Уақыттың қадірін білгіңіз келсе…
Уақыт ешкімге құлақ аспай зымырап өтіп жатыр. Көпшілігіміз уақыттың қадірін біле бермейміз. Оның қадірін қалай білуге болатынын білгіңіз келсе, назар салыңыз:
Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз.
Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге әкелген анадан сұраңыз.
Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, газет шығаратын журналисттен сұраңыз.
Бір сағаттың қадірін білгіңіз келсе, кездеспек болған екі ғашықтан сұраңыз.
Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, поездан қалдып қойған жолаушыдан сұраңыз.
Бір секундтың қадірін білгіңіз келсе, жол апатына ұшыраған жүргізушіден сұраңыз.
Бір секундың ішіндегі долескундтың қадірін білгіңіз келсе, олимпиадада күміс алқа таққан спортшыдан сұраңыз.
Әрбір сәтті дұрыс пайдалан. Уақыт сені ешқашан күтпейді. Өткенің тарих, болашақ сен үшін беймәлім сырларға толы. Біле білсең осы сәт – сен үшін үлкен мүмкіндік.
[bws_related_posts]