Басы » Химия » Галогендердің жалпы сипаттамасы қайталау сабағы

Галогендердің жалпы сипаттамасы қайталау сабағы

галогенШҚО, Тарбағатай ауданы   

 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің        

химия пәні  мұғалімі  

Шаяхметова Анаргүл Әменқызы

Мақсаты: галогендердің жалпы сипаттын ұғындыру үшін оқушыларды топқа бөліп тапсырма беру арқылы сөйлету, тұрмыспен байланысты түрін анықтау,ашылу тарихы, табиғатта кездесуі,  химиялық қасиетін оқып үйрену.

А) білімділік: галогендерге сипаттама беру

Б) тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге, ұқыптылыққа, іскерлікке, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу;

В) дамытушылық: білімдерін тереңдету, химиялық эксперимент жүргізу арқылы білігімен қызығушылығын және ойын дамыту;

Сабақың түрі: қайталау сабағы

Көрнекіліктер: сематикалық карта, химиялық монтаж, тест, слайдтар, интерактивті тақта, элемент таңбалары,  т. б

«Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты білім беру» – деген президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

                               ІІ. «Құпия сөздің кілтін аш»

                               ІІІ. «Сан қырлы кезеңдер»

                               ІҮ. « Зерттеде зерделе»

                               Ү. «Химиялық  монтаж»

                               ҮІ. «Теориялық  сұрақтар»

                               ҮІІ. Тест тапсырмалары

                               ҮІІІ. Үй тапсырмасы (оқушылар хабарламасы)

                               ІХ. Қорытынды

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

б)оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

в) психологиялық  дайындық

Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір – біріңе күле қараңдар.

І топ  «Хлор» тобы                                ІІ топ «Галогендер»  тобы

 ІІ. «Құпия сөздің кілтін аш»

І топқа тапсырма: Д. И. Менделеев атындағы көшенің жеті қабатты үйдің жетінші бөлімінде химиялық элементтер – галогендер тұрыпты. Олар әр қабатқа өз әлдеріне, шамаларына, күштеріне, ыңғайларына қатаң түрде орналасыпты. Кейбіреулері ұшқанды ұнататындарға қарай қиындықтар тудырғасын төменгі қабатта орналасқан.

ТАПСЫРМА: мәтіндегі құпияланған ақпаратты өзара талдап, оны химиялық терминмен түсіндіріңдер

ІІ топқа  тапсырма: Әр қабаттың тұрғындары жалғыздықты ұнатпайды. Олар міндетті түрде өзіне сыңарын өздерінің арасынан немесе басқа бөлімдерінің тұрғындарынан, соның ішінде 1,2 ,3 бөлім тұрғындары өте қатты ұнатуынан байлықтарының жартысын мырзалықтарын танытып береді.

ТАПСЫРМА: Бірнеше реакцияның мысалын келтіріңдер.  Реакция жағдайын және белгісін көрсет. Электрондық баланс теңдеуін құрып көрсет.

ІІІ. «Сан қырлы кезеңдер»

1 – тапсырма.  «Сәйкестігін тап»

Галогендер                    Ашқан ғалымдар

Ғ2                                        Сегре, Коргон

І2                                         Антуан   Балар

Вr 2                                       Шееле

СІ2                                       Бернер Куртуа

Аt                                       Анри Муассан

 

2 — тапсырма

Минералдары                    Галогендер

Лаутарит                                       Ғ2    

Галит                                             І2

Криолит                                     Вr 2

Бромаргирит                            СІ2

3- тапсырма

Сематикалық  карта толтыру

Галогендер

Күлгін түсті кристалл

Сары жасыл түсті

Қызыл –қоңыр ауыр сұйықтық

Солғын сары түсті улы газ

Көкшіл түсті газ

Қосылыстарының қолдануы

медицина

тыңайтқыш

Фото,  кино

тоңазытқыш

Бояғыш заттар

Ядерлық реакция

Фтор

Хлор

Бром

Йод

Астат

ІҮ. « Зерттеде зерделе»

Эксперименттік жұмыс

І топқа  бірдей мөлшерде құйылған 4 сынауықтың қайсысында натрий хлориді, натрий бромиді, натрий иодиді, натрий карбонаты барын анықтаңыздар.

