Жезқазған қаласы
білім дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері
Райсова Гулбану Сериковна
Модуль №1
Сөйлесу бөлім. 4-сабақ
Тақырыбы: «Сиқырлы сандықша» оқыта үйрену ойыны.
Мақсаты:
— Барлық оқушылардың алған білімдерін айқындау;
— Өзгенің жауабын тыңдап, білімін толықтыру, жеңімпаз болуға талаптандыру;
— Саналы оқуға баулу;
— Жауапкершілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: сандықша, үлестірмелер, фишкалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Модуль, тірексызбаларға шолу;
Мақсат – міндеттерін айқындау;
Ойын барысы: «Сиқырлы сандықшадағы» сұрақтың іліккенін алып, дауыстап оқып, бірден жауап береді де, кейбір жаттығуларды түсіндіріп тақтаға жазады да, түсті фишкамен бағаланады. Ойын аяғында фишка түстеріне қарай бағаланып, «білгір оқушы» және 1, 2, 3 – орындар анықталады.
Тапсырмалар:
Бір таңбалы сандарды өсу ретімен ата
Толық ондықтарды кему ретімен ата
Бір ондықта неше бірлік бар
Қосу компоненттерін ата , мысал келтір
Азайту компоненттерін ата , мысал келтір
4 дм неше см – ге тең
Бөлменің ұзындығын сантиметрмен, дециметрмен, метрмен өлшегенде қайсысын қолданған тиімді?
Сынық сызықтардың ұзындықтарын қалай есептейміз?
1м * 10 дм * 100см
Қосу мен азайту бір-біріне қандай амалдар болып табылады?
6 — 1 азайтумен тексер
3 + 4 қосумен тексер
Есепті шығар
Мектепке 30 ұл бала және 20 қыз бала қабылданды. Мектепке ұл балаларға қарағанда неше қыз бала кем қабылданды?
Есепті шығар.
Мектепке 30 ұл бала және одан 10-ы кем қыз бала қабылданды. Мектепке неше қыз бала
қабылданды?
Есепті шығар.
Мектепке 20 қыз бала және одан 10 –ы артық ұл бала қабылданды. Мектепке неше ұл бала қабылданды?
Немересі 20 жаста, ал атасы одан 60 жас үлкен. Атасының жасы нешеде?
Әр буыны 2 см болатын төрт буыннан құралған сынық сызық сыз. Сынық сызықтың ұзындығын тап.
5 + 3 50 + 30 4 + 4 40 + 40
. . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
19. 9 – 3 90 – 30 4 – 2 40 – 20
. . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
Жасырынып тұрған сандарды тап:
* + 70 < 40+60 1дм 3см > * дм
80 – 50 > 10 + * 28 бірл. < * онд. 8 бірл.
21. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?
22. Бақ ішінде 4 жасыл және қоңыр орындықтар тұр. Жасыл орындықтар қоңыр орындықтардан артық. Жасыл орындық нешеу, қоңыр орындық нешеу?
23. Бір қорапқа 10 қызыл моншақ немесе 6 жасыл моншақ сыяды. Қандай моншақтар ұсақ, қызылы ма, жасылы ма?
24. 59 санының көршілерін жаз
25. Сандарды өсу ретімен жаз
87, 62, 24, 48, 19, 71
26. Сандарды кему ретімен жаз
15, 57, 43, 68, 95, 73
27. Бірдей үш санның қосындысы 15. Бұл қандай сан?
28. Салыстыр
18 * 25 5 онд. 1 бірл.* 51 бірл.
47 *62 4дм 7 см * 6 дм 2 см
29. 100 санында неше бірлік бар.
30. Қалдырып кеткен сандарды жаз
21, 22, …, …, 25, …, 27, …, …, …, 31, …, 33, …, …, …, 37, …, …, 40
Қорыту бағалау, жеңімпаздарды анықтау.
Үйге: №6 15 бет
[bws_related_posts]