Басы » Бастауыш сыныптар » Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?

Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?

Кулашара№3Аршалы орта мектебі

Жақсылық Күлшара Әзілханқызы

Сабақтың тақырыбы: Тақырыбы: Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?

Мақсаты: Білімділігі:Жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер

жөнінде түсінік беру.Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу.

Дамытушылығы:  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып дүниетанымын кеңейту. Өз ойларын еркін айтуға баулу.Ғылыми зерттеу жұмыстарына үйрету

Тәрбиелігі:Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу

Сабақтын түрі: интерактивті —  презентация сабақ

Сабақтың әдісі:

СТО бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар.

Көрнекіліктер: Оқушылардың өз беттерімен жасаған сөзжұмбақ, ребус, альбом. Тақырыпқа байланысты өздері салған суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезең

—          Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

алтын куз

—          Бүгін бізге сыныпқа қонақтар келгенін ескеру

1. Психологиялық икем.

Алтын, сары, қызыл, көк…

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Бүгінгі дүниетану сабағында оқушылар «өсімдіктер тіршілігі» туралы өздерінің презентациясын қорғайды,сөзжұмбақ ,ребус шешеді.Одан қалса ойнаймыз. Сондықтан бүгін біздің сабағымыз өте қызықты болады.

ІІ. Кіріспе бөлім.

1. Блиц-сұрақ «Миға шабуыл»

—          Қазір жылдын қай айы?

—          Ол жылдың қай мезгіліне жатады?

—          Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?

—          Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

1 тапсырма:  «Өсімдіктер тіршілігі» туралы өздерінің зерттеген жұмыстарының презентациясын қорғау.

Мұнда оқушылардың өсімдіктер, күз туралы жинаған суреттері туралы зерттеу жұмыстарын баяндайды.

2 – тапсырма: Күз аяқталды. Күз қандай болғанын талқылау.

3-тапсырма:  Сөзжұмбақ. Оны шешкенде «жапырақ» деген сөз шығады.

 

Ж

     

 

 

 

 

 

А

П

       

Ы

         

 

Р

 

 

А

 

Қ

   
  1. Аспанда түнде болады
  2. Ағашта өсетін жеміс
  3. Оқушылар отыратын үстел
  4. Қазақтың тұңғыш педагогы
  5. Өзімен ағаш кесуге де болады, кейде жәндік де болады
  6. Қыста не жауады?
  7. Сиырдың сүтінен жасалатын тағам

 

4 – топ:Кластер стратегиясын құру:

 

жасыл

сары                                                    ағашта өседі

 

Жапырақ

 

 

ауаны тазартады

хлорофилл

қант пен крахмал

 

Серігіту сәті:            Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкене ағаштар

Бірте – бірте өседі.

Жаңа сабақты түсіндіру: «Жапырақ.Жапырақ күзде неге сарғаяды?» «Жапырақ қоректі қайдан алады және оның пайдасы»

— Өсімдікке сән беретін – жапырақ. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Күн сәулесі мен жылуы  арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал түзеледі. Ал жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл деген зат бар. Жапырақтың пайдасы ол ауадан көмір қышқыл газды сіңіреді де ауаға қажет оттегін шығарады. Сондықтан ауамызды тазарту үшін ағаштарды өсірудің пайдасы мол.

Көрініс:  «Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды»

Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:

—          Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, — деп жалынды

—          Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз-ақ та әдемімін, — деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.

Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:

— Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Онсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.

Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофилге барып кешірім сұрайды:

—          Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.

Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.

Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:

—          Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, —  деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.

Ойын: «Ағаштағы жапырақты жинау»

—          Балалар, біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақ қалып қойса не болады?  (Қар жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)

—          Дұрыс. Олай болса біз ағашта қалып қойған жапырақты жинап, ағашқа көмектесейік. Бірақ бұл ағаш жай ағаш емес, бұның жапырағының артында бізге берілген жұмбақтар, сұрақтар, мүмкін есептер де бар. Қане соны орындап көрейік. Егер біз бұларды орындасақ, онда ағащқа көмектескеніміз.

ІІІ. Қорытынды.

—          Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?

—          Жапырақ түсі неге өзгереді?

—          Жапырақ неге түседі?

—          Құраған жапырақтың қандай пайдасы бар?

—          Біз бүгін не істедік?

—          Сендерге ұнады ма?

—          Алдарыңда дөңгелектер жатыр. Сабақ ұнаса алдарындағы дөңгелектің ішіне мынадай қылып салыңдар J

—          Сабақ ұнамаса мынадай қылып салыңдар  L

—          Бүгін сендер барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

—          Бағалау

[bws_related_posts]

2 комментария

  1. Сабақ өте жақсы құрылған

  2. сабақ өте жақсы жасақталған

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *