Тапсырма 1. Тапсырмада 40 сұрақ бар, олардың әрбіреуіне 4 жауап нұсқасы ұсынылған. Әрбір сұраққа ең толық әрі дұрыс деп санаған тек бір ғана жауапты таңдаңыз. Таңдалған жауап индексінің жанына «+» белгісін қойыңыз. Өзгерткен жағдайда «+» белгісі қайта қойылуы қажет.
1. Дәндерде қор жинаушы қызметін атқаратын ұлпа:
а) жабын;
б) өткізгіш;
в) негізгі;
г) түзуші.
2. Өркеннің қосалқы бүршіктері орналасуы мүмкін:
а) жапырақта немесе жапырақ қолтығында;
б) жапырақта және буынаралығында;
в) жапырақта және өркеннің төбесінде;
г) өркеннің төбесінде және жапырақ қолтығында.
3. Металлургияда, пиротехника мен медицинада ертеректе споралары қолданылды:
а) папоротниктердің;
б) мүктердің;
в) қырықбуындардың;
г) плаундардың.
4. Піскен алманың үгілуі немен түсіндіріледі:
а) жасуша бөлігінің бұзылуымен;
б) пісу барысында жасуша аралықтарының пайда болуымен;
в) жасуша өсуінің тоқтауымен;
г) жасуша аралық заттың бұзылуымен.
5. Гельминттер деп аталады:
а) барлық құрттар;
б) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін барлық құрттар;
в) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін тек жалпақ құрттар;
г) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін тек жұмыр құрттар.
6. Былқылдақденелілерде қан зат алмасудың қалдық өнімдерінен тазарады:
а) жүректе;
б) бауырда;
в) бүйректе;
г) қарында.
7. Өрмекшітәрізділердің аяғының екінші жұбы:
а) антеннулалар;
б) мандибулалар;
в) хелицерлер;
г) педипальпалар.
8. Қандағы глюкозаның бауырдағы гликогенге айналуын ынталандыратын гормон:
а) адреналин;
б) глюкагон;
в) инсулин;
г) окситоцин.
9. Ішекқуыстыларда асқорыту қалдықтары не арқылы шығарылады:
а) несеп ағар арқылы;
б) дене тесіктері арқылы;
в) аналь тесігі арқылы;
г) ауыз қуысы арқылы.
10. Сиыр цепенінің жүйке жүйесі:
а) диффузды;
б) жүйке тізбегі түрінде;
в) жүйке бағаналарымен берілген;
г) жүйке түтігі түрінде.
11. Антиденелер түзіледі:
а) барлық лимфоциттермен;
б) Т-лимфоциттермен;
в) В-лимфоциттермен;
г) фагоциттермен.
12. Көз алмасында жарық оның келесі элементтері арқылы біртіндеп өтеді:
а) қасаң қабық – көз бұршағы — қарашық — алдыңғы камера – шыны тәрізді дене — торлы қабық;
б) қасаң қабық — алдыңғы камера — қарашық — көз бұршағы — шыны тәрізді дене – торлы қабық;
в) қасаң қабық — алдыңғы камера — көз бұршағы — қарашық — шыны тәрізді дене — торлы қабық;
г) қасаң қабық — қарашық — көз бұршағы — алдыңғы камера — шыны тәрізді дене — торлы қабық.
13. Сүтқоректілерде салатамыр қаны көтамырлар арқылы, ал көктамыр қаны салатамырлар арқылы ағады:
а) үлкен қанайналым шеңберінде
б) кіші қанайналым шеңберінде
в) бауырдың қақпа жүйесінде
г) экстрасистолалы қанайналымда, қан жүрек қарыншасынан құлақшаларға құйыла бастағанда.
14. Метаморфозбен даму тән:
а) құстарға
б) бауырымен жорғалаушыларға
в) сүтқоректілерге
г) қосмекенділерге
15. Қарапайымдылардың жиырылғыш вакуолі қамтамасыз етеді:
а) осмос қысымын реттеуді;
б) зат алмасу өнімдерін бөліп шығаруды;
в) тыныс алуды;
г) барлық үш қызметті де.
7. Суреттерге сәйкес келетін атауларды таңдаңыздар.
1.Қауырсынды – шеткі. 2. Доғалы. 3. Саусақ салалы – ілмек тәрізді. 4. Қауырсынды – ілмек тәрізді. 5. Саусақ салалы – шеткі. 6. Саусақ салалы – торлы. 7. Параллельді. 8. Қауырсынды – торлы.
6. Сіз келесі дәйектемелермен келісесіз бе. (Иә, Жоқ)
1. Прокариоттардың көпшілігі гетеротрофтар, ал олардың бір бөлігі – адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалардың паразиттері.
- Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ.
- Жоғары сатыдағы өсімдіктерге актиномицеттер, фикомицеттер және оомицеттер жатады.
- Қызғалдақтың жемісі жидек.
- Цитоплазма протопласттың жалғыз ғана тірі әрі белсенді органоиды болып табылады.
- Құстардың зат алмасуы бауырымен жорғалаушылармен салыстырғанда қарқындырақ жүреді.
- Саңырауқұлақтар әрқашан жарықтан «қашады».
- Плаун тәрізділер бөлімі ағаш және шөптесін түрлермен кеңінен берілген.
- Гигрофиттер – шамадан тыс ылғалды жерлердің өсімдіктері.
- Су өсімдікке ең алдымен топырақ арқылы әсер етеді.
- Қызанның отаны Орталық Африка болып табылады.
- Сәбіз – біржылдық өсімдік.
- Қырыққабат көбелегі гүл шырынымен қоректенеді.
- Балықтардың танау қуысы ауыз жұтқыншақ арқылы бірікпейді.
- Дизентерия амебасы адам бауырының жасушаларында тоғышарлық етеді.
5. Cөйлемді аяқта.
Эволюция заңдылықтарын анықтау үшін қазба өсімдіктерді, олардың құрылысын, систематикасы мен географиясын, өткен геологиялық кезеңдердегі тіршілігін зерттейтін ғылым . . . деп аталады
- Ұрық түбірінен дамитын тамыр әдетте топырақта тік орналасады, төменгі жағымен топырақтың төменгі қабатына тереңдей отырып аталады. . .
- Бір – біріне қабысып жатқан жапырақ бастамалары бар сабақтың төбесі аталады…
- Көпшілік саңырауқұлақтардың денесін құрайтын жіптер аталады . . .
- Құрғақ жерлердің өсімдіктері немесе сумен қамтамасыз етілсе де, төменгі температурасы немесе құрамында тұзы мол болуы себепті сіңбейтін сулы жерлердің өсімдіктері аталады. . .
- Солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылатын қына түрі аталады . . .
- Ие денесіне енген балдыр иесінің есебінен қоректеніп, ақыр соңында ие ағзасының жеке бөліктерінің өлуіне немесе оның толық тіршілігін жоюына әкеліп соғатын балдырлардың бірлесіп тіршілік ету түрі аталады . . .
- Прокариоттардың ядролық аппараты әдетте аталады . . .
- Миксобактериялар жасушалары таяқшы пішінді және бөліну арқылы жылдам көбейеді де, кілегейлі колониялар түзеді — …
- Көптеген балдырларда, жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты плазмолеммадан сыртта орналасады . . .
- Балдыр жасушаларында органеллалардан ерекше байқалады …
- Ағзаның қатерлі ісік жасушаларымен күресуі жүзеге асады: ….
- Омыртқалыларға дене қуысы тән: …….
- Гавиалдың жүрегі …………
- Саңырауқұлақтардың қор заты ……..
как можно найти ответы?
Жауабын өзіңіз табасыз, астына пікір ретінде жазуыңызға болады.
Жауабы керек еді срочно
Жауабы онайгой билсен мен белгилеп койдим .