№25 қазақ қыздар гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Шаланова Г.Т.
Сабақтың тақырыбы:Кері есептер шығару
Сабақтың мақсаты:Кері есептердің өзара байланысын анықтау,логикалық ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі:Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі:Дамыта оқыту.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқу құралдарын дайындау,түгелдеу
2.Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
II.”Миға шабуыл” ойыны
1.10 см-де неше дм бар?
2.Геометриялық фигураларды ата.
3.Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданылады?
4.Заттарды бөліп алуға қандай амал қолданылады?
5.Қосудың азайтудың компоненттерін ата
ІІІ. Кесте толтыру
+3 +4 — 5
23 14 18
34 21 29
16 61 37
54 72 46
65 90 39
80 24 88
ІҮ. Математикалық диктант : 87 ,55, 95,25, 36, 50, 17
Ү.Жаңа сабақ беру:Кері есептерді шығару
№1 Оқушылар оқиды,шешуін, жауабын тақтаға жазады.
А)Болғаны-35 кг және 10 кг ә)Болғаны-35 кг және 10 кг
Сатылды-? Сатылды-20 кг
Қалды-25 кг Қалды-? кг
Б)Болғаны-? және 10 кг в)Болғаны-35 кг және ? кг
Сатылды-20 кг Сатылды-20 кг
Қалды-25 кг Қалды-25 кг
Ұқсастығы: мазмұны, қияр мен қызанақ
Айырмашылығы:шарты,сұрағы,шешуі,жауабы
Бұл есептердің бір-бірімен қандай байланысы бар?
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қандай?
ҮІ.Сергіту сәті:Тербелейді ағаштар, жел соғады алдымнан
Кіп-кішкентай ағаштар үп-үлкен боп өседі.
ҮІІ. Кітаппен жұмыс
№3 Өрнек құрастыр және олардың мәнін тап.(өздік жұмыс)
№4 Теңдеу шешу (мәнін дұрыс тапсаң,мақал шығады)
ҮІІІ.Ауызша есептер
1.Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек, 1-уі жығылды, 1-уі тығылды.Қалғаны неше үйрек?
2. 10 асықтың 3-уін досың сұрап алды, айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалды?
3.Тал басында тізіліп, 10 жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп,ұшып кетті біреуі,
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
4.Екі ешкінің мүйізі нешеу?
5.Екі аяғымен тұрған иттің салмағы 3 кг, тқрт аяқпен тұрған иттің салмағы қанша?
ІХ.Жаңа сабақты бекіту: Тест сұрақтары. Бағалау.
Х.Үй тапсырмасы: №5,6
[bws_related_posts]