Тақырыбы: « Болашақтағы- 5-сынып»
Буын сабақтастығы арқылы болашақ пән мұғалімдерімен кездесу
Мақсаты: Бастауыш мектепті бітірушілердің әрі қарайғы психологиялық дайындығын қамтамасыз ету,
баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешуге,
олардың оқуға деген қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.
Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, кестелер, сызбалар, ТҚЖ
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Пән мұғалімдерін қонақ ретінде қарсы алу /оқушыларға таныстыру/
2.Психологиялық тренинг « Таныстыру»
Балалар өздерін өз есімдеріне байланысты таныстырады.
3.Балалар шағын топтарға бөлініп отырады./3 топ/
4. Кештің мақсатымен, жүргізілу тәртібімен таныстыру
Пән мұғалімдерінің қолына соцоиграмма таратылады. Оқушылар әр тапсырманы орындаған сайын балалардың жауаптарын саралап, осы социограммаға орналастырады.
Сөйтіп, сынып белсенділерін, орташа оқушылар, елеусіз оқушылар анықталады.
Ал оқушылар тапсырма орындап жатқан кезде жалпы сынып туралы слайдты тамашалап отырасыздар.
Ендеше, оқушылар білімін саралау жұмыстарын бастайық.
Бүгінгі жұмысымыздың ұраны:
БАЛАЛАР:
Біз намыскер-қазақ елі ұланымыз!
Қорғайтын жерді Отан- қыранымыз.
Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рахмет ет- деп Абай айтқан ұранымыз.
-Ұлы Абайдың өсиет сөзін ұран ретінде айта отырып, бүгінгі жұмыстарға белсене қатысамыз.
-Алдымен мына слайдқа назар аударайық:
-5-сыныпта енетін пәндер туралы мәліметтер беру:
Қазақ тілі—қазақ тілі
Ана тілі——әдебиет
Математика—алгебра, геометрия
Дүниетану—жаратылыстану— биология
тарих—құқық
-Осы пәндер бойынша сендердің білімдеріңді саралауға, бет алыстарыңды байқауға болашақта сабақ беретін пән мұғалімдері келіп отыр. Әр пән бойынша бес тапсырмадан беріледі. Тапсырмалар әр түрлі деңгейде беріледі. Тез, жылдам орындап, белсенділік танытуға тырысыңдар.
Қазақ тілім- өз тілім ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.-деп бірінші тіл пәндерінің тапсырмаларын орындайық.
1.Ребус шештірту. / әр топқа/
Олар орындап болғанша:
Слайдтан сынып туралы мәліметпен танысып отырыңыздар.
2. «Есте сақта» ойыны. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау мақсатында өткізіледі.
Экраннан 10 сурет көрсетіледі. 30 секундтан кейін, оқушылар сол суреттің аттарын қағазға жазу керек.
3.Тез ойлануға тапсырма:
Біздің сыныпта бір қыздың аты тәуелденіп тұрған зат есімнен тұрады. Ол кімнің есімі?
-Гүлім / І жақ, жалғауы: -ім./
4. Отырған қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер 3 зат есім айтыңыздар.Сол сөзді балалар септейді. Кім бұрын аяқтайды, байқайық.
5.Ана тіліне байланысты:
Оқушылардың ақындық қабілеттерін, жылдам ұйқас құрастыру қабілеттерін анықтау.
Сыныпқа психологиялық сараптама беріледі. /темпераменттерін анықтау/
Шығыңдар білім шыңына
Ғылымның сырын ұғына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына
Кезек математикаға келді.
1.Математикалық жұмбақ
Есдаулетов Қанат бүгін
Атап өтпек туған күнін.
Тойласуға Таңат келді.
Марат,Манат, Манап келді.
Жанат, Жапар, Талғат келді.
Сағат келмей, Самат келді.
Бірақ Самат қайтып кетті.
Жай-жапсарын айтып кетті.
Саматқа еріп, Жанат кетті.
Ең соңынан Орақ келді.
Бәрі қанша қонақ келді? / 7 /
2. «Тез есепте»
Кітапта 20 ертегі бар. Айгүл оның 5/3 бөлігін құрайтын ертегі оқыды. Айгүл неше ертегі оқымады?
/ 8 /
3.Логикалық ойлануға арналған:
Нұржанның үйінен құдыққа дейін 30м. Оның бір ғана шелегі бар. Ол үйіне 2 шелек су әкелу үшін неше метр жүруі керек? / 120 метр /
Әр оқушының сүйіп оқитын пәндері туралы мәліметтермен танысып отырыңыздар.
4. «Есте сақта» ойыны.
Геометриялық фигуралар ішінде сандар берілген. Мәндері сол сандарға сәйкес келетін өрнектерді теріп жазу.
5.Математика пәнінің мұғалімі әр топқа біреуден көп таңбалы сан айтады. Соны балалар жазып, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктейді. / Сол мұғалім тексереді/
Келесі пәнге келмес бұрын мынадай жұмбақты оқимын.Ол үшін бәріміз орнымыздан тұрып, партаны айналып, ақырын жүріп отырамыз.
« Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны сезесің. Міне,ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез- құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бұл не? / ауа/
-Бұл –ауа. Ал ауа туралы, табиғаттың осындай тылсым сырлары туралы дүниетану сабағынан танысамыз. Ендеше, келесі тапсырмалар дүниетану сабағынан.
1.Өткен айда ғана біз еліміз үшін маңызды мерекені қарсы алдық. Ол қандай мереке?
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Ендеше сендерге осы тақырыптағы сөзжұмбақ шешу тапсырылады. Тапсырманы әр топтан тез орындаған оқушы мұғалімге апарып береді.
Енді әр оқушыға қиындық келтіретін пәндері туралы біліп отырыңыздар.
2.Мынадай логикалық тапсырманы ойланыңдар:
Үш май шамды жағып, біріншісін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, ал үшіншісін ашық қоямыз. Қай май шам бірінші сөнеді? Неліктен?
3.Ойын «Жер, су, ауа»
-Жер—————-
-Су———————
-Ауа——————— /1 минут уақыт беріледі. Кім көп сөз жазады?/
4. Мұғалімнің сұрағы: «Тәуелсіздік шежіресі» бойынша сұрақ қойылады.
5. «Есте сақта» ойыны
-Суретте неше қоян, неше сиыр бейнеленген? /13 қоян, 7 сиыр/ ( Көзбен көре отырып, есте сақтау)
-Енді ести отырып, есте сақтау қабілеттеріңді байқайын:
Мен мәтін оқимын соны тыңдай отырып, мәтін ішінді неше аң, неше құстың аты аталатынын есте сақтап отырыңдар.
Қыста аю ұйқыда болады. Ол табанын еміп, қорылдап жатады. Саршұнақ, тышқан, борсық та індерінде ұйықтайды. Кірпі де өзінің жұмсақ төсегінде ұйықтайды екен.
Ал түлкі болса, қорек іздеп бірнеше шақырым жерді шарлап жүреді. Үркек қоян орман ішіндегі бұталардың түбін паналайды.Орман ағаштарының арасынан анда-санда сауысқанның даусы естліп қалады..
Сонау мұнартып көрінген биік таулардың басын паналап арқарлар үйірімен жүреді. Барыс пен қасқыр олардың басты жауы болып табылады.
Көктем шыға қарбалас тіршілік басталады. Қараторғайлар ұшып келеді. Қарлығаштар болса,үйді төңіректеп, ұя салуға кіріседі. /10 аң, 3 құс/
Қорытынды:
Қонаққа келген пән мұғалімдері өздерінің бақылау қорытындысын айтады. Социограмма қорытындысы бойынша
-Ең көп таңдалған-сынып белсендісі
-Аз таңдалған –орташа оқушылар
-Бірде бір рет таңдалмаған—оқшау қалған оқушылар анықталады.
[bws_related_posts]