Жанат Конырбаева
Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
- 1. Ұйымдастыру
- 2. Үй тапсырмасын тексеру
- 3. Өткен тақырыпты қайталау
- 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
- 5. Сабақты бекіту
- 6. Жаттығуларды орындау
- 7. Сабақты қорытындылау.
- 8. Оқушыларды бағалау.
- 9. Үйге тапсырма.
Сабақтың жүру барысы:
1. ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығы (дәптер, қалам, қарандаш, сызғыш)
ә) журналды толтыру
2. Үй тапсырмасын тексеру №808 есеп;
Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды. Слайд 2
3. Өткен тақырыпты қайталау – сәйкестендіру тесті
Теңдеуді шешіңдер;
1) х+3=7 а)–6
2) Х-5=3 б) 4
3) Х+7=1 в) 8
4. Жаңа сабаққа бетбұрыс;
ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х – айнымалысы, а және в – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.
1 қасиет:
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет:
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Мысалдар келтіру;
1. 4х+3=х+5,1 2. 7х+3=3х+5
4х-х=5,1-3 7х–3х=5-3
3х=2,1 4х=2
х=0,7 х=0,5
3. 2х+4=2х-5,8 4. 2х+х-5=3х-5
2х-2х=-5,8-4 3х-3х=-5+5
0*х=-9,8 0*х=0
Теңдеудің түбірі болмайды кез-келген сан теңдеудің түбірі болады
Бекіту сұрақтары;
- 1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды?
- 2. Бір айнымалысы бар теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
- 3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табады?
Оқулықпен жұмыс;
№834 (ауызша)
1) х+2,7=3
2) х-0,6=1,4
3) 2х-5=х-1
4) 2,7+1,3=х+3
№835 (жазбаша)
1) 2х+17=22+3х 2) 18+3х=х+14
2х-3х=22-17 3х-х=14-18
-х=5 2х=-4
х=-5 х=-2
Теңдеуді шешіп, мақалды құрастырыңдар; (сергіту сәті)
1. 3х+2=3,5х-2
2. 2х-2,2=4х+4,8
3. 4х-5,6=3х-2,7
4. 7х-3=х+9
5. -12-2х=х-3
6. -50-17х =-15х-14
7. 12х-14 =13х
Осы теңдеулерді шешкенде жауаптарына сәйкес, мақал құрастырылады.
Жауабы – «Бірлік болмай – тірлік болмайды»
Енді балалар сөзжұмбақ шешіп көрейік. (ауызша)
Сонымен қатар, сабақ тақырыбына байланысты теңдеулерді шешу арқылы күн шуағын өзімізге шашайық.
Күн шуағы ойынының шарты
Оқушылар қатар-қатар болып, жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарады. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу.
- 2х+17=22+3x
- 18+3x=x+14
- 13x+70=2x+15
- 5x-8=2x+1
- 25-4х=12-5х
- 13х+27=16х+4,5
Оқушылар дайын болған күн шуақтарын ауызша жауап беріп, магнитті тақтаға жабыстыра береді.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма.
№836, №837
[bws_related_posts]
сабақ жоспарын жүйелі құрыпсыз! рахмет
Тема деп айта алмаймын
Нұрберген темасы болса, осында жіберіңіз. Тема қылып жариялайық
Мына теңдеудің шешімін тауып бере аласыздарма 2x+7=x+5,5
Жап — жақсы жазылған дүние! Осы адамдарға таң қалам біреуге тиіспесе болмайма?