«Мектепке дейінгі шағын орталықты Қаратал орта мектебі» КММ-ң
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
8 сынып жетекшісі
Тұрсынқұлова Сәуле Лесқызы
Тақырыбы: ЖЕЛТОҚСАНДА ШЫНДЫҚ ЖЫРЫН ЖЫРЛАЙМЫН ДЕП ШАРҚ ҰРДЫҢ…
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстаның болашағын құрайтын жастарды, шәкірттерді дүниені дүр сілкіндірген Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі мен оның себеп-сипатымен таныстыру. Қалыптасып қалған әкімшіл-әміршіл тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін баян ету.
Тәрбиелік Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға жерін қорғауға тәрбиелеу. Тәуелсіздікті қадірлей білуге шақыру.
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы:
ҚР Ән ұраны орындалады.
Кіріспе сөз.Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама!
Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!
Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.
Бір минуттық үнсіздік жарияланады. (осы кезде АКТ-дан сағаттың дыбысы естіліп тұрады)
1-ші бейне баян көрсетіледі.
Мұғалім сөзі:
Балалар осы бейне баяннан не көрдіңдер? Желтоқсан оқиғасы жайында не айтасыңдар? Еркін түрде ойларыңды ортаға салып отырыңдар.
Оқушылар ойы тыңдалады.
Мектеп кітапханашысының баяндамасы тыңдалады.
2- ші бейне баян көрсетіледі.
Мұғалім сөзі:
Ал, балалар мына бейне баяннан не көрдіңіздер? Сол күнгі алаңға шыққан жастардың ойы неде болды? Олар тағдыр сондай азап күтіп тұрғанын білді ме?
Оқушылар ойы тыңдалады.
Ендігі кезекте оқушылардың бүгінгі жиынға арнайы дайындап әкелген баяндамаларын тыңдасақ.
Оқушылар Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова және Ербол Сыпатаевтар жайында баян етеді.
Баяндамалар талқыланады. Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Мұғалім сөзі:
Балалар, бүгінгі дөңгелек үстел жиналысының да аяқталуына санаулы минуттар қалды. Енді жиын соңын Отанға, туған елге деген жүрек жарды сөздеріңізбен түйіндесеңіздер.
Қортындылау: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңмен еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев.) Елім, отаным деген сезімдеріңіз ешуақытта сөнбесін атамекеннің жас ұландары.
Міне, ата-бабамыз сан жылдар аңсаған ұлы Тәуелсіздігіміз оңалйқпен келмегендігіне куә боп отырсыңдар. Қазірде егеменді ел болып, туымыз көкте самғап, қазақ елін бүкіл ел танып отырған шақта ылайым біздің Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Тәуелсіздік -елімнің шамшырағы,
Тәуелсіздік-халқымның бәйге пырағы
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан
Шырағы мен пырағының тұрағы.
дей сонымен бірге жас мемлекетіміз қазақ елінің мәртебесі биік болып жасай берсін деп «Жаса,Қазақстан» әнімен бүгінгі сынып сағатын аяқтаймыз.