Балқаш қаласы, Қарағанды облысы
№4 мектеп интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Тулеуова Лаззат Науанқызы
С. тақырыбы: «Тәкаппар» ( мысал).
С.мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Оқушылардың сөз тіркестерді пайдалана отырып, байланыс тыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру ; мәнерлеп оқу дағдыла —
рын жетілдіру; сөздік қорларын арттыру.
3. Оқушылардың бойынан жаман қасиеттерден аулақ болуға Отанын, туған – жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбилеу.
Өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. 1 слаид Үй тапсырмасы.
II. Психологиялық дайындық.
Берілген сурет бейнесін табу. 2 слаид ( Ат бейнесі — жасырынған)
III. Үй тапсырмасын тексеру. 3 слаид
— Берілген өлеңді мәнерлеп оқу; қысқаша мазмұны.
— Қысқаша «Менің құлыным» атты шығарма жазу.
— Аттың суреті бойынша талдау жүргізу.( жал, тізгін, қамшы, ертоқым)
Мақал
1. Арық аттың бабың тапсаң – тұлпар,
Күйкентайдың күйін тапсаң- сұңқар.
2. Арыған ат шұқанақ санайды,
Ашыққан ат қолыңды жалайды,
Жараған ат көзіңе қарайды.
Жұмбақ
1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең – қанат.
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ. (жылқы)
2. Туа сап жүгіріп кеткен,
Енесін қуып жеткен. ( құлын)
3. Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.(Аттың екі құлағы мен төрт аяғы).
4 слаид (Аттар суреті)
Үй тапсырмасын қорытындылау.
— Жылқы қандай жануар?
— Оның адамға қандай пайдасы бар? (мінсе ат, жесе ет, ішсе қымыз)
— Осы атқа байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
( бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу).
IV. Жаңа сабақ.
( 5- 6 слаид балық жүзіп жүрген)
Сұрақтарға- жауап алу.
— Қандай балық түрлерін білесіңдер?( сазан, жайын, шортан, майшабақ, бекіре)
— Олар қайда өмір сүреді? (суда, көлде, теңізде)
— Олар немен қоректенеді? (су өсімдіктерімен, шаянтәрізділермен, ұсақ жәндіктермен )
— Осы аталған балықтар сусыз тіршілік ете ала ма?
— Неге?
7 слаид (Тақырыбы: Тәкаппар)
— Ендеше бүгінгі танысатын өлеңмен жазылған мысал аты: «Тәкаппар» деп аталады. Мысал – қызықты қысқа шығарма. Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады.Бүгінгі танысатын мысал мақтаншақ балық туралы . Бұл мысал өлеңді жазған белгілі сықақшы — Шона Смаханұлы . Мысал көбіне жағымсыз әрекетті сынауға, шенеуге құрылады, мысалда нақыл сөз болады.
8 слаид ( Шона Самаханұлы)
Ақын өмірбаяны.
Шона Смаханұлы 1924 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысты.Ол « Мектеп баспасында», «Қазақстан мұғалім» газетінде, «Ара» журналында жұмыс істеді.
Шона Смаханұлы- атақты сықақшы. Шона Смаханұлы балаларға арнап көптеген кітаптар жазған.
Қысқаша өлең мазмұнымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
Мысалды м/м мәнерлеп оқу.2 рет оқу.
— Бөліктерге бөліп оқыту (2рет)
— Сұрақтарға – жауап алу.
— Мысалдағы басты кейіпкерді ата? (балық)
— Балық қалай мақтанды?
— Оны кім қалай түсінді? (Бір күні балық әбден мақтанды. Ол теңізді жамандады, өзінің сусыз – ақ өмір сүре алатынын айтты.)
— Балықтың мақтанғанына теңіз қалай жауап берді?
(теңіз ашуланды: өркөкірек балықты құрлыққа шығарып тастады.)
— Балықтың жағдайы қалай болды?
(Сусыз құрлықта күннің ыстығына шыдай алмай шөлдеді, қиналды. Жаны әбден қиналған балық суды аңсап жылады. Мақтанам деп осындай күйге тап болғанына өкінді.)
— Балықтың өкінішін білдірген шумақты тауып, мәнерлеп оқыңдар.
9 – 10 слаид ( Ашулы теңіз және жағада жатқан балық суреті)
V. Сергіту сәті ( музыкамен). 11 слаид
Мысалдың әрбір кейіпкерлері белгілі бір қасиеттің иесі, бейнесі ретінде алынады.
Мысалы, түлкі – қу, екі жүзді алдамшы, қасқыр- қара жүрек қатыгез, жауыз бейнесінде көрінеді. Ал берілген мысалда балық қандай бейнеде берілген?
— ( ақымақ, мақтаншақ, өркөкірек, тәкаппар)
Тәкаппар – мақтаншақтық, менменсушілік,
VI. Сөздік жұмыс. 12 слаид
* Тәкаппар – мақтаншақтық.
* Құрлық – сусыз жер.
* Даттапты – жамандады.
* Өңеш – қорек өтетін жол.
* Желбезек — тынысалу мүшесі.
( Балықтың суретін көрсете отырып, өңеш, желбезек көрсете кету)
Сазан суда жүзбеқанаттардың жәрдемімен еркін жүзеді.
Жүзбеқанат – балықтың қозғалу мүшесі. Бұл қанаттар жүзген кезде балықтың денесіндегі тепе – теңдікті сақтайды.
Сазанның тынысалу мүшесі – желбезек.
Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.
Өңеш- ас қорыту жүйесінің жұтқыншақ пен асқазан аралығындағы бөлімі.
Сазанның асқорыту жүйесі жұтқыншақ арқылы өңештен өтеді.
13 слаид (Схема)
Дәптермен жұмыс.14 слаид ( Жоспар)
Мысалды оқиға желісіне қарай қандай бөліктерге бөлуге болады?
— Кәне жоспар құрайықшы?
Жоспар.
-
Балықтың мақтануы.
2. Балықтың құрлыққа тап болуы.
-
Өкініш.
VII. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
15 слаид Дидактикалық ойын. «Балық аулау»
( музыка арқылы балық ұстау, сұраққа- жауап беру)
— «Тәкаппар» деген сөзді қалай түсінесің?
— Балық қайда тіршілік етеді?
— Қандай балық түрлерін білесің?
— Мақтаншақтық – жаман әдет – дегенді қалай түсінесің?
— Өлеңдегі балық неге өкінді?
( әр балықты ұстаған оқушы балыққа жем салады)
VIII. Сабақты бекіту. 16 слаид ( Салыстыру)
Салыстыру: — Ұқсастығы неде ?
— Айырмашылығы неде ?
( Аквариумдағы балықтарды көрсету)
IX. Қорытынды. 17 слаид
— Бүгін қандай мысалмен таныстық?
— Оның авторы кім? (Шона Смаханұлы)
— Сендерге өлеңдегі балық ұнады ма?
( бағалау)
Мақалмен аяқтау: «Балық сүйексіз болмас, Адам қателіксіз болмас»
Яғни әр адам баласы қателеседі, бірақ сол жіберген қатені дер кезінде біліп, жоюға тырысу керек.
[bws_related_posts]