Басы » География » Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

ЖанаргулЖезқазған  қаласы , №1 орта  мектебі

Абильдаева  Жанаргуль  Магадановна

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға материктің жер беті құрылымының ерекшелігін пайдалы қазбалардың әртүрлілігін, орналасу заңдылықтарын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдылануға,ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны сүйе білуге тәрбиелену.

Сабақтың көрнектілігі: жарты шарлар картасы, суреттері, Анда, Бразилия таулы үстірті, саяхат жол сызбасы.

Әдісі: аралас, картамен жұмыс, баяндау.

Түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Испандар» , «Португалдар», «Итальяндар»

Саяхатшылар кемесімен Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Америка материгіне жақындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1-аялдама.Геогрфиялық орнының ерекшеліктері.

  • Материктің жағалық шекарасы қандай?
  • Шеткі нүктелерін ата?

      2-аялдама. Материк жағалауындағы мұхиттар.

  • Материкті қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?
  • Тынық мұхитындағы ағыстар қалай әсер етеді?
  • Атлант мұхитының әсері.

      3-аялдама. Ашылу және зерттелу тарихы.

  • Х.Колумбтың саяхаты мен зерттеуі.
  • Амего Веспуччи саяхаты.
  • Байлық іздеген испан және португал басқыншыларының әрекеті қандай болды?
  • Ф.Магеллан мен Ф.Дрейктің саяхаты.
  • Неміс географы А.Гумболдтың саяхаты.
  • Орыс зерттеушілері А.И.Воейков пен Н.И.Вавиловтың саяхаты туралы әңгімелеу.(Оқушылар үйден дайындап келген презентацияларын қорғайды.)

    ІІІ.Білімдерін тиянақтап қорытындылау.

    ІV.Жаңа сабақ. Мақсатын оқушыларға түсіндіру. Оңтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбаларына түсінік беру үшін саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз.

    Сабақтың жоспары:

    1.Жазықтары

2.Анд тау жүйесі

3.Пайдалы қазбалары

  «Жазықтар мен таулы үстірттер» аялдамасы.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр.Олдардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттар Амазонка,Ла-Плата,Ориноко жазықтары қалқындарында Гвиана.Бразилия таулы үстірттері орналасқан.Үгілу мен мүжілуге ұшыраған оңтүстігі Патагония үстіртеріне тән. Оңтүстік Америка платформасына Анды қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анды тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар Гран-Чако,Маморе,Пантанал орналасқан.

  «Анды таулары» аялдамасы.

   Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анды тау жүйесіне тән.Батыс жарты шардың ең биік нүктесі Аконкагуа осында орналасқан.Тау аралық үстірттерін пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиршақ тастар мен қорымдар, тұзды батпақтар (саларес) алып жатыр.Анд таулары екі литосфералық тақтаның түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады.Бұл тауды жергілікті халқы «мысты тау» деп атайды.(Анды тауы туралы бейне таспа көрсетіледі.)

 «Пайдалы қазбалар» аялдамасы.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыстағы таулы үстірттердің қойнауларында темір,марганец, уран кендері, никель,алмаз пен алтынның, бокситтің,ал ойпаттарында мұнай,табиғи газ,тас көмірдің ірі кен орындары бар.Анды тауларында маыс,қалайы,қорғасын,мырыш,күміс мен асыл тастардың аса бай көздері кездеседі.Боливияда 940 км-ге созылған қалайы белдеуі бар.

 V.Қорытынды. «Сараптама» аялдамасы.

Тапсырма.

Шартты белгілерді пайдаланып, пайдалы қазбаларды сәйкестендіру.

Тапсырма. Сандық диктант.(Кескін картадағы сандарға жер бедерін орналастыр.)

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма беру.   ξ38.                       Жак Ив Кусто туралы реферат.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *