Басы » Tәрбие сағаттары » Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады

Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады

Екібастұз қаласы
№25 қазақ қыздар гимназиясы
ЕЛікбаева Әлия
Тәрбие сағатының тақырыбы:  Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады
Сабақтың мақсаты:  1. Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау
үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.
2. Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең
қалыптасуына жол ашу.
Сабақтың міндеттері: 1. Әр оқушының ой-пікірін тыңдай отырып,
талдау жасау.
2. Дискуссиялық тақырыптардың, сұрақтардың
мәнін ашу.
3. Оқушылардың бейбітшілік тақырыбына арнаған
шығармашылық жұмысын тыңдау.
Сабақ көрнекілігі: Ұран сөздер, кітаптар, суреттер.
Сабақтың түрі: Пікір алмасу (пікірталас) сабағы.
Сұрақтары:

“Бейбітшілік”, “бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, қандай ұғымдар?
Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің?
Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай?
Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы.
Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма?
«Рухы – ер,
Тәні – бекем ,
Тірліктен де артық көрген бірлікті
Бұл бір қайсар халық екен», — деп ақын жырларында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз.
Бейбітшілік – адамзат ғұмырының мәнді де сәнді кезеңі.
Бастаушы: Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған,
Бөлініп қонған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған?!
Оқушылар:  1. Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира.Көз алартқан жаудың,
қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз
бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған.
2. Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты,
туыстықты, бірлікті қалыптастырған.
3. Қазақта, тіпті  “көршіңмен де тату бол ” деген сөз бар.
Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағандықтан
айтылған.
Бастаушы:       Бағынып бірақ қалмаған,
Тәуелсіз қайран жан далам!
Жер бар ма жалпақ төсінде
Қасірет жасы тамбаған?!
Оқушылар:  1. Кең даламыз – талай төгілген қанның, аққан жастың куәсі.
2. Қасіретті соғыстар қанша шаңырақты ортасына түсіріп,
қанша отты өшірді.
3. Семей полигоны – сынақ Ордасы. 1949 жылдан бастап
қазақ халқы ядролық қарудың қылышының астына түсті.
Сандаған тағдырлар сұм саясаттың құрбанына айналды.
4. 1990 жылдың 22 мамырында ғана “Семей облысындағы
ядролық полигон туралы ” қаулы қабылданды.
Бастаушы:         Жауына қатты қасарған,
                             Қасарған сайын жасарған.
Найзамен
Нағыз қазақтың
Намысын кімдер баса алған?!
Оқушылар:    1. Ұрпағының бейбіт өмірі, тәтті ұйқысын бұзған ХХ
ғасырдың атомдық-ядролық қарулар саясатына адамзат
қарсылық айтуда, күресу жолында.
2. Халық бейбіт өмір үшін күреседі. Соғыс, террорлық
әрекет – біздер үшін жат, сорақы іс.
3. Ирак – Америка арасында өткен соғыс зардабынан
қаншама жанұя зардап шекті. Қалалар, тарихи
ғимараттар қирады.
4. Еліміз егемендік алып, әлемге танылу кезеңінде
бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің біріге отырып,
ұлт, ұрпақ санасында берік орын алуы қажет.
ІІ. Әр оқушы бейбітшілік, бірлік, татулық жайлы мақал – мәтелдер, өлең  жолдарын оқиды. Әрі өздерінің шығармашылығынан үзінділерді жатқа айтады.
Бастаушы:             Сендердікі — өмір, қоғам, заман да,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын Адамға.
Бәріміз де бейбітшілікті қорғайық, қолдайық!
Сонда ғана сәнді өмір, мәнді тірлік болады.
Топтың біріге отырып орындауында  “Ақ көгершін” әні.
Қорытынды: Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады.
Оқушылар бейбітшілікті қолдайды!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *