№25 қазақ қыздар гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Адилова Еркем Алдонғарқызы
Мақсаты:
- Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы түсінік беру.
- Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, аялауға, сақтауға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыруға үйрету.
- Балалардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Бесік, ақ дастархан.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Нәрестенің анасы, оның енесі және шешесі шымылдық ашылғанда киіз үйдің ішінде отырады. Келін үй шаруасымен айналысып жүреді, екі құдағи әңгімелесіп отырады. Сол үйдің екі баласы төрде ойнап отырады.
Ене: Немеренің бесік тойына ауылдың жақын адамдарын шақырып отырмын, құдағи. Дүниеге ұл келді. Ата-бабадан қалған дәстүрді жастар көрсін, үйренсін, әрі қарай жалғастырса деймін, ішінде болып, тойды көріңіз. Құдағи /келіннің шешесі/: Е, дұрыс екен, құдағи жастарға бұл асыл мұраны біз үйретпегенде кім үйретеді. Осы кезде даладан айтылған ән естілді, үйге ақ әже бастаған ауылдың қыз-келіншектері, немерелері кіреді. Ақ әже шашу шашады, кіргендер той құтты болсын айтысып, әкелген сыйлықтарын табыстап жайғасып отырады.
Жүргізуші: Ата-бабамыздан қалған тамаша да асыл дәстүрлердің бірі – бесік тойы. Дүниеге келген сәби бір үйелеменнің ғана бақыты емес, бүкіл ауылдың қуанышы. Жас ұрпақты осы дәстүрлерге баули отырып, тәрбиелеу осы отырған баршамыздың міндетіміз. Ендеше осындай той біздің ұжымның ұйымдастыруымен қалай өткенін тамашалайық.
Ал, қане, қандай той ауылдың алты ауызынсыз, әнсіз өткен? Ән бастайық! “Тобылғы сай” әні айтылады.
Келіннің шешесі: Құдағи, жұртты көп күттірмей алдымен баланы бесікке салу рәсімін жасайық, сонан соң тойды әрі қарай жалғастыра берер.
Ене: Онда жарайды, жол өзіңіздікі құдағи, екі білекті сыбанып іске кірісіңіз. Келіннің шешесі: Сізге немере болса, маған туған жиен, ендеше той өзіміздікі. Бесікке елге сыйлы, ұлын ұяға, қызын қияға ұшырғаи үбірлі-шүбірлі ақ әже салсын.
Ақ әже: Рахмет, қарақтарым, өмірлі болыңдар. Сендерді алла сыйласын, балаларың бақытты болсын!
Жүргізуші: Бұрын қазақ халқы көшіп-қонып малмен күн көрген. Сондай кезде бесікке салынған бала шаруа істеп жүрген анаға қол байлау болмай, әрі таза, әрі құрғақ калпында ұйықтайтын. Бесік баланы оттан да, судан да аман сақтайтын. Қазір медицина ғылымы да бесіктің пайдасы зор, еш зияны жоқ екеніін мойындап отыр. Ендеше жастар балаларымызды бесікке салайық. Ақ әже, бар ынтамыз сізде. Осы кезде бесікке салу рәсімі басталады. Бесікке салу аяқтала бергенде “тышты-тышты тыштырма, қашты-қашты” жасалады, ене жолын беріп, бесікті алып қалады. Келіннің шешесі 9 түрлі киімді бесікке жабады.
Ене: Айналайын балашым, Ағатайың тәтеңде.
Аман болсын анашың. Өзің тәтті балдай бол
Аман болсын әкеңде, Өсіп-өсіп таудай бол!
— деп бата береді де бесікті келіннің алдына қояды. Келін баланы тербетіп отырып ұйықтатады. “Әй-әй бөпем” деген ән айтылады.
Жүргізуші: Сөзден сөз, өлеңнен шырқамасақ, қандай көңіл көтеру?
Ене: Ал, қүдағи, тойбастаңыз!
Келіннің шешесі:
Баста десең тойды мен бастайын, Сұрағаның біздерден өлең болса,
Екі шашбау артыма тең тастайын. Өлең айту жағынан мен қашпаймын,
“Қоғала – ай” әнінің әуенімен айтылады.
Ақ әже: Әлгі менің немерелерім де ән, би дайындап жүр еді, қане ұяламаңдар, көрсетіңдер өнерлеріңді.
Жүргізуші: Ендеше кезекті балаларға берейік. Ақ әженің немересі “Қошақаным” әнін орындайды. Сонан соң балалар кезекпен тақпақ айтады.
1-бала: “Әлди-әлди”, ақ бөпем, Жілік шағып берейін,
Ақ бесікке жат, бөпем! Байқұттының құйрығын
Жылама, бөпем, жылама, Жіпке тағып берейін.
2-бала: Бақыт құсы қонған, Атаң атын байлаған,
Құтты тойлар болған. Осы алтын ордаң.
3-бала: Жақсы болып ер жетсе, Бағы ашылып анасы,
Балапаны бөпесі. Көкке тиер төбесі.
4-бала: Қарап алшы інім, Ұмытылмас үнің,
Айналаңа бүгін. Осы туған үйің.
Қыздар ”Қыздар биін” билеп, ”Анашым” әнін орындайды.
Жүргізуші: Тойдың сәні ұлттық ойын, өлең күлкі емес пе. Ендеше ойын
ұйымдастырайық.
“Жайлауда” деген ойын ойналады.
Жүргізуші: Енді жігіттер биіне назар аударайық.
¥л балалар “Қос-алқа” биін билейді, балалардың орындауында “Достық” әні хормен айтылады.
Жүргізуші: Ал,қонақтар, айтысқа жол берелік.
Екі бала қосылып:
Кел екеуіміз домбырамен Бекер қарап отырғанша
Бесік жырға қосылайық. Ән салайық тойға ылайық. (Бұдан соң қыз бен бала айтысы басталады.)
Бала: Менің атым сұрасаң Қуанышпын,
Малға кедей болсам да әнге баймын.
Қыз: Өнерде айтыс жақсы дегенмен,
Бұл өмірдің қызығы ойнап күлген теңімен.
Бала: Серке сұлу көрінер қырқылмаған ой-хой,
Бір мінез бар қыздарда қыңқылдаған.
Қыз: Бір ағашта екі алма, мен алған сен алма.
Көрші ауылда той болса, мен барғанда сен қалма.
Бала: Қыздың аты қыз емес, қызыл қыршын,
Айтысатын менімен түрің құрсын.
Қыз: Өлең айтсам қашанда, бүлкілдейді көмекей,
Өлең айтып шаршадық, қазы – қарта қанекей!
Айтыс аяқтала бере келіннің шешесі ақ әжеге бесікке салардың жолын береді.
Жастар “Тамаша” деген ән орындайды.
Ене: Ал онда біз дәмге жақындайық. Балалар қонақтардың, ақ әженің қолына су құйыңдар. Қолға су құйылады. Қол сүртіліп жатқа “Кетті-кетті орамал” ойнында айтылатын мақалдарды балалар кезекпен айтып шығады.
Болар бала бесігінде бұлқынар, болар құлын желінінде жұлқынар.
Есікте орын болса, төрге озба.
Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Малды баққан өсірер, баланы тапқан өсірер.
Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады.
Ата балаға сыншы.
Жүргізуші: Енді балалар, жастар далаға шығып “Ақ сүйек” ойынын ойнаймыз – дейді.