Қарағанды қаласы №32 ЖББОМ КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Б.И.
Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі – жарастық
Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-келісім, жарастық туралы түсінік беру;
— достыққа бейімділік сапаларын дамыту;
— өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтадағы слайд, оқулық, жұмыс дәптері, күн шапағының сұлбасы .
Тыныштық сәті. Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін тамашалау
— Ертегі не жайында болды?
— Адамгершілік құндылықтар туралы не көрдіңдер?
— Қарлығаш қандай құс?
— Ол неге адамға көмек берді?
Балалар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.
Сергіту сәті
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен – қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз
Туған жердің түрлендірер нәріміз
Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала өмірде.
Ата берген батаменен көркейсін
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.
Жағдаяттарды шешу(суреттер)
Тілес Беарысты байқамай қағып кетті…
Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды…
Тар көпір үстінде екі лақ таласып қалды…
1. Мәтінмен жұмыс
(Піл мен маймыл жапалақ суреті слайд)
Мұғалім әңгімелеп айтып беру. 3-4 оқушы оқу.
— Піл мен маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
— Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?
— Қандай көңіл күйде боласыңдар?
(слайд )Сахналау
Дәптермен жұмыс
Менің дәйекті сөздерім айдарына жазу.
Дәйексөз «Келісіп пішкен тон келте болмас»
(слайд) Назар аударыңдар !
Алпамыс пен Махаббаттың кеңесі
Келісім:
Басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Адамдарды бір-бірін жете тани білуге үйретеді.
Басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.
Шығармашылық жұмыс (коллаж-жоба.)
Балалар, сендердің әрқайсың жақсы адам екендеріне сенімдімін. Жақынырақ келіп, үстелдің үстінен жақсы баланың істері бейнеленген суретті таңдап алыңдар. Содан кейін сол суретті күн шуақтарына жабыстырп, неге сол суреттегі балаларды жақсы деп ойлайтындарыңды айтыңдар.
Жаттығу. «Достық нұры» -Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей қалып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де, уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындары да болады.Ал біз сондай көңілсіз сәттерді болдырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсінісу үшін қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін білеміз.Қанеки, өзімізді тексеріп көрейікші. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін. Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді оқып, «нұр таратамыз» Әр қағазда .(шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық, жарастық, достық) деп жазылған.Балалар әр орам қағазды ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды.Тақтаға жапсыру .Осы шуаққа алақан тосып, нұрын сезінейік.Айтылған қасиеттер бойымызда болып, аталған әрекеттерді жасай алсақ, бір-бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.
«Жақсы бала» деген атыңа лайық болу үшін біз әдепті, қамқор, адал, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. Сендер жақсы қасиеттеріңмен сыйлы, сүйкімді боласыңдар.
-Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
Жүректен-жүрекке
Ортақ мекен жер шары, Ортақ бізге бір Отан
Төбемізде бір аспан Ортақ жердің байлығы
Барлық ұлттың баласы Еңбек ортақ, жыр ортақ
Достығымыз жарасқан Ортақ бізге барлығы
Көк аспанда күн күлсін, Ұл қолында ту жүрсін
Бірге күлсін бүлдіршін Қыз қолында гүл жүрсін
Көк аспанда күн күлсін Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын Бірге жүрсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін
[bws_related_posts]