Басы » Бастауыш сыныптар » Төрт түлік жырлары. Қой (Презентация)

Төрт түлік жырлары. Қой (Презентация)

Нургул01Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосының
№ 9 бастауыш орта мектебінің мұғалімі
Джулбаева Нұргүлдің 2 «А» сыныбына арналған Ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік жырлары». «Қой»

Сабақ мақсаты: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, қойдың пайдасы туралы әңгімелеу. Міндеті: Б. Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, қой малының пайдасы жөнінде білімдерін кеңейту.

Д. Тіл байлықтарын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Т. Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеп, малды ұрмауға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. сабақ мақсаттарының орындалуы
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.
Көрнекіліктер: Фотоапарат, компьютер, интертақта,маркер,желім, А 3 бетшесі,
фламастер, асық арқылы топқа бөліну. Кетіргіш, қарындаш.

Қамтылатын модульдер:
Модуль 1- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
модуль 2 – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
модуль 3 – оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
модуль 4 – АКТ-ны пайдалану.
Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Интер.тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын бекіту
4. Қызығушылықты ояту. Ұяшық таңдау арқылы
5. Мақал – мәтелдің жалғасын табу
6. Сұрақтарға ауызша жауап береді
7. Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану

8. Ой зерделеу. Қоржыннан асық алып, нөмірлі асықты таңдау арқылы ұяшықтағы жұмбақтардың жауабын шешу арқылы сабақты бекіту.

Оқушының іс-әрекеті:
1. Үй тапсырмасын айту

1-тапсырма
Үй тапсырмасын бекіту:
Қызығушылықты ояту. Ұяшық таңдау арқылы сұрақтар беру.
1- топ: «Саулық» Жан – жануарлар туралы ертегілерді айтыңдар?
2 –топ: «Қошқар» Қиял ғажайып туралы ертегілерді атаңдар?
3 –топ: «Қошақан» Шыншыл ертегілер таралы не білесіңдер?
4 – топ: «Қой» «Ұрлық түбі –қорлық» деген мақалдың ертегідегі оқиғаға қатысты екенін әңгімеле.
2-тапсырма
Ойлан, тап ойыны. Мақал – мәтелдің жалғасы табу.

1. Мал өсірсең ……..өсір,
Өнімі оның көл-көсір.

2. Қойдың ……….қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
3- тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап береді.

Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?
4- тапсырма
Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану

1- топ: «Саулық» қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар.
2 –топ: «Қошқар» қойдың етінен әзірленетін тағамдар
3 –топ: «Қошақан» қойдың терісінен жасалатын заттар
4 – топ: «Қой» қойдың дүнінен жасалатын заттар

5-тапсырма
Ой зерделеу. Ұяшық таңдау арқылы
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
3 Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)

4. Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)

5. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
6. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
7. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар
Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)
8. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы)
Рефлексия.
Бағалау: Жұлдызша арқылы бағаланды.
Үйге тапсырма беру: «Қой» жырды жаттау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *