Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов.Балықшы мен балық (Ертегі)
Сабақтың мақсаттары: 1)Оқушыларды А.Байтұрсыновтың «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру.
2) Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын,есте сақтау,салыстыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Жақсы мен жаманды ажырата білуге,әр нәрсенің қанағаты болатынын ұқтыру,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары
Стратегиялар: автор орындығы,екі түрлі түсініктеме күнделігі,венн салыстыруы
Түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезең.Психологиялық дайындық.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
— Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
— Бүгін бізде ертегілер елі қонақта.Олай болса,балалар,ертегілер елінде болатын «Ертегі сабағымызға» қош келдіңіздер!
— Балалар, «Алтын балық » туралы ертегі тыңдағыларың келе ме ?
Ертеде өте кедей балықшы бала болыпты.Ол ұстаған балығын тамақ қылып өзінің еңбегімен күнелткен екен.
Бірақ соңғы уақыттарда оның құрған торына ешқандай балық түспей бала әбден қиналған екен.Бір күні баланың құрған торына анау – мынау емес алтын балық түсіпті. Бала қатты қуанып балықты қуырып жемекші болғанда алтын балық: ей,балақай егер мені босатсаң мен саған күнде таңертең бір сыйлық жасап тұратын боламын деп сөйлеп қоя беріпті.Қарны аш бала балықты босатқысы келмепті.Сонда балық:ол жай ғана сыйлық емес.Сыйлықтар сені бар бақытыңа жеткізетін болады.Ол үшін сен тапсырмалар орындап отыруың қажет – дейді.Бала әрі ойланып,бері ойланып балықтың қойған шартына көніпті.Таңертең ұйқысынан тұрған бала есіктің алдында құлыптаулы сандықты көреді.Оның іші толған ақша еді.Сандық ашылу үшін мынандай тапсырма бар екен: «Оқу мен еңбек — егіз» дегенді қалай түсінесің?
— Кәне,балалар,балықшы балаға кім көмектесе алар екен?(оқушылардың жауабы тыңдалады)
— Өте жақсы жауап беріп балаға көмектескендеріңе рахмет.
Келесі күні есіктің алдында сыртында суреті бар үлкен кітап (кітап,мұқабасында А.Байтұрсыновтың суреті) тұрады.Егер бұл кітаптың тапсырмасы орындалса,бала білімді болады екен.Оқу,білім,еңбек адамды бар бақытқа жеткізеді.
Тапсырма: Кітаптың сыртындағы суреттегі кім? Және оның «Оқуға шақыру» өлеңін жатқа айтып бер.(Оқушылардың жауабы тыңдалады.) Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:А.Байтұрсынов 1872 – 1937 жылдары өмір сүрген.Қоғам қайраткері, ақын, лингвистік аудармашы,ағартушы ғалым,ұлт ұстазы.Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған.Балаларға арнап та бірнеше өлеңдер жазған.Бұл жолы да балықшы балаға жақсы көмектестіңдер. Осылай күнде сыйлық алған балықшы бала бақша мұратына жетіпті.
Бүгін А.Байтұрсыновтың: «Балықшы мен балық» ертегісімен таныс боламыз.
Ертегі – қиял мен арманға негізделген шығарма.Ертегілер әңгіме,өлең түрінде айтылады,жазылады.Онда халықтың арманы,әдет – ғұрпы,мұңы баяндалады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықтарын туғызу.
Бүгінгі біздің сабағымыздың ой ашары:«Азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың».Сөйлемнің мағынасын түсіндіру.
Қазір мына суретке назар аударыңдар.
Сурет балықшы мен балық жайында.Сондықтан әр топқа тапсырма беріледі.
Стратегия: «Автор орындығы».
Әр топтап бір оқушы автор орындығына келіп құрастырған ертегісін айтып береді.
І – топ: Суретке қарап өз ойынан ертегі құрастырып айтады.
ІІ – топ: «Егер мен балықшы болсам…»
ІІІ – топ: «Егер мен балық болсам…»
ІV – топ: Осы тақырыпқа сәйкес келетін сурет салады.
Әр топтан келісіп бір оқушы шығып,өз тақырыптарын қорғайды.
2.Мағынаны тану.
1.Ертегінің мазмұнын айтып беру.
— Бұл ертегі сендердің құрастырған ертегілеріңе ұқсай ма? Мәтінде не туралы айтылған?
— Балықшы балықтың айтқанымен неге келіспеді?
— Сен балықшының орнында болсаң не істер едің?
«Көп пайдадан дәметіп,аз пайдадан айырылу ақылдының ісі емес» — деген сөйлемнің мағынасын қалай түсінесіңдер?
— Балықшы бала туралы айтылған ертегіден айырмашылығы неде?
2.Венн диграмасын құрайық.Екі ертегіні салыстырайық
алтын балық ортақ қасиеті балықшы мен балық
— «Балықшы мен балық» ертегісінің негізгі идеясы,автордың айтайын деген ойы не деп ойлайсыңдар?
3.Ой толғаныс:«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдалану.Яғни балықшы мен балықтың іс -әрекетіне байланысты.
Оқушылар вертикаль сызықпен бөлінген бөліктің оң жағына мәтінді оқу барысында қатты әсер еткен тұстарды жазады.
Қатты әсер етті | пікірім |
- Бөліктің сол жағына:сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.
Күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Топтан бір оқушы шығып жауабы тыңдалады.
ІV.Мәтінді мәнерлеп рөлге бөліп оқиды.
V.Үйге тапсырма:Еркін жазу: ертегі құрастырып келу.
VІ.Оқушыларды бағалау.
VІІ.Сабақты қорытындылау.