Басы » Бала бақша » Өз аяқ киіміңді таны

Өз аяқ киіміңді таны

сесорикаАқтөбе облысы
Шалқар қаласы
№12 Балабақша
Бөбек тобында ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттерінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Аманғожина Халима.
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Сенсорика
Тақырыбы: «Өз аяқ киіміңді таны»
Мақсаты: Балалардың танымдық көз қарасын қалыптастыру. Көзбен көре отырып заттардың айырмашылығы мен кемшіліктерін таба білуге үйрету. Ойлау, есте ұзақ сақтау қабілеттерін арттыру. осындай қабілеттерді меңгеруін үйрете отырып сөйлей білуге үйрету. сұрақ қою арқылы тілдерін жаттықтыру. Қысқа әрі жеңіл сөздерді (сөздік) пайдалана отырып сөздік қорларын толықтыру және қалыптастыру.

 

  • Көрнекіліктері: қуыршақ, топқа киетін аяқ киімдерінің қиылған суреттері (әр баланың) кішкентай аяқ киім үлгісі (қуыршақтың). Аю, қоян, мысық, күшік, әтеш, сылдырмақ ойыншықтары.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Дәлелдеу.

Шаттық шеңберін жасау.(Күн

шуағын шақыру)

Біз айнала тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз.

Жәй жүреміз алдымен

Бірте-бірте тездетіп.

Жүгіреміз желдетіп

Тағы жәймен жүреміз

Тыныш-тыныш деймізде Орнымызға келеміз. (Қимылмен жасайды)

Осы кезде есікті қағып әдемі қуыршақ кіріп келеді.

 

 

Балалар күн шуағын шақырып, бір –біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.

Балалар әдемі қуыршақты көріп  көріп таң қалады және қуанады.

Ұйымдастыру, іздену.

Қуыршақ балалармен амандасады:- Сәлеметсіздерме  балалар. Бұл қай топтың балалары екен?

 

Тәрбиеші  қуыршақты балаларға таныстырады.

 

-Балалар,  қараңдаршы бізге Кәмшат қуыршақ қонаққа келді. Өзі қандай әдемі. Шашына әдемілеп қызыл бантик таққан екен. Қане « бантик» деп айтып көриікші .

 

Сұрақтар қою.

 

 

 

 

 

Балалар қуыршақ үстіне әдемі не киген?

-Қане « көйлек»  деп қайталайықшы.

 

-Балалар, қуыршақ неге неге көңілсіз десем бір аяғында аяқ киімі барда, екінші аяғында аяқ киімі жоқ. Жоғалтып алыпты. Қуыршақтың көңілін көтеру үшін аяқ киімін қайдан тауып береміз? Қане жан жағымызға қарайықшы. Іздеп көрейік.

 

— Балалар, біздің топқа аю келіпті, қолында сиқырлы қобдишасы бар екен, қане ішін ашып көрейік. Міне қызықты қараңдар, мұнда таныс заттар бар екен