Басы » Tәрбие сағаттары » Менің рәміздерім

Менің рәміздерім

Абсадыкова Салтанат Канагатовна
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің
Математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Менің рәміздерім
Сынып: 7а
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: рәміздер, үнтаспа, слайдтар
Барысы:
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар.
Тәуелсіз мемлекет – егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды.
• Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз, демократиялы зайырлы және құқықтық, әлеуметтік мемлекет.

Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында жүрген адамдар ҚР-ның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге міндетті. 1992 жылы 4 маусымда ҚР-ның жоғарғы кеңесі мемлекттік рәміздерді қабылдады.

Тест тапсырмасы:

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы:
А) Шота-Аман Уәлихан
В) Жандарбек Мәлібек
С) Шәкен Ниязбеков
Д) Қадір Мырза Әлі
Е) Тұманбай Молдағалиев

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы:
А) Шота-Аман Уәлихан, Жандарбек Мәлібекұлы
В) Шәкен Ниязбеков
С) М. Төлебаев, Л. Хамиди
Д) Ж. Дәрібаева, Т. Молдағалиев
С) Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов

3.Жаңа Мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?
А) 1992 ж. 6 қаңтар
В) 2006 ж. 6 қаңтар
С) 2007 ж. 6 қаңтар
Д) 2004 ж. 6 қаңтар
Е) 2005 ж. 6 ақпанда
4.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
А) 1997 ж. 16 желтоқсан
В) 1995 ж. 16 желтоқсан
С) 1992 ж. 16 желтоқсан
Д) 1991 ж. 16 желтоқсан
Е) 1990 ж. 16 желтоқсан
5.Тудың өлшемі қандай?
А) ені – 1 метр, ұзындығы – 3 метр
В) ені – 2 метр, ұзындығы – 1 метр
С) ені – 3 метр, ұзындығы – 2 метр
Д) ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр
Е) ені – 1 метр, ұзындығы – 1 метр

6.Елтаңбада қандай жұлдыз бар?
А) үшбұрышты
В) бесбұрышты
С) төртбұрышты
Д) алтыбұрышты
Е) жетібұрышты

Мұғалім: Әнұран жайында пікірлерімізді ортаға салайық:

• Әнұран қандай мәнге ие?
• Әнұранның қасиеті қандай
• Әнұранды қалай айтамыз?

Ән: «Атамекен»

Қорытынды: Бүгінгі біздің сынып сағатына қатысқандарыңызға рахмет. Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз. Отанымыз гүлдене берсін. Қазақстанымыз Туымыздағы қырандай самғай берсін.
Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің болашағы сендерсіндер. Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *