Басы » Cыныптан тыс » Рахмет саған, Әліппе!

Рахмет саған, Әліппе!

манатҚарағанды облысы
Қарағанды қаласы

№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп

Тәжит Манат Жанатқызы

алиппе

Тақырыбы: «Рахмет саған, Әліппе!»

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын.Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы- «Әліппемен қоштасу».Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.
Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.Қош келдіңіздер!
Мұғалім: Ойын қуып жүрген думан бұл кімдер.
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.
Жарқын: Апам айтқан күзде мектепке барасың деп,
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.
Аяулым:Онда – мына машинаңды неге тастамайсың?
Сен әлі ешнәрсені түсінбейтін кішкентайсың.
Мадина: Жоқ,Аяулым, ол жетіге толды,
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақ пен машинаны
Інісіне сыйлайтын болды.
Осы арада 5-сынып оқушысы Айнұр мектепке бара жатып, ортағакеліп қосылады.
Айнұр: Балалар мектепке бармайсыңдар ма?
Жарқын: Мектеп, мектеп деген ол не өзі? Оның бар ма мұрны, аузы, көзі
Аяулым: Онда не береді? Менің де барғымкеледі.
Айнұр: 7-ге толсаң, ойынқумай бос текке
Оқисың әрине сен де мектепте
Мадина: Мектепте үйрендің сен нені? Көппе оның сендерге бергені.
Айнұр:Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақтыдамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің
Үйірмедебилегендебірғажайыпкүйгеенесің
Әнсабағынақатысыпәнайтасың
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Міне, өмірдегі барлық қажеттілікті мектептен игересің.
Мұғалім:Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! Алдарыңызда  «А» сынып оқушылары
Құттықтау сөзді мектеп директоры Канторбаева Ш.Р. беріледі.
Дильда: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Аяжан:Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Дінмұхаммед: Оқу оқып, теп тегін,
Тамыр жайып көктегін.
Дегендейақ мейіріммен,
Қарсы алды мектебім.
Сумайя: Мектеп кеме, білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Әліппе берген білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Азамат: Жасқана ашып есігін,
Сыныпқа әрең еніп ек,
Қанша сәби болсақ та,
Ұстазға тек сеніп ек.
Данияр: Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Нұрсұлтан: Алдыма келіп ұстазым,
Алғаш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімді сезінгем.
Алуа: Еркесі едім еркелеген әр үйдің,
Отын жаққан кеудедегі жалынның.
Адам бол деп маңдайымнеан сипаған,
Ұстазымды ұлы адам деп танимын.
Ән: «Ақылшы мұғалім»
Мұғалім:Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Ол- сүйікті Әліппе.(қолдарындағы жазу көрсетіледі «Әліппе»)
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.
Барлығы: Әліппе,Әліппе,Әліппе.
Әліппе:Армысыздар,жас достар!
Армысыздар,ата- аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Мұғалім: Төрлетіңіз,қасиетті Әліппе!
Мадина:Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ақжол:Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Али:Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе білім бесігі.
Айқын: Мынау менің Әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Алихан: Білімге жолды бастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Арлан: Біз енді әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағына сусындаған
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Мұғалім: Әліппе, балалар, сізден не үйренді, кімдермен танысты, сіз білесізбе?
Әліппе: Балалар, сендерменіоқыдыңдар, сондаменнен не үйрендіңдер, не білдіңдер?Қане ортаға салайықшы.Ата- аналарың да естісін.
Ермұхан:Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі.Ол алғаш мектеп ашқан.
Бір аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық!
Жанияр Ж:Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.
Тимур:Енді біз оқи аламыз, Әріпті қосып әріпке.
Риза боп соған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе.
Ақнұр:«А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.
Мұғалім: «Сөз оқимын айырып, буынды енді» деп айтып жатырсыңдар.тағы да өнерлеріңді ортаға салыңдар.
Аяжан:Мақал:Балапан ұяда не көрсе,Ұшқанда соны іледі.
Әмина:Нақыл сөз:Ең тәтті де– тіл,Ең ащы да– тіл. Ең қатты да– тіл,Ең жұмсақ татіл.
Дінмұхаммед:Тыйым сөз: Малды теппе, Ақты төкпе.
Бекназар: Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.
Ән: «Рахмет, саған, Әліппе!»
Әліппе: Ал, балалар, сау болыңдар!
Бәрі: Рахмет, саған, Әліппе!
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз,
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне, балаңыз.
Ендігі сендердің досттарын Ана тілін қарсы алайық! …
Ана тілі (Жансая): Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін.
Ана тіліне тақпай арнайық.
Сұлтан: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Ән: «Анамның тілі- аяулы үні»
Мұғалім: Ал,енді Әліппені ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап, сол кісілерге рахметімізді, ризашылығымызды білдіріп, еңбектерін ақтайық.Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңдар!
Көрініс: (сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес жүгіріп шығады)
Ана тілі: Дымбілмес! Дымбілмес!
Дымбілмес:Мыналар неге жиналған, әй! Менің Дымбілмес деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі:-Сәлеметсіз бе, Дымбілмес! Бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Сен туралы айтқан мен.
Дымбілмес:-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да, жұлып алмақшы болады.)
Бала: Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес:Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен «Әліппені» оқымай-ақ білемін.
Ана тілі:Ол не дегенің, Дымбілмес! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен , балалар, Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос бүйірін тіреніп, Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( С ) (жұмбақ айтылады, Дымбілмес 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді
Ана тілі:-Міне, Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Дымбілмес:-Ой, мененбасқа білмейтіндер де бар шығар–ау іштеріңде!
Ана тілі:-Жоқ, Дымбілмес, барлық бала жақсы оқиды.
Дымбілмес:-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен………
Ана тілі:-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! «Әліппені» таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Дымбілмес:- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Ән: Біз тәртіпті баламыз.
Би: Қуыршақтар биі.
Қорытынды:
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз, оқушыларды мадақтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *