Басы » Технология » Костюм тарихы

Костюм тарихы

костюмАтырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі
Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Тақырып: Костюм тарихы
Мақсаты:  Костюм мағынасында қысқаша мағлұмат береміз.
Оқушылармен бірлесе отырып, сахнаға арнап костюм жасаудың түрлерімен және олардың тігілу технологиясымен таныстырамыз.
Әр ұлттың костюмдерінің өзіндік ерекшеліктерімен тәрбиелік мәні бар екендігін ұғындырамыз.
Міндеті:  Костюм дегеніміз не? сұрағына толықтай түсінік береміз
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия:   БҮҮ стратегиясы, Симматикалық карта, Суретпен жұмыс
Сабақты байланыстыратын пән: Тарих. Әдебиет.Бейнелеу  өнері.
Көрнекілік:  Слайд,суреттер, оқулық, т.б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Өткен тақырыпты қайталалау.
Тест сұрақтары:
1Мақта-мата және зығыр  кездемелік матаны үтіктеу температурасы
А)100С           ә)200 С             б)  150С
2.Ылғалды-жылулықпен өңдеуге қажет құрал- сайман?
А) төсеніш       ә)үтіктейтін тақтайша(үстел)    б)  екеуіде
3. Үтікті бір орында қанша секунт ұстау керек?
А)  3       ә)  4-5          б) 10-15
4.  Тігістің бөлшек қырының  немесе шет қалыңдығын үтіктелуі
а)жатқыза үтіктеу  ә)бас үтіктеу  б)соза үтіктеу   в)айырып үтіктеу
5. Ылғалды- жылулықпен өңдеу арқылы бөлшекті ұлғайту
а)жая үтіктеу   ә)соза үтіктеу   б)айырып үтіктеу   в)баса үтіктеу
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

  • Қызығушылығын ояту:  БҮҮ стратегиясы бойынша:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Бір түстен киілетін киімдерді костюм екендігін, әсіресе ерлер киімін білемін Костюмге неге астар салынады? (Сабақтың соңында оқушылар не үйренгендігін жазады)

«Симматикалық карта» стратегиясы:

Ел аты Қайда орналасқан Елдің халқы Мата түрлері
Азия Европа Африка қаз орыс өзбек шыт мақпал атлас
Қазақстан +     +       +  
Ресей   +     +   +    
Өзбекстан +         +     +

 

 

 

 

«Суретпен жұмыс»  стратегиясы:

—         Ұлттық киімдердегі суреттерді таратамыз;

—         Суретті бейнелейміз;

—         Тақатаға шығып қорғаймыз.

«Елестету»  стратегиясы:  — Көзімізді жұма отырып өзімізге ұнайтын костюмді елестетеміз.

-Көзімізді ашып бейнелейміз

-Бейнеге сипаттама береміз,экономикалық шығынын есептейміз.

Мағынаны тану:

Костюм ( фр. costume,  итал. costume, сөзбе-сөз – әдет-ғұрып), театрда режиссерлік ойға сәйкес актердің сахналық образ жасауда пайдаланатын киім-кешегі, түрлі әшекей, т.б. заттары;  спектакльді көркемдеудің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Костюм – өткір әлеуметтік, сатиралық, трагедиялық, ертегілік, т.б. образдар дүниесін жасаудағы театр суретшісі шығармашылығының жеке бір саласы. Костюм сахналық образдың ұлттық, әлеуметтік ерекшелігі мен мінез-болмысын айқындай түседі. Суретшілер спектакльге қажетті киім үлгілерін жасайды. Мұндай шығармашылық процесс кезінде әрбір киімнің қандай матадан тігілетіндігі, өлшемі мен үлгісі қатаң ескеріледі. Костюм актерге сахна кейіпкерінің ішкі жан дүниесін ашуға көмектеседі. Костюмге қосымша қажеттілік ретінде бет-жүзді арнайы опалау (грим) мен шашты үлгілеу қолданылады. Костюм әуелден дәстүрлі әдет-ғұрып пен ойын-сауықта, ежелгі дәуір мен орта ғасырлар театрларында, Шығыстың классиклық театрында (Жапония, Қытай, Үндістан, т.б.) пайдаланылған. Ежелгі дәуірдегі және одан кейінгі театр түрлерінде Костюм шартты немесе өз дәуіріне лайықты үлгіде болды. Француз драматургі Мольер өз пьесаларын қойғанда, сол заманындағы түрлі адамдар тобының киім үлгілерін пайдаланды.

Ой қозғау стратегиясы:

—         Костюм тақырыбында ой-пікірімізді жазамыз;

—         Сыныппен жұмыс алмасамыз;

—         Сыныппен ой бөлісеміз;

—         Сыныппен бірлесе отырып, ойымызды жинақтаймыз.

Ой қорыту: Сұраққа жауап ала отырып, сабақты қорытындылаймыз.

Бағалау: Оқушы түсінігін бағдарлаймыз.

Үйге тапсырма: Ұлттық костюмдердің суреттерін жинақтау.

Жұмыс  орнын жинақтау.

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *