АТЫРАУ ҚАЛАСЫ
№6 «Гүлдер» балабақшасының саз жетекшісі-
АКИНОВА АЙГУЛЬ ХАЛИМОВНА.
Маша мен Аю»Күзгі ертеңгілік.
(ортаңғы топ балаларына арналған)
Балалар залға кіреді де орындықтарына отырады.
Жүргізуші: Балалар,тыңдаңдаршы!
Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,ойнай алмай ,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде болады!
Жүргізуші: Дұрыс, балалар! Ендеше, бәріміз Күзді бізге қонаққа шақырайық!
Балалар дауыстап Күзді шақырады: Күз!Күз! Келші бізге!
Қонақ болшы бөбектерге!
Залға музыкамен Күз кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлематсыздар ма, балалар!
Балалар: Сәлематсыз ба!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам -армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқының алғысын!
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Ал, біздің балалар саған ән орындап береді!
Ән «Күз-жомарт»муз.Д.Ботбаев.
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.
Қане, жапрырақтарым менің, ұшыңдар!
Биге, биге шығыңдар!
Би «Жапырақтар»
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге мынадай үлкен себетпен келдім. Бұл себеттің іші толы жеміс-жидектер. Ал, оның дәмін көргілерің келсе, менің жұмбақтарымның шешуін тауып беріңдер маған!
Күз көкөністер мен жеміс-жидектер туралы жұмбақтар жасырады.
Жұмбақтар:
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?(Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)
Күз: Жарайсындар, балалар! Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер!
Жүргізуші: Құрметті Күз ханшайымы, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын оқып бергісі келеді.
Балалар өздерінің Күз туралы дайындаған тақпақтарын оқиды
Күз: Тамаша, жарайсыңдар, балалар! Ал мен сендерге тағы да бір қызықты нәрсе әкелдім…Балалар,сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Балалар: Иә!
Күз: Ендеше, менің ертегімді тыңдаңдар…
Залдың түбінде үйшік тұрады.
Күз: Ерте-ерте, ертеде бір кемпір мен шал тұрыпты.
(ортаға кемпір мен шал шығады-ортаңғы топ балалары)
Күз: Олардың немересі –Машенька болыпты.
(үйшіктін ішінен немересі шығады)
Күз: Бір күні немересі Машенька тоғайға саңырауқұлақ теруге барғысы келіп, атасы мен әжесінен сұранады.
Машенька: Ата, әже, мені тоғайға саңырауқұлақ теруге жіберіңізші.
Күз: Ал, атасы былай жауап береді.
Ата: Тоғайға барып серуендегенше бізге көмектес, бақшадағы көкөністерді жина!
Күз: Кім Машенькаға көкөністерді жинауға көмектеседі?!
Балалар: Біздер!
Бала: Не деген дәмді көкөністер,
Не деген тәтті жемістер?
Жемісті жесең кемшілік,
Болмайды сенің бойында!
Болсыншы осы ойыңда.
Хоровод «Бақшадағы ән-сауық» муз.Можжевелова.(«Огородная-хороводная»әнінің аудармасы)
Жүргізуші: Міне, қандай көптеген көкөністер жинады біздің балалар!
Ал көкөністерден не дайындауға болады?
Балалар: Көже!
Жүргізуші: Ал, жидектерден ше?
Балалар: Сусын!
Жүргізуші: Ендеше, мерекемізді «Көже мен сусын» ойынымен жалғастырайық!
«Көже-сусын» ойыны
Күз: Ал, енді ертегіні жалғастырайық…Машенькамен тоғайға барайық!
Жүргізуші: Жо-жоқ, тыңдашы, жауын басталайын деп жатқан сияқты…
Бала қолшатырмен ортаға шығады:
Жауын-жауын жауа бер,
Қорықпаймыз біз сеннен.
Қолымызда қолшатыр,
Келші, ойна бізбенен!
«Қолшатырмен галоштар» ойыны
Күз: Машенька тоғайға, күзгі орманға келді….Саңырауқұлақтарды іздеп –іздеп таба алмайды
Жүргізуші: Саңырауқұлақтар бір орында тұрмаңдар!
Би билеуге ортаға шығыңдар!
Ортаға Саңырауқұлақтар шығады. «Саңырауқұлақтар биі»
Күз: Машенька саңырауқұлақтарды көріп қалды да, оларды жинай бастады.
Жүргізуші: Қане, балалар, біз де Машенькаға саңырауқұлақ жинауға көмектесейікші, жарай ма?!
Ойын:«Санырауқұлақтарды жина!»
Күз: Санырауқұлақтарды жинаймын деп Машенька тоғайда адасып кетеді..
Бір кезде Машенька жан-жағына қараса, біреу қорбаң-қорбаң етіп келе жатыр екен.
Залға Аю кіреді.
Аю: А-а-а, ұсталдың ба, Машенька? Енді сен менімен бірге тоғайда тұрасың, маған тамақ пісіресің, менімен ойнайсың!
Күз: Машенька сенімен қандай ойын ойнайды?
Аю: Маған бәрібір. Мен әртүрлі ойындарды ұнатамын…
Жүргізуші: олай болса, Аюжан, біздің балалармен мына көңілді ойнымызды ойнап жібер. Бұл ойын «Көзді жұмып, жидекті дәмінен таны!»деп аталады. Сен жидектерді жегенді ұнатасың ғой, солай емес пе?
«Көзді жұмып жидекті дәмінен таны!» ойыны ойналады
(Ойын ойналып жатқанда, Машенька үйдің ішіне кіріп кетеді де, үйден самсалармен шығады)
Күз: Балалар, сендер аюмен ойнап жатқанда Машенька самсалар пісірді, сосын Машенька Аюға былай дейді:
Машенька: (қолында қорап) Аю ағай! Мына қорапты менің ата-әжеме апаршы,тек қорапты ашпа,самсаларды жеме. Мен ең биік ағаштың үстіне шығып алып бәрін көріп отырамын.
Аю: Жарайды,барамын мен сенің ата-әжеңнің ауылына, апарамын сенің самсаларыңды. Бірақ, аулада жауын жауайын деп жатқан жок па екен?! Мен далаға шығып қарайыншы!
Аю залдан шығып кетеді
Жүргізуші: Балалар, Аю кетіп қалған сияқты, ал біз Машенькаға қораптың ішіне кіруге көмектесейікші!
Жүргізуші: Күз Машенькаға қорабтың ішіне кіруге көмектеседі.
(Күз Машеньканы қорапқа салады.Самсаларын қолына ұстатады)
Залға аю келеді
Күз: Аю оралады. Қорапты көріп, арқасына салады да, Машеньканың ата-әжесінің ауылына қарай жол бастайды. Аю орманмен келе жатады, келе жатады. Бір уақытта шаршап былай дейді:
Аю: Уффф, шаршадым мен! Мына қорап та тым ауыр екен, кішкене дем алайын. Машеньканың бір түйір самсанын жеп алайыншы,…қарным ашты менің…
Күз: Аю қорапты ашайын деп жатқанда ішінен Машеньканың дауысы естіледі. Машенька(қораптың ішінен): Мен бәрінде көріп тұрмын! Самсаларыма тиме! Самсаларымды жеме! Атам мен әжеме апар!
Аю: Ойбай-й, мына қыздың көзінің көргішін-ай!
Күз: Қорапты қайтадан арқасына салып алып, Аю жолын жалғастырады..Көп жүреді. Аю шаршайды..
Аю: Енді мені Машенька көре алмайтын шығар, біраз алыстадым ғой! Қане, бір самсаны жеп дәмін көрейін.
Күз: Аю қорапты енді ашайын деп жатқанда, қораптың ішінен дауыс шығады.
Машенька(қораптың ішінен): Мен бәрінде көріп тұрмын! Самсаларыма тиме! Самсалармды жеме! Атама апар, әжеме апар!
Күз: Аю аң-таң болады да, жолын жалғастырады. Бір уақыттарда Машеньканың үйіне жетіп, жүгіріп келіп терезесін қағады.
Аю: Ата-әже, шығыңдар бері! Сендердің немерелерің Машенька сендерге көп самса пісіріп беріп жіберді!
Күз:Үйдің ішінен ата мен әже жүгіріп шығып, қорапты ашып қалғанда, ішінен кім шығады балалар?!
Балалар: Машенька!!
Ата мен әже Машенькаға кораптың ішінен шығуға көмектеседі.
Машенька: Сәлематсыздар ма, ата, әже! Әй, Аюбай, сен маған ренжмеші, одан да менің самсаларымнан ауыз ти, жарай ма?
Күз: Машенька Аюға самсаларынан береді және барлық балаларға да самсасынан береді.
Жүргізуші: Рахмет саған, Күз! Ұнады ма сендерге, балалар, күздің сендерге айтып берген ертегісі? Не деп айтамыз Күзге?
Балалар: Рахмет, саған Алтын Күз!
Жүргізуші: Ал енді ,балалар, біз күзбен қоштасайық,тобымызға оралайық,топта Машеньканың берген самсаларымен біз шәй ішеміз.
Балалар Күзбен қоштасады.Тобына оралады.
[bws_related_posts]