Реактив

заттар

Хлор суы

Крахмал

Тұз қышқылы

NaCI

Өзгермейді

Өзгермейді

NaBr

Қызыл қоңыр түске өзгереді

         өзгермейді

NaI

Қоңыр түске өзгереді

Көк түске өзгереді

Na2CO3

өзгермейді

Әк суын лайлайтын газ бөлінеді

ІІ топқа

«Көгергіш нан»

Керекті құралдар мен реактивтер: 10% йодтың спирттегі ерітіндісі, нан, стакан, шәй кесе.

Ү. «Химиялық  монтаж»

Фтор: Жұртқа әйгілі кесірі.              Иісім күшті, сары түсті

Галогендер өкілі.                                 Активтілігім керемет

Тоғызыншы торға қамалған               Мендей  ылаң , зиян қылған

Фтор сері мен болам.                          Болмаған еш элемент.

Хлор: Газбын өткір иісті                      Емеспін мен зиянды

Салмағым ауыр ауадан                        Жақтарым көп пайдалы

Өткен талай соғыста                             Көрдің бе менсіз ас ішіп,

Тұншыққан менен көп адам.             Сынапты қоспам бар жерде

                                        Бактерия болмайды.

Бром: Ашуланған адамның зілін басар

            Мен әйгілі броммын көңіл ашар

            Байсалдылық берем ашушаңға

            Болсамдағы  сұйықтық иісі нашар.

Йод: Күлгін түсті кристалды денемін,

        Көп жылдардан пайдаға асып келемін.

      Соғыста жарақат алған адамның,

     Қансыратпай өмірін сақтап қаламын.

Астат:  Мені 1940 жылы жасанды жолмен Сегре, Коргон атты ғалымдар ашты. Аз ғана уақыт пайда болып, ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элементпін. Көкшіл түсті кристалмын. Ядролық реакция кезінде түзілемін.

ҮІ. «Теориялық  сұрақтар»

  1. Галогендер қатарын ата?

  2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент.

  3.  Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл.

  4. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді.

  5. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент.

  6. Крахмалды көк түске бояйтын галоген, ол реакция қалай аталады?

  7. Галогендердің табиғатта таралуы мен қолданылуы туралы айтыңдар.

 ҮІІ. Тест тапсырмалары

1. Галогендердің сытрқы энергетикалық деңгейі мына электронды формуламен

сипатталады:

а) 1s2 2s2

б) 1s2 2s2  2p3

в) 1s2 2s2 2p5

г) 1s2 2s2 2p4

2. Хлор газы ауадан неше есе ауыр:

а) 2,5 есе

б) 1,5 есе

в) 2 есе

г) 3 есе

3. Теңіз балдырларында кездесетін элемент:

а) F2

б) Cl2

в) Br2

г) I2

4. Галогендер тобына жататындар:

а) Si, Ca, Mg, Ba, In

б) F, C1, Br, I, At

в) C1, I, K, At, Na

г) C1, F, Ne, Xe, Cu

5. Галогендердің ішіндегі  күшті тотықтырғышы:

а) F2

б) Cl2

в) Br2

г) I2

6. Хлордың судағы ерітіндісі:

а) хлорсутек

б) тұз қышқылы

в) хлор қышқылы

г) хлорсуы

7. 20˚c температурада 1 көлем  хлордың неше көлемі ериді:

а) 3,5

б) 1,7

в) 2,9

г) 2,5

8. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент:

а) F2

б) Cl2

в) Br2

г) I2

9. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле күшті тотықтырғыштарға концентрлі тұз қышқылын әсер ету арқылы алынған элемент:

а) F2

б) Cl2

в) Br2

г) I2

10. Хлор темірмен (ІІІ) әрекеттескенде түзілетін өнім:

а) темір хлориді (ІІ)

б) темір оксиді (ІІІ)

в) темір хлориді (ІІІ)

г) темір бромиді (ІІІ)

 ҮІІІ. Үй тапсырмасы (оқушылар хабарламасы)

 ІХ. Қорытынды

«Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты білім беру» – деген президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.

Бағалау  парағы

 

р/с

Оқушының аты — жөні

Құпия сөздің кілтін аш

Сан қырлы кезеңдер

Зерттеде зерделе

Хим. монтаж

Теориялық сұрақтар

Тест тапс.

Үй тапсырмасы

Қорытынды

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

 

Үйге  тапсырма:

1. Хлор табиғатта кездесуі, алынуы

2. Фтор – маңызды элемент.

3. Йодтың биологиялық маңызы  деген тақырыпта реферат жазу

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *