Басы » Бастауыш сыныптар » Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны

Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны

 Балқаш қаласы

 Қарағанды облысы

Жалпы білім  беретін №9 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Салимбаева Сауле Какитаевна 

Сабақтың тақырыбы:     Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны

Сабақтың мақсаты:  1. Бір, екі таңбалы сандар  ұғымдарын кеңейте отырып, есептердің әр түрін құру және шығару тапсырмаларын еске түсіре отырып,  есептер шығару, 100 санын таныстыру

                     2.   Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып,алған білімдерін одан әрі дамыту

                  ой — өрістерін кеңейту;

3. Сауаттылыққа, жылдам әрі дұрыс есептеуге,  дұрыс ойлай білуге үйрете отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:   түсіндірмелі, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекілігі:   суреттер

Қосымша материалдар:   дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:        1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды сабаққа дайындау.

Өткенді пысықтап, үй тапсырмасын тексеру

2. Жаңа сабақ:

Карточкалармен жұмыс: берілген сандарды оқытып, жіктеп айту, жазу

3. Кітаппен жұмыс:

№1 есеп: Берілген тапсырма бойынша жолақшаны саната отырып, 100 санымен таныстыру

 

— Суретте неше жолақша бар? Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?

— Суретте барлығы неше шаршы бар?

— Он шаршыдан 10 рет алсақ 100 шаршы болады.

— Бұл бір жүздікті білдіреді. Жүз саны былай жазылады – 100.

— Жүздіктер құрамы 100-ден бастап, 999-ға дейін.

 

— Суретте неше жасыл жолақша бар? Көк шаршы нешеу? Барлығы неше шаршы?

— Бұлар былай оқылады:  1 онд.   4 бірл. Ол былай жазылады: 14  және 1 онд.  6 онд. Жазылуы: 16

4. Тақтамен  жұмыс:

№2 есеп:

18 = … онд.  …бірл.                    4 онд.  5 бірл. =

24 = … онд.  … бірл.                   6 онд.  1 бірл. =

37 = … онд.  …бірл.                    8 онд.  3 бірл. =

5. Сергіту сәті: бой жазу жаттығулары

№3 есеп:

Кестені толтырып жазу: (плакат пайдалану)

Ондықтар

Бірліктер

Оқылуы

Жазылуы

1

1

Он бір

11

1

2

1

3

1

9

2

0

№4 есеп Есепті оқып талдап,  шығару.

Дулат10 дәптер        Ш: 10 – 3 = 7                         Самат – 7 дәптер            Ш: 7+3 = 10

Самат — ? 3кем              Ж: 7 дәптер                           Дулат — ? 3 артық            Ж: 10 дәптер

5. Жұптық  жұмыс:  «Логикалық тапсырма»

Берілген тапсырманы жұптаса отырып, шешуін табу. Жауабы: 3доңғалақты – 1, екі доңғалақты – 3.

  6. Бекіту:

1. Дидактикалық материалдармен  жұмыс

2. «Кім жылдам?!» ойыны арқылы сабақты қорытындылау:  сандарды тура және кері санату, ондықтарды санату. Жүз санына байланысты мысалдар келтірту (мысалы: 100,  200,  300 т.б.)

Бағалау:

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау

9. Үйге тапсырма:  №5 есеп  (7-бет)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *