Басы » Cыныптан тыс » Қонақ деп кімді айтады?

Қонақ деп кімді айтады?

                       Қонақ деп кімді айтады?


Үйге келген мейманды – қонақ деп атайды. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы бойынша үйге келген адам ішке баса көктеп кірмейді, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келген қонаққа үй иесі қонақасы береді. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады. Үй иесі болмаса келген қонақ ұсынылған астан дәм татқан соң басқа, үй иесі бар отбасына барып түнейді. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады.
Олар кетерде үй иесі есікті ашып, шығарып салса,бұл қонақтарды қуған болып саналады.
 Қонақ күту әдебі
 Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.
Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған.
Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.
 
                                                Қонақжайлылықтың негізгі белгілері
Адамдардың арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты білдіретін,үй иесінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын ұлттық салт-дәстүріміз – қонақжай ылықтың негізгі белгілері бар. Олар: адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, құрметпен қарсы алып, достық ықылас көрсету, адал ас-дәмін ұсыну.
Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиеті мен дәстүрі қай заманда да шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қалдырғаны тарихта жазылып қалған ақиқат. Этнографтардың, көнекөз қариялардың айтуынша, дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі «енші». Қасиетті қазақ даласындағы кез-келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, шөлін қандырып, тынығып алуына құдайы қонақ ретінде қақысы бар. Ал әрбір үй қонақты ақ пейілімен қарсы алып, сыйлап, құрметтеп шығарып салуға тиісті. Бұл – қазақ даласында ежелден келе жатқан моральдық – этикалық қалып, қазақ тұрмысының айнымас шарты.
                                                                                                      Қонақтың түрлері
Қазақ халқы қонақтарды:
Арнайы қонақ. Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көр ші-көлем, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.
Құдайы қонақ. Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.
Қыдырма қонақ . Үйден-үйді, ауылдан-аул- ды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.
Қылқыма қонақ.  Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
Құтты қонақ.  Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
Ерулікті қонақ.  Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атаған.
                                                           Қонаққа шақыру, қонақ болу

Қонақжайлылық, қонаққа шақыру – өзіңдегі несібе, ризықпен бөлісу, қолыңнан келген құрметті, бақытты қайтарымсыз сыйлау. Бұл іс екі жақтың арасындағы татулықты нығайтады. Пейілі ақ әрі кең адамдардан ғана қонақжайлылықты күтуге болады. Қазақ – «қонақпенен бірге құт келеді», – деп ойлаған, соған сенген халық. Біздің ата-бабаларымыз, әке-шешелеріміз қонаққа шақыруды да, оларды күтуді де, өздері қонаққа баруды да әрі жақсы көрген, әрі қызық, қуаныш санаған.
Қонақтың орыны – қашанда үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (шаңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сырмақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті. Өйткені ол  – көргенсіздік болып саналады.
Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұмысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті.
Қазақтар ұл-қыздарына қонақ күту әдебін жас кезінен бастап үйреткен. Оны жырға қосып үнемі айтып отыратындықтан, қонақжайлылық балаларының жас кезінен-ақ сана-сезіміне сіңіп, жүрегінен орын алған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *