Басы » Бастауыш сыныптар » Табиғаттың төрт құдыреті

Табиғаттың төрт құдыреті

торгынЖезқазған қаласындағы № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бекетова Торғын Аманбаевна
Табиғаттың төрт құдыреті.
Мақсаты:балаларға табиғат туралы түсінік беруде, бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт құдіретіж күн,ауа,жер,су екенін түсіндіру,табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға,табиғатқа,Отанға,жерге,елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекілігі: жер,ауа суды бейнелейтін киімдер.Жыл мезгілдерінің суреттері,мақал-мәтелдер.
Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
II.Мұгалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгін сіздер «Табиғаттың төрт құдіреті» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең шумағы арқылы ашқалы отырмын.
Табиғат-әсемдіктің төркінісің,
Ән салам бір сенің көркін үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын,-яғни Табиғат-тіршілік атауының құтты қонысы,түлеп өсуіне қажетті нәрі,жер бетіне көрік берген сәні- деп айтамыз.
1.Оқушылардың тақпақтары.
2.Жұмбақ жасыру.
3.Жер,ауа күн,су,кейіпкерлер.
4.Көрініс. «Кірқожалақ»
5.Мақал-мәтелдерден жарыс.
6.Қорытынды.
1-оқушы.Әдепті елдің баласы,
Алдымен сәлем береді.Армысыздар құрметті мұғалімдер мен оқушылар.
2-оқушы.Ата-бабамыз
«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қарт сәлем береді»деген.
Мұғалім:Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Ал сендер шешуін табуға дайын болындар.
1.Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.(Жер)
Мұғалім:Міне ортамызға жұмбақтың шешуі де келді.
Жер:Балалар,жер бізге не береді?
(сұрақтар қою арқылы,жауаптар алу)
3-оқушы:Табиғаттың басты байлығы-жер.Жер-біздің қазынамыз,байлығымыз.
4-оқушы:Адамдар жан-жануарлар өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
5-оқушы:Ата бабаларымызосы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп,басын қатерге тіккен.
Жер:Ал,балалар жер туралы қандай өлең білесіңдер?
6-оқушы:Адамдар,жер –сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін,
Онымен кіндіктес жаның да,қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.
Мұғалім:Жер, сіздің тілегіңізге,пейіліңізге рахмет,төрге шығып жайғасыңыз.Ал,енді балалар келесі жұмбақты шешейік.
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң,құшағыңа толмайды.(Ауа)
Мұғалімнің тәжірибесі:Ал балалар, бір тәжірибе жасап көрейікші.Аузымызды жауып,танауымызды қысып,дем алмай тұрайық.
Балалар:біз дем алмасақ тұншығамыз. Демек,бізге ауа өте қажет.(Ортаға ауа кіреді).
Ауа:Сәлеметсіздер ме,қонақтар! Сендерге ауа керек пе?Қане,дем алыңдар таза ауамен.Мен туралы не білесіңдер?Мен не үшін керекпін?
7-оқушы:Жер бетінде барлық тіршілік ауамен тыныс ала отырып,өмір сүреді.(өз ойларын білдіреді).
Мұғалім:Кім ауа туралы өлең біледі?
8-оқушы:Жер шары дәу әлем,
Қоршалған ауамен.
Ауасыз кім шығар,
Ауасыз тұншығар.
Өмір сүріп тамаша,
Қуанайық балаша.
Мұғалім:Ал,балалар келесі жұмбағымыздың шешуін тауып көрейік. Өзі — көзі,
Көзі — өзі.
Түнде сөнеді,
Таңертең шығады.(Күн)
Күн:Армысыздар ,жер бетіндегі тіршілік иесі.Мен жылуымен жер бетін қыздырып,әр кеудеге қуаныш сеуіп,әр жүрекке күлкі болып енемін.Әрбір арайлап атқан күнмен бірге сіздерге тыныштық,бейбітшілік тілеймін.
Мұғалім:Нұрын төккен қайымды күн,төрден орын алып оқушылардың сізге арнаған әнің,өлеңдерін тындаңыз.
Хормен ән: «Әрқашан күн сөнбесің!»
9-оқушы:Ал,халайық,халайық,
Табиғатқа қарайық!
Жер,су ауа тазарса,
Пайдалы екен бұл аса.
10-оқушы:Жауын жауып басылды,
Күннің көзіашылды.
Құлақ тігіп далаға,
Тыңдап тұрмын мен бәрін.
Келіп кетті менің де,
Жер Анаға ұқсағым.
Мұғалім:Балалар,менің соңғы жұмбағымды шешіп көріңдерші.
Өмірдің өзені,
Өмірдің өзегі,
Онсыз жер өмірсіз.(Су)
Су:Армысыздар,халайық! Мен сіздерге қонаққа келдім.
Мұғалім:Төрлетіңіз!Оқушылардың өнерің тамашалаңыз.
11-оқушы :Керек,керек жуыну,
Таңертен және кешке.
Жуынбайтын жалқауға ,
Ұят-ау,ұят бұқл деген.
Мұғалім:Судың бұл өмірге қажеті не?
12-оқушы:Сусыз тіршілік жоқ,су тазалық пен денсаулық кепілі. «Кірқожалақтың оқиғасы»
Мұғалім:Ой,мынау кім тағы?Біздің сыныпқа Кірқожалақ бала қайдан келген?
Кірқожалақ :Қандай сабақ?
Мұғалім:Бүгін біздің сыныпта табиғаттыңғ төрт құдіреті жайлы сабақ өтіп жатыр.
Кірқожалақ :Мен ешқандай сабаққа келгенім жоқ!Мен өзімнің ыдыстарымды іздеп келдім.Ой,менің қасығым мен қазаным қайдасыңдар?
Мұғалім:Балалар,Кірқожалаққа қандай ақыл- кеңес айтасыңдар?Оған қалай көмектесесіңдер?
Оқушылар:Саған су көмектеседі.
Кірқожалақ : Ой,менің қасығым,
Қазаным,қайдасың?
Кірқожалақ күйінде,
Келе берші үйіме,
Бәріңді мен жуамын,
Қырғышпенен қырамын,
Қайнатамын суға мен
Сендер бәрің қайтадан
Жарқырайсың күндей боп.
Су:Қане кел жуындырайын.Сонымен осы көріністен бойларына нені түйдіңдер!
Мақал-мәтелден жарыс: «Табиғаттың төрт құдіреті жайлы мақалдар айтқызып,мағынасын ашу және орыс,ағылшын тілдеріне аударту»
1.Жері байдың,елі бай.
2.Күте білсең,жер жомарт.
3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға нан береді.
(Жер — земля —
1.Су-тазалық пен денсаулық кепілі.
2.Сусыз тіршілік жоқ.
3.Судың да сұрауы бар.
(Су — вода —
Мұғалім:Жарайсыңдар,балалар!Ал енді біз бүгінгі сабағымызды қортындылайық.Халқымыздың күнделікті тыныс–тіршілігі,әртүрлі мәдени шаруашылығы,көңіл–күйі,дүниетанымы,даралық даналығы тікелей өзі өмір сүрген өлкенің тамылжыған табиғатымен үнемі үндесіп жатады.Табиғатты аялы алақанымен аялау,оған қамқорлық жасап отыру ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ерекше қасиет болатын.Оны біз халық даналығының қайнар көзі саналатын тыйым сөздерден,мақал-мәтелдерден,аңыз-әңгімелерден,нақыл-қағидалардан айқын байқаймыз.Тәрбие сағатын мына өлең шумағымен аяқтағым келеді:
Қарасам Қазақстан картасына,
Оранған бар байлықтың алқасына.
Арайлы атамекен туған жерім,
Мен үшін артық сенің әр тасыңда.
Ажарлы туған өлке атырабым,
Жайқалтқан жасыл әлем жапырағын.
Тіршілік атаулыға қуат берген-
Ол сенің қасиетті топырағың.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат!Жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой,ал сен оның ұлысың!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *