Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің
технология пәні мұғалімі Матаева Бакыт Зулхарнаевна
Сабақтың тақырыбы: «Тамақ әзірлеу технологиясы. ҚР-ң кәсіпкерліктің дамуы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған теориялық білімдерін, практикалық іскерліктерін арттыра отырып, корытынды жасау, шығармашылыққа баулу. Экономикалық білімдерін дамыта отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдістері: СТО технологиясы, флипчарт, ассоциация, эссе, семантикалық карта, деңгейлік тапсырмалар, салыстырмалы анализ, әңгімелесу, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, деректер, карточкалар, бағалау парақтары т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
— екі топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату, жұмыс жоспармен таныстыру;
— сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
І. Қызығұшылығын ояту
Тамақтану физиологиясы мен мәдениетін қалай түсінесіздер?
Оқушылырға сұрақ қойылады, флипчарт арқылы жазады, түсінігін айтады.
Жауаптары:
Тамақ өнімдерін дұрыс пайдалану (тазалық, уақыт пен мөлшері), яғни құрамын, тағамның құндылығын, рационын дұрыс құра білу;
Ағзаның дұрыс қалыптасуы, яғни “энергия-тағам” балансын сақтау;
Тағамның әртүрлілігі – маңызды шарт:
Ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігін тәрбиелеу;
Тағамның биологиялық маңыздылығы түсіну;
Дастарқан басында тамақтану мәдениетін сақтау т.б.
«Тағам – бұл тіршілігінің негізгі көзі» тақырыпта үйге берілген эссе оқыту.
ІІ. Мағынаны ашу
Білімділер сайысы:
І топ
Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі. Ет тағамдардың құнарлылығы. Ет түрлері. Ет сапасын анықтау.
Қамыр түрлері. Қамырдан жасалған өнімдер. Негізгі шарттар.
ІІ топ
Бірінші тағамдар. Көжелер. Көжелерді жіктеу. Сорпа дайындаудың технологиялық процесі. Жалпы шарттар.
Көкөністерді маринадтау. Тосап дайындау. Негізгі шарттар.
І-ІІ топтар:
Мерекелік және фуршет дастарқанның ерекшелігі мен кемшлігін талқылау.
ІІІ. Ой толғаныс
Семантикалық картаны толтыру
Э және ҚСН.
• Экономиканың негізін екі Фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
• 1. Материалдық ресурстар-жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
• Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі – белсенділігі және іскерлігі.
Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі.
Бекіту сұрақтары:
Жас кәсіпкер немен айналысу керек?
Жас кәсіпкер неден бастау керек?
Бизнес-жоспарды құру қажет пе?
Рыноктағы жағдайды зерттеу қажет пе?
Бағалау парақтарын жинап алу. Қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма беру
№ 18-23 қайталау, тестке дайындалу, лекция-коспект жазу.