Т.Каржасбаев
№25 қазақ қыздар гимназиясының
тарих пәні мұғалімі.
Екібастұз қаласы,
Павлодар облысы.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Сабақтың мақсат-міндеттері:
Білімділік: Қола дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалдық, рухани мәдениеттің көрсеткіші – өнер туындыларымен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру;
Дамытушылық: Картаның көмегімен қола дәуіріне қатысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету;
Тәрбиелік: Беғазы-Дәндібай мәдениетінің рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өміріне алатын маңызды түсіне білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: 1) Жаңа материалды меңгеру; 2) Біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) Меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5) Ашық сабақ; 6) Іздені,ой-қорытындылау.
Сабақтың әдісі: 1) сұрақ-жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс;
6) проблемалық; 7) ойын сабағы;
Сабақтағы пән-аралық байланыс: Тарих, география, математика
Сабақ көрнекілігі: оқулық, суреттер, интербелсенді тақта, қола дәуірінің картасы, қосымша мәліметтер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
Ұйымдастыру кезінде оқушылардың назарын сабақтын мазмұнына аударып, оның тартымды, қызықты жерлеріне көңіл аудару.
Оқушыларды топқа бөлу. Андронов тобы, Беғазы тобы және Дәндібай тобы.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: өткен тақырып бойынша тексеру (жабық тест бойынша)
- Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым — В.П.Алексеев
- Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылды — Таңбалы, Жасыбай, Хантау
- Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кең өндірілгенін айтқан ғалым — Қ.И.Сәтбаев (1899-1964)
- Қазақстанның Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлу проблемасымен айналысқан ғалымдар?
- Қола дәуірі хронологиясы — Б.з.б 2800-б.з.б 900 жылдар
- Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орныдар — Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба
- Қола дәуіріне тән Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында орналасқан қала – Арқайым қаласы
- Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш ашқан ғалым?
- Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылған – 1914 жылы
- Еуразия даласындағы қола дәуірі мәдениеті — Андрон мәдинеті
- Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды — Батысқа, Оңтүстікке
- К.В.Сальников Андронов мәдениетін үш кезеңге боөлді. Қалай? Федоров кезеңі б.з.б XVIII-XVI ғ.ғ, Алакөл кезеңі б.з.б XV-XІI ғ.ғ, Замараев кезеңі XII-VІІI ғ.ғ
- Қола дәуірінде күйдірілген кірпіштен салынған кесене – Түгіскен кесенесі
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі — Көзе құмыралар
- Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ — Орталық Қазақстан
Үй тапсырмасының жауаптарды топтардың өзара тексеруі. 1-топ-2 топты, 2-топ-3 топты, 3 топ-1 топтың тапсырмаларын тескереді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы видео үзінді көрсету.
- 2. Әлкей Марғұлан туралы хабарлау
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Археологиялық топ Беғазы-Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті үш кезеңге бөлінеді | ||
Өтпелі кезеңі | Дамыған кезеңі | Соңғы кезеңі |
Атасу заманынан Беғазы-Дәндібай заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады | Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дамыған кезеңге жататындар:
Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәнбібай, Ортау-3, Саңғыру-1,-3 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы -1,-3 қоныстары және басқалары |
Соңғы қола дәуіріне бейіттік құрылыстардан басқа Қарқаралы қаласы жанындағы Суықбұлақ, Қарақаралы, Ұлытау ауылының маңындағы, Қызылтаудағы Тағыбайбұлақ және басқа қоныстар жатады |
Әлкей Марғұлан да текті тұқымнан тараған. Алты алашқа есімі мәлім Олжабай батырдың тікелей төртінші ұрпағы, яғни Олжабай, Дулат, Марғұлан, Хақан, Әлкей деп тарайды. Қ. Сатбаев: «Әлкейдің басы толған тарих» деп бағалаған.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985жж.) XX ғасырдағы аса ірі ғалымның бірі. Дүние жүзі ғылымында ол Қазақстан археологиясының және Қазақ археология мектебінің негізін қалаушы. Сондай-ақ, ол тарихшы, шығыстанушы, этнограф, әдебиетші-фольклорист, және аса ірі өнертанушы. Ә.Х Марғұлан XX ғасырдағы ең ірі – Шоқантанушы
Әлкей Марғұланның қызметі | ||
Ауыз әдебиті мұралары | Тарихи зерттеулер | Археологиялық зерттеулер |
«Эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі», «Ежелгі дәуірдегі халықтың аңыздары», «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер», «Кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Қорқыт туралы қазақтың қара сөздері», «Қорқыт аңызын дәстүр етіп сақтаушылар», «Қорқыт бұрынғы ғалымдар мен ақындар есінде», «Қорқыт кітабының қазақ аңыздарындағы елесі», «Қорқыт жүрген жерлер», «Қорқыт музыкасындағы дәстүрлер», «Қорқыттың өліммен күресі», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Жырдың варианттары», «Қазақтың ерлік жырларындағы әлеуметтік сарындар», «Манас жырын жинастыру тарихынан», «Манас жырының мазмұны мен сюжет кұрылысы» т.б. еңбектерінен анық көреміз | Әлкей Марғұланның тарихи зерттеулерін негізінен былай жіктеуге болады:
|
«Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнері тарихынан», «Қазақстанның көне архитектурасы», «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» археологиялық зеттеулер нәтижелерінде жарыққа шығарған осы сияқты монографиялық жұмыстармен қатар, тарихқа, этнографияға, археологияға, әдебиет пен өнерге арналған 400-ге жуық кітаптары мен ғылыми зерттеулерін жарыққа шығарған.
|
Ленинградта оқыған жылдарында Әлкей Марғұлан қандай ортада боп, кімдерден дәріс алды десек, шығыс иституты мен университетінде әлемге танымал небір атақты академиктер бір мезгілде кезектесіп дәрістер оқыған. Әлкей Марғұлан
- В.В. Бартольдтан Орта Азияның тарихы мен археологиясы,
- С.Ф. Ольденбургтен үнді фольклоры мен өнері,
Ю.И. Крачковскиден араб филологиясы, - Е.Э. Бертельстен парсы поэзиясы,
- С.Е. Маловтан көне түркі тілдері,
- А.Н. Самойловичтен Орта Азия халықтарының әдебиеті,
- Н.Я. Марр мен И.И. Мещаниновтан, ВЛ. Щербадан тілтану туралы дәрістер тыңдаған.
Тапсырмалар
- Қазақстан аумағындағы қола дәуірі шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Қола дәуірінің үш кезеңін жаз
№ |
Қола дәуірінің үш кезеңі |
Хронологиясы |
1 |
Ерте қола дәуірі |
|
2 |
Орта қола дәуірі |
|
3 |
Кейінгі қола дәуірі |
|
- Кестені толтыр. Қола дәуірінің мәдениеті
Мәдениет | Орналасқан жері | Кім зерттеді? |
Андронов мәдениеті |
|
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті |
|
|
- Домино құрастыру
Андронов мәдениеті | Беғазы-Дәндібай мәдениеті |
- Есептеп шығар
Х : 2 = 957
У = (1007 * 2) — 29
V = (2010:3) = (670+282) * 2
t = (1945 — 1941) — (2014 – 64) =
*:700 = 4
S = (3 * 3) * 100
- Қола дәуірінің қоныстары (карта сызу)
ІV. Сабақтың бекіту кезеңі:
Тест тапсырмасы бойынша
1. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл
А) 1946
В) 1931
С) 1938
D) 1954
2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым
А) Массон
В) Ақышев
С) Марғұлан
D) Гумилев
3. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері
А) Тау аңғарларында
В) Орман арасында
С) Жазық далалы аймақтарда
D) Өзендердің жағасында
4. Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған
А) Терімшіліктің дамуы
В) Егіншіліктің паида болуы
С) Рудың қалыптасуы
D) Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы
5. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі
А) Қола дәуірі
В) Мезолит
С) Неолит
D) Темір дәуірі
6. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары
А) Молдалар
В) Қарилар
С) Абыздар
D) Тайпа көсемдері
7. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері
А) Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау
В) Әскери істерді қадағалау
С) Ру арасындағы алауыздықтарға жол бермеу
D) Жер бөлу ісімен айналысу
8. Андроновтықтардың мойынға таққан тұмаршалары
А) Асыл тастар
В) Жыртқыш аңдардың азу тісі
С) Мал сүйегі
D) Қола салпыншақтар
9. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі
А) Наурыз мейрамы
В) Көктеуге шығу
С) Қыстауға оралу
D) Айдың жаңаруы
10. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал
А) Сиыр
В) Түйе, ешкі
С) Сиыр, жылқы
D) Жылқы, қой
Дұрыс жауаптары
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
А | С | Д | Д | А | С | А | В | А | Д |
V. Сабақты қорытындылау: Оқушылар инсерт стратегиясын толтырады
Бұрыннан білемін | Мен үшін жаңалық | Тереңерек білгім келеді? |
|
|
|
VІ. Бағалау: Оқушыларды бағалау парағы (топ басшысы бағалайды)
№ | Оқушылардың аты-жөні | Үй тапсырмасын ұпайы | Тапсырмадан алған ұпайлары | Қорытынды баға | |||
1-2 | 3-4 | 5 | Тест ұпайы | ||||
1 |
|
Оқушыларды бағалау парағы
Үй тапсырмасын орындаған үшін | Тапсырмадан алған ұпайлары | Қорытынды баға | |||
1-2 | 3-4 | 5 | Тест ұпайы | ||
Дұрыс орындаған әр сұрақ үшін
1 ұпай |
5 ұпай | 5 ұпай | 5 ұпай | Дұрыс орындаған әр сұрақ үшін
1 ұпай |
Бағалау критериясы
«5» — 21-25 ұпай
«4» — 14-20 ұпай
«3» — 4-13 ұпай
«2» — 0-3 ұпай
VІІ. Үйге тапсырма: Ә.Марғұлан туралы эссе жазу
[bws_related_posts]