеу әңгімесін жазып, сыныпқа оқып береді.

 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырып

«БББ» стратегиясы

(1 минут)

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты «не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?» стратегиясын қолданамын.

1 минут ішінде көнерген сөздер туралы не білетінін жазғызамын. Ассоциация

Оқушының  іс-әрекеті

«3 жақты күнделіктің» бірінші  бағанасын толтырады.

2-ші тапсырма

(5 минут)

(зерттеу жұмысы)

 

 

 

 

Не білгім келеді? Кестені толтыру үшін топтық жұмыс жүргіземін. ( 3 топ)

Топтастыру

3 минут ішінде әр топқа көнерген сөздер ережесін толқылауды тапсырамын

Әр топтың аргументын тыңдап, енің көмегіммен тақтада көнерген сөздер туралы не білуіміз керектігін жоспарлаймыз.

а) көнерген сөздер қазақ тілінің қай саласына  жатады?

б) қолдану аясы

с)  көнерген сөздердің түрлері

 

Топқа бөлінеді.

 

Зерттеу жұмысын жүргізеді.

Кестенің 2-ші бетін толтыруға мәліметтер береді.

3-ші тапсырма

Терме диктант

(10 мин)

 

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Тақтада берілген мәтіннен көнерген сөздерді теріп жазуды тапсырамын.

Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйыраған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Үстеріндегі зере сахыттары, бастарындағы дулыға  жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардыңқолынан шыққандай

Оқушының  іс-әрекеті

Көнерген сөздерді тауып, дәптерлеріне жазады. жауаптарын  дәлелдейді

4-ші тапсырма

«1 адым» ойыны

(5 минут)

  Тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін 3 оқушыны ортаға шығарып жаттығу орындатқызамын.

Мен сөздерді айтамын. Егер көнерген сөз болса 1 адым алға жасайды, болмаса 1 адым артқа жасайды.

 Үлгерімі орташадан төмен 3 оқушы ортаға шығады, қалғандары бақылайды, түзетулер енгізеді.
Деңгейлік тапсырма

(10 минут)

Деңгейлік тапсырма үлестіремін.

 

I деңгей -зерттеу жұмысы

Көнерген сөз мағынасы сөйлем
     

II деңгей- семантикалық карта толтыру

түрлері мысал
   

III деңгей- түртіп алу

Мақалдың ішінен көнерген сөзді табу.1.            Өзге елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол.2.            Білсе-барымта,Білмесе- сырымта.3.Иілген басты қылыш кеспес.4. Балық суында патша, жігіт елінде патша.

1 деңгей 2 оқушы

2 деңгей 2 оқушы

3 деңгей 2 оқушы

 

Қалғандары «ең биік мұнара» салады. Кім көп көнерген сөздер жазады, соның мұнарасы биік болып есептеледі.

Қорытындылау

Венн диаграмма

(5 мин)

тарихи сөздер мен архаизмдер сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын табуды тапсырамын.  Көнерген сөздер тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтап, ережені айтып, мысалмен дәлелдейді.
  Алған мәліметтер бойынша кестенің 3-ші бағанасын толтырамын.  Не білдім? Тақырып бойынша не түсінгендерін айтады.
 Бағалау   (5 мин) Мұғалімнің   іс-әрекеті Оқушының  іс-әрекеті
  Бағалау парағына сәйкес қорытынды баға шығарамын.

Үй тапсырмасына өткен тақырып бойынша эссе жазуды тапсырамын.

  бағалау парағына өз ұпайларын қояды.

Алған бағаларын күнделіктеріне қояды.

V Рефлексия (3 мин ) Мұғалімнің   іс-әрекеті Оқушының  іс-әрекеті
  Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.  Стикерге жазады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *