Басы » Математика » Жай бөлшектерді көбейту

Жай бөлшектерді көбейту

Екібастұз қаласы
Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Инербаева Алтынай Умирбаевна

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 1) Жай бөлшектерді көбейту амалын орындауды үйрену
2) Жай бөлшекті, аралас санды, натурал санды көбейтуді үйрену.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалар жазылған карточкалар ( тақтаға ілініп) тест тспсырмалары, тірек конспектілер, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Оқытудың әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру: Өткенге қайтадау. Эстафета түрінде өткізіледі.
I.1) Оқушылар тақтаға шығыпкезекпен жай бөлшек жазып келесісі оқып,алымын,бөлімін атап, түрін (дұрыс, бұрыс) айтады.
2)Осылай келесі оқушы аралас сан жазып оқиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бқлшекке айналдырады.
3) Тақтаға оқушы шығып бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады , мүмкін болса азайтады.
4) Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әртүрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады, мүмкін болса азайтады.
Соңында екі аралас сан жазылып олар тағы да қосылып, азайтылады.
Осы қайталау нәтижесінде оқушылар жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді.
Енді жекелеп тексеру үшін әр оқушыға алдын ала дайындалып әкелген тест тапсырмаларын таратып 5 минут ішінде орындап беру ұсынылады.Тақтада жасырын ілулі тұрған дұрыс жауаптар ашылып, әр оқушыға неше балл алғанын өздеріне тексеруге болады.

Тест тапсырмалары мынадай:
II. Мәнін табыңдар:
3/11 + 5/11 = А. 2/11 ; Б. 6/11 ; В. 8/11

1/3 + 3/4 = А. 4/12 ; Б. 10/12 ; В.1 1/12

51/6 — 2 = А. 31/6; Б. 21/6; В. 35/6.

10- 32/7 = А. 72/7; Б. 65/7; В. 62/7;

75/12 + 3 = А. 10; Б. 105/12; В. 108/12

III. Тақтаға үш теңдеу жазылған тапсырма ілінеді.
Ол тапсырмаларды орындауға оқушылар тақтада жұмыс істеп жатқанда орында отырғандар да осы тапсырмаларды орындайды, әрі тексеріп отырады.
Тақтаға мынадай тапсырмалар ілінеді:
Теңдеулерді шешіңдер:

457/12 + х = 7659/60

х + 231/16 = 511/6

х + 117/30 = 35/24

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалдырады.
а) Натурал санға бөлшекті көбейту әдісін мына мысалмен көрсетуге болады:
4/7 ∙ 5= (4+4+4+4+4)/7 = (4 ∙5)/7 ;

4/7 ∙ 5= (4 ∙5)/7= 20/7 .

Жалпы түрде:
а/в ∙ с = (а ∙с)/в;

б) Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейту мысалы:

1/2

1/2

АВСД – тік төртбұрыш
АВ-ені
АД – ұзындығы
Сызбада енімен ұзындығы тең екі бөлікке бөлініп тұр. Боялған кіші төртбұрышты ені а = 1/2 , ұзындығы в = 1/2.
Осы боялған тік төртбұрыштың ауданын табайық.
Ол үшін оның ұзындығы мен енін көбейту керек.
Оқушыларға сұрақтар коя отырып ,өздеріне қорытып шығарту керек.
Сонымен, S = а∙ в= 1/2 ∙ 1/2=1/4 .
Бұл теңдік қалай шыққанын оқушылардың өздерінен сұрап, оқушылар өздері де түсіндіріп береді.
Осыған ұқсас екінші мысал келтіреміз.
Сызбаағы боялған тіктөртбұрыштың ауданын табу керек:

(2 )/3

4/5
а = (2 )/3 ; в = (4 )/5;
S = а∙ в= 2/3 ∙ 4/5=8/15 . 2/3 ∙ 4/5= (2 ∙4)/(3∙5)=8/15;
(а )/в ∙ с/d = (а ∙с)/(в∙d) ;
Оқулықтан ережесін оқушылар өздері оқып шығып, мүмкін болса жатқа айтып көреді:
3/8 ∙ 2/5 = (3 ∙2)/(8 ∙5) = 6/40 = 3/20;

31/2 ∙ 2 1/14 = 7/2∙ 29/14=29/4=7 1/4;

31/2 ∙ 2/3 = 5/(2 ) ∙ 2/3 = 5/3= 12/3;

Сабақты бекіту кезеңі:
1. Бөлшектер қалай көбейтіледі?
2. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?
3. Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріңдер?

Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: §26. 1-3 cұрақтар, № 777 (жұп), № 780 , № 782

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *