Жезқазғанқаласы
№21 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ахметова Баршагул Тажибаевна
Сабақтың тақырыбы:
Екі амалмен шығарылатын есептер
Мақсаты: 1. Екі амалмен шығарылатын есептерді меңгерту. Оқуға, санауға, қосу- азайту амалдарын сауатты шығара білуге үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3. Алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Үлестірме қағазға байланысты жануарлардың, жәндіктердің суреті, кестелер, асықтар.
Әдіс- тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын түрлерін қолдану.
Түрі: дамытушылық сабақ.
Сабақ барысы:
Алғашқы ұйымдастыру: психологиялық дайындық. (Оқушылар орындарынан тұрып, қимылмен жасайды)
Бір, екі, үш,
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты,
Қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он,
Өз ұяңа қон.
Үй тапсырмасын тексеру:
№3 Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
1+(1+9)=11 2+(10-1)=11
(11-1)-8=2 (11-2)-7=7
Оқулықпен жұмыс:
№1. Есепті шығар. Оларды салыстыр.