Басы » Бастауыш сыныптар » «Брейн- ринг» оқыта үйрену ойыны

«Брейн- ринг» оқыта үйрену ойыны

райсаЖезқазған қаласы
білім дене шынықтыру және спорт бөлімінің  әдіскері
Райсова Гулбану Сериковна

Модуль №1
Сөйлесу бөлім. 5-сабақ
Тақырыбы: «Брейн- ринг» оқыта үйрену ойыны.
Мақсаты : — Тапсырмаларды орындау барысында әр тақырыпқа терең үңіліп, өзін де, өзгені де өзектендіру, толықтыру;
—          Білімдерін жүйелі, еркін сөйлеу арқылы жеткізе білуге үйрету;
—          Өзгені тыңдап, бағалап үйренуге баулу;
Көрнекілігі: түсті жаймалар, үлестірмелер, фишкалар
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру.
Модуль, тірек сызбаларға шолу;
Мақсат – міндеттерін айқындау;
Ойын шарты: Қызыл, көк, сары, жасыл түсті жаймалар төрт үстелге қойылған. Бөліктерге бөлінген әр жаймаға тапсырма карточкасы қойылған. Бір үстелге қызыл, екіншісіне көк, т.с.с. ретпен жайма түсіне қарай карточкалар қойылады.
Сыныпты төрт топқа бөлу, әр топтан 1 –еуі ойынды жүргізуші болады.
Ойынның барысы.
Қызыл үстелдің тапсырмалары:
Өрнектердің мәндерін тап:
9 – 6              5 + 3          43 + 6                80 – 30
8 – 7              6 – 0          87 – 70               60 + 0
10 – 7            7 – 5          76 + 20              34 – 4
2.  қалдырып кеткен сандарды жаз:
46, 47, 48, …, …, …, 52, 53
3.  Қалдырып кеткен цифрларды теңсіздік тура болатындай етіп жаз:
49> …9               63< …6               3… > …3
4. > < таңбаларын қойып шық:
5 дм * 8 см                    5 дм * 2 м
4 см * 7 см                     9 см * 3 м
5. Екі үйде 90 адам тұрады. Бірінші үйде 40 адам тұрады. Екінші үйде қанша адам тұрады?
 
Көк үстелдің тапсырмалары:
Екі қапта 80 кг картоп бар. Бір қаптағы картоп 30 кг.Екінші қаптағы картоп қанша кг?
Салыстыр. >, < немесе = таңбаларын қойып шық.
40 см * 4 дм                      65 дм * 6 м 5 дм
30+20 * 70 – 50                 90 – 60 * 10 + 40
3. Ұзындығы  1 дм-ден 4 см кіші болатын кесінді сыз.
4.  Қалдырып кеткен сандарды жаз:
… + 30 = 90            74 — … = 4              40- … = 10                      20 + … = 80
Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық көкөністер қанша?
 
Сары үстелдің тапсырмалары:
Өрнектің мәнін тап:
10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
2.  Салыстыр.
80 + 20 * 80 – 20                             35 + 1 * 32 + 1
50 + 10 * 50 – 20                              80 – 30 * 80 – 40
3. Буындары 3 см болатын сынық сызық сыз және оның ұзындығын тап.
4. жауабы 90 болатын қосу амалына мысалдар құрастыр және оны тексер.
5. Аялдамада 17 автомобиль тұр еді. 6 автомобиль жүріп кетті. Аялдамада қанша автомобиль қалды?
 
 
 
Жасыл үстелдің тапсырмалары:
50 саны азайғыш, азайтқыш, айырма, қосынды, қосылғыш болатындай мысалдар келтір және жаз.
Қалдырып кеткен амал таңбаларын қойып шық:
80…40 = 60 … 20                  30 …20 > 90 – 5             60 – 40 < 30 …20
50 …30 =40 …20                   60 … 10 > 90 – 40          90 – 60 < 40 … 20

3.  Асанның 11 журналы бар еді. Оған тағы 4 журнал сатып әперді. Асанның журналы қанша болды?
4. 9 баспалдақтан тұратын сатының ортаншы баспалдағы қайсысы болады?
5. Қандай екі таңбалысанға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады? Ол қандай сан?

Үстелдер тапсырмаларды бір мезгілде бастап бір мезгілде аяқтау керек. Содан соң орындарды ауыстырып келесі үстелдің тапсырмасын орындауға болады.
Әр топ бағалау парақтары бойынша ортақ бағасын қою.
Үйге тапсырма: Бақылау жұмысына дайындалып келу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *