Басы » Tәрбие сағаттары » Менің Қазақстаным-менің болашағым

Менің Қазақстаным-менің болашағым

Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым

 Мақсаты:     Оқушыларға еліміздің Ата Заңын білуге, өз құқығын білуге үйрету.  Елін, жерін сүюге, Ата Заңын қастерлеуге, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын  қыздарды тәрбиелеу.

 

Дамытушылық:    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен

таныстыра отырып, оқушылардың білімін дамыту, интербелсенді тақта арқылы ойлау қабілетін, сөйлеу әрекетін дамыту.

 

Тәрбиелік:   Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, өз Отанының мемлекеттік  рәміздерін білуге, қадірлеуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұйымшылдыққа  патриоттыққа баулу.

 

Көрнекілік құралдар:    Интербелсенді тақтадағы слайд (Қазақстан Республикасының рәміздері, Ата Заң-Конституция)

    І. Ұйымдастыру кезеңі.   

Оқушылармен сәлемдесу. Тәрбие сағатының тақырыбы, кезеңдерімен таныстыру.

 Жүргізуші:Барлықтарыңызды ел тарихындағы елеулі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Сабақ Әнұранды айтумен басталады.

 Жүргізуші:   Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет болып дамып келеді. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, өзінің мемлекеттігін қабылдады. 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданған, биыл 14 жыл толып отыр.

 

Жүргізуші: Елбасы ұсынып, халық қолдаған Ата Заңымыз Қазақстанға дамудың сара жолын айқындап, еліміздің түрлі салалардағы қазіргі жетістіктерінің, қоғамдағы  әлеуметтік — экономикалық және саяси үрдістердің күретамырына айналды.

Конституция – әрбір қазақстандықтың құқылары мен бостандықтарының кепілі. Ата Заңымызда бекітілген нормалардың арқасында біз азаматтық қоғамды дамытуға және демократиялық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік алдық.

Аталмыш мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық,  отбасыларыңызға бақ-береке, туған жерімізге бейбітшілік пен гүлдену тілейміз!

Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігін куәландыратын және ел ішіндегі қоғамдық өмірдің барлық қатынастарын реттейтін басты құжат.

     Жүргізуші: Рахметжанова Айнұр. Баяндама

Қазақстан Конституциясы — тәуелсіз Қазақстан Республикасының ата заңы.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымда мемлекеттік байрағы, елтаңба, 11 желтоқсанда әнұрандің жаңа мәтіні бекітілген. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңестің депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді

 

      Жүргізуші: -Ал енді мемлекеттік рәміздерді білесіңдер ме, соны байқайық. Мына белгілерді атап бере аласыңдар ма?

Елтаңба.   Елтаңба елдігімнің ерлігі

Жарқырап түндіктен көрінеді шуағы

Жұлдызы нұр шашып аспанға,

Бірліктің, беріктіктің белгісі боп тұрады.

Көк байрақ.   Көк туым, аспанда сен шарықташы,

Желбіреуден сен енді, жалықпашы

Жаңғарған Әнұран үніменен

Нық тұрып, сен аспанда қалықташы!

Әнұран.    Жаңғырған әнұран, сен туым болшы,

Жаңғырған әнұран, сен елім болшы.

Жаңғырған әнұран, сен мақтаныш боп,

Жаңғырған әнұран, сен елімнің бағы болшы!

Конституция.    30 тамызда Ата Заңымыз-Конституцияны қабылдаған күн.

Конституция дегеніміз-Ата Заң тәуелсіздіктің, дербестіктің

белгісі. Ата Заңда сол мемлекетте тұратын азаматтардың

құқықтары мен міндеттері белгіленеді.  Конституция

ІХ бөлімнен, 98 баптан тұрады. ІҮ тарау, 9-бап: ҚР-ның

Мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар.

Олардың сипаттамасы  және ресми пайдалану тәртібі

Конституциялық заңмен белгіленеді. 34-бап: Әркім Респ.-ң

Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиісті.

Ата-Заң бойынша мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып                табылады.

Басқа тілді білген жақсы, бірақ өз тілін қадірлеу керек.

Ақын Қ. Мырзалиев ағамыздың:     Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

Жүргізуші: «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап

  1. Қ.Р.-ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
  2. Жаңа Әнұран қай кезде шырқалды? (11 қаңтар 2006 ж)
  3. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
  4. 25 қазан қандай күн? ( Республика күні)
  5. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата (еліміздің байрағы,елтаңбасы,әнұран)
  6. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған? (Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
  7. Қ.Р.-ң тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
  8. Қ.Р.-ң Елбасын соңғы рет қай жылы сайладық? (04.12.2005)

    9. Жаңа Әнұранның әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)

10. Қ.Р.-ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (16.12.1991)

11. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)

12. 9 Мамыр қандай үн? (Жеңіс күні)

      Жүргізуші: Мағынаны таны! Ой-толғау.

  «Менің Қазақстаным-менің болашағым»

Жүргізуші: Конституция — әлеуетті міндеттер мен алдағы табыстарды иеленудің алтын кілті. Сондықтан Заңмен өмір сүріп, оған құрмет көрсету әрбір азаматтың парызы.

Біз әрқашан болашақтан үміт күткен, арманды серік еткен халықпыз. Сол арман-мұраттарға еткен еңбекпен және маңдай терімізбен жете аламыз. Оған халқымыздың ерік-жігері мен рухы жетерлік екеніне сенімдімін.

Мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақыт-береке, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз. Сау-болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *