Басы » Бастауыш сыныптар » Вв дыбысы мен әрпі

Вв дыбысы мен әрпі

МаншукҚарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№1орта мектептін
Бастауыш  сынып  мұғалімі
Қаржауова  Маншүк Камалбекқызы
Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі
Мақсаты:1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,
Балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу,
байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау
Қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.
3. Шыдамдылыққа, ептілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Түрі:           біріккен сабақ
Әдісі:        түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегі ретінде
Көрнекілігі: В дыбысының баспа және жазба түрі, әріп кассасы, әріптер,
суреттер, ертегіге қатысты суреттер
Барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн, қайырлы!
—          Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
—          Көктем мезгілінің айларын ата.
—          Бір аптада неше күн бар, бугін қай күн?
—          Дыбыс нешеге бөлінеді?
—          Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
—          Дыбысты – естиміз, әріпті – жазамыз, көреміз, оқимыз.
              Сабақты ертегі ретінде өткізу.
—          Балалар мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
—          Шалқан ертегісін кім айтып береді?
—          Ендеше біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер олардың тапсырмаларын орындауларың керек.
Атаның тапсырмасы. Өткенді қайталау.
—          Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
—          Һ
—          Һ дыбысы қандай дыбыс?
—          Дауыссыз дыбыс.
—          Һ дыбысы кездесетін сөз айтамыз
—          Жиһаз, айдаһар, қаһарман (буынға бөлу)
—          Һ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Мына буындардан сөз құрап оқыңдар.
А – на, та, ға, ю, сық.
Ба – ла, ға, тыр, уыр, лық.
—          Сендер атаның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
—          Ендеше көмекке кімді шақырамыз?
Әженің тапсырмасы. Жұмбақтар шешу:

Темір тайым,
Тебінсем тоқтамайды.
Мінсем дайын,
Тамақты еш жоқтамайды.     (велосипед)
Үй ішінде бөлме,
Бөлме іші көлде.
Түрлі ұсақ балық,
Жүзді сайран салып.                (аквариум)
Велосипед, аквариум сөздерін буынға бөлу.
—          Балалар мынау ненің суреті?
—          Ваза, вагон буынға бөлу
—          Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
—          В дыбысы – дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз. (тақтаға В дыбысының көрнекілігін ілу)
—          Баспа түрі қай жерде кездеседі?Ал жазба ше?
—          В дыбысы 3 элементтен тұрады. В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Немересінің тапсырмасы.
—          Ваза, вагон, вокзал сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Иттің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс.
Балаларға оқулықтағы сөздерді оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамыз.
—          Кәне балалар В әрпін бірінші ауада жазып көрейік.
—          Ал енді дәптерімізге жазамыз. (дәптермен жұмыс ережерін айту)

Мысықтың тапсырмасы.
Мына суреттерге сөйлем құрау. (ваза, аквариум, велосипед)

Тышқанның тапсырмасы. Ойын: Балапандарды ұясына апару.

В дыбысы қандай дыбыс?
Вокзал сөзін буынға бөл.
Вагон сөзіне сөйлем құра.
В әрпін тақтаға жаз.
Қорытынды.
—          Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?
—          В дыбысы (кассадағы әріптерді оқытқызу)
—          Балалар сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер, олар сендерге рахмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшалар таратуды тапсырды.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *