Жезқазған қаласы
№21 жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ахметова Баршагул Тажибаевна
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойынның маңызы
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеуде оның қажеттілігі мен мүмкіндіктері басты назарда. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту – педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын
арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары. Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.
Ойынның жалпы сюжеті:
Оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.
Ойындар мынандай түрлерге бөлінеді:
Дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1.Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино» және тағы басқа.
3.Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты- балаларға білім-білік, іскерлік, әдет –дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті — балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.
Сюжетті-рольді ойындар
Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Мектеп» ойынын ойнағанда мұғалім мен оқушыныңарасындағы байланысты ұғады.
Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді.
Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Балалареркінсөздердібуынғабөліп, ойлауқабілетідамиды, есепсабағынанбілімдейгейікеңейеді.
Ребустыңбіртүрі. Қағазбетіндезаттықсуреттер ( екі,үш,төртсуретт.б. болуымүмкін)арқылыбелгілібірзаңдылыққасүйенеотырып, ретіменорналастырғандажасырыныптұрғансөздітабуға болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
[bws_related_posts]