Екібастұз қаласы,
№25 қазақ қыздар гиммназиясының
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қадыров Нұрхат
«Анам, айым және мен» отбасылық сайысы
Мақсаты: Отбасылық ұйымшылдық, сыйластық, адамгершілік ізгіліктерін дәріптеп салауатты бәсекелестікке тәрбиелеу.
Өтілу орны: Спорт зал
Көрнекілік: плакатта жазылған «Анам,айым және мен» сайысына қош келіпсіздер!
Барысы: Музыка әуені естіліп тұрады. «Адай» күйі
Жүргізуші:
-Құрметті ата-аналар, оқушылар, көрермендер!Бүгінгі отбасылық іс-шара Қазақстанның тәуелсіздік күні мерекесіне арналмақ. «Анам, айым және мен » атты спорттық сайысына қош келіпсіздер! Бүгінгі сайыс отбасылар арасында өтпек.
І топ –Жүйріктер
ІІ топ-Алғырлар
ІІІ топ- Мергендер
Жүргізуші:
— Бүгінгі спорттық сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Мектеп директоры: Мұхаметжанова З.А
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қасымғалиева А.
3. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Накаева Т.Н
4. Ата-ана: Оспанова Т.Ж.
(Бағалау парағы, қарындаш, бағалау цифрлары алдарында қойылған)
Жүргізуші:
-Құрметті көрермендер, сайысты бастамас бұрын гимназиямыздың 6 «А» сынып оқушысы Жүсіпбаева Әселдің өнерін тамашалайық!
-Әселге рахметімізді айтып, қошемет көрсетейік.
Жүргізуші:
-Құрметті сайысқа қатысушылар, сайыс бағдарламасымен таныс болыңыздар:
«Кім жылдам?»сайысы
1-сайыс:Қап киіп, кубик тасымалдау
2-сайыс: Теннистың ракеткасымен допты түсіріп алмай жүгіру
3-сайыс: Секіртпемен секіру уақытқа (1 минутта секіру) (скакалка)
Жүргізуші: Дайын болсаңыздар сайысымызды бастайық. Сәттілік тілейміз!
Осымен сайысымыздың «Кім жылдам» бөлімі аяқталды. Қазылар алқасынан бірінші кезеңнің бағасын сұраймыз.
Рахмет. Келесі сайысымыз «Ептілер» деп аталады. Бағдарламасымен таныс болыңыздар.
«Ептілер» сайысы
4-сайыс: Допты аяқтың ортасынан қысып жүгіру. Қол белде. Кенгуру.
5-сайыс: Кішкентай қапты басына қойып жүгіру және есеп шығару
6-сайыс: Арнайы резеңке шармен секіру
7-сайыс: Баскетбол добымен кедергілерден өту
Жүргізуші: Ал, енді құрметті ойыншылар дайын болсаңыздар бастайық. НА СТАРТ, ВНИМАНИЕ, АЛҒА!!!!!
-Бұл сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз
Рахмет. Сайысымыздың ІІІ- ші кезеңі Капитандар сайысы. Топ капитандарын қошеметпен ортаға шақырамыз!
Топтар сайысы
8-сайыс: Капитандар сайысы: Себетке допты лақтыру (1 минутта)
9-сайыс
Сайысымыздың соңғы шешуші кезеңі «Арқан тартысу». Бұл бөлімде сайыскерлеріміз күш сынасады.
Жүргізуші:
— Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын марапаттауға әділқазы алқасын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
— Осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық сайысқа қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет. Бақытым да байлығым да денсаулық демекші сіздерге зор денсаулық тілейміз. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қолдаңыздар! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!