Басы » Тарих » ӘЛ-ФАРАБИ – ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ

ӘЛ-ФАРАБИ – ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ

алфарабиРаушан Сұлатнбек
Тарих пәнінің мұғалім
ӘЛ-ФАРАБИ – ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ
Сабақтың мақсаты. Білімділік: IX-XII ғасырлардағы ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оның өз ойымен қорытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.
Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілік:
1. Қазақстан картасы
2. Әл-Фарабидің портреті.
3. Қанатты сөз жазалған плакат.
Сабақтың барысы: I-Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы: оқушылардан Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы және оны картадан көрсетуді тапсырады. Тақырыптың соңындағы сұрақ- тапсырмалар бойынша оқушылардан ауызша сұрайды. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуында маңызы зор болды. Көшпелілер отырықшыланып, тұрақты мекендерін салды. Өзара сауда байланыс нәтижесінде шаруашылықты игерудің түрлі әдіс тәсілдерімен бір- бірімен алмасты. Қалалар өркендеп дамыды деп, үй тапсырмасын қорытындылап жаңа тақырыпқа көшеді.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
1. Қазақ елінің ежелгі ғалымдары.
2. Әл- Фарабидің өмір тарихы.
3. Әл- Фараби- энциклопедияшы ғалым.
Ең алдымен тақтада ғылым, білімнің маңызын ашатын қанатты сөздерге тоқталып, оқушылармен мағынасын талқылайды.

«Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім»
Әл- Фараби.
«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі- жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас». М. Сағди.

« Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер».

Жаңа тақырып
ӘЛ-ФАРАБИ – ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ

Әл-Фараби
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр ныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, «Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған».
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады.
Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (980—1037 жылдары) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады», — деген.
Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиканның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің «Meтoфизикacын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты.
Бекіту. Ол үшін төмендегі кесте толтырылады:
ІШІНЕ СЫРТЫНА

Аристотель, Платон, Шығыстың, Оңтүстіктің, жазушы, ғалым, ақын, жыршы, Түркістан, Ташкент, әкесі, ағасы, шешесі, Ұлы Жібек жолы, садақ, ат, 150 тарта еңбегі, арабтар.
Үйге тапсырма: Оқып түсінгенін айту, сұрақ тапсырмалар бойынша дайындалу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *