СҚО, Аққайың ауданы «Власовка орта мектебі»КММ
Жантлесова Марал Уразылевна
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлар. Сын есім
Сабақтың мақсаты: Үй жануарларды еске түсіріп, олардың пайдасы жайында айта білуі тиіс.
Күтілетін нәтижесі: Жануарлар әлемін еске түісіріп, үй жануарлары жайында не білетін және не білгенін айта алады. Жаңа сөздерге сұрақ қойып, сын есім сөзтабын анықтау, сын есімдерді сөйлемде қолдана ала біледі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру, топтастыру, интерактивті әдіс,
Сабақтың құралдары: инт.тақта, слайд суреттер, оқулық, ватман, карындаштар
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
I. А критериі бойынша берілетін тапсырмалар
Инт.тақтада жанарлардың суреттері бойынша жануарларды ажырату. Жануарларды екі бағанға бөліп айтады.
Дала жануарлар Үй жануарлар Сиыр, түйе, түлкі, қой, қасқыр, жылқы, аю, арыстан,
2. Тақтада жануарлардың пайдасы жайында ойландырту. Алдыңғы сыныпта үйренген сөздерді қайталап шығады. Сөздік: Төрт түлік мал — Төл атаулар — Жабайы аңдар —
— Мәтінмен жұмыс. Мәтінді дауыстап оқу, мәтінді аудару. Тізбектеп аударады, не жайында қысқаша айтады. Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді. Жабай жануарлар тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, жолбарыс, арыстан. жабайы жануарларды ешкім бақпайды. Олар өз қорегін өздері тауып жейді, өз беттерінше өседі. Төлдерін де өздері асырайды. Үй жануарлары: қой, ешкі, сиыр, жылқы. Үй жануарларын адамдар бағады. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Олар ет, сүт береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды.
Сұрақтарға жауап алу. Жауаптарды өзара толықтырады. — Балалар, мәтін не жайында? — Жануарлар қалай бөлінеді? — Олар қайда мекендейді? — Үй жануарлардың қандай пайдасы бар?
— Бағалау. II . В критериі бойынша тапсырмалар 1. Дәптермен жұмыс. — Мәтін бойынша жазба жұмысты орындату. Мәтіннен не? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз. Бір оқушы тақтада орындап жазады. Аю, қасқыр, түлкі, жолбарыс, арыстан. — топта отырып, өзара толықтырып, тексереді.
Септік жалғауды пысықтау. — Жұптық тапсырма. Жұпта отырып жануарлар атауларын септеу. — Өзара тесеру жұмымсын жүргізу.Бір-бірңе оқыту.
Мәтінен қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табу. Қандай? сұрағы бойынша сөз тіркестер құрастырту. Дәптерге жазу. Сын есім сөз табы б/ша білім беру.
Грамматикалық миниум. Сын есім — заттың сын-сипатын, көлемін, түсін білдіріп, қандай? қай сұрақтарға жауап береді. Қандай? сұраққа жауап берін жануарларды сипаттап жазу.
II. C критерий бойынша тапсырмалар. Шығармашылық тапсырма. Суретпен жұмыс. Әр үстелге жануарлардың суреті таратылып, ол жайында таныстырым жасау. Сын есімдерді қолдану. — Топтық тапсырма.
1 т оп — қой. 2 топ — түлкі — бағалау. |
Қорытынды:
— Балалар, сонымен қандай сабақпен таныстық? — Бұл тақырып бойынша алдында не білдік? Жаңадан не білдік? ИНСЕРТ стратегиясын толықтыру.
— Дауыстап оқу.
Үйге: Ережеңі жаттау. 1) Мәтінді оқу, мазмұн айтуға даярлану.
2) 107 бет, 5 жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып аяқтау. |
КРИТЕРИЙЛЕР:
Критерийлер |
Ең жоғарғы ұпай |
|
А |
Түсіну Тақырыпты түсіне отырып, сұрақтарға жауап бере білуі. Теориялық білімді меңгеруі. |
6 |
В |
Қолдану және талдау. Танысқан жаңа сөздермен өз сөйлемде қолдана білуі. Жаттығу жұмыстарын, талдауларды жасай білулері. |
6 |
С |
Жануарларды сипаттауда сын есімдерді қол |
8 |
[bws_related_posts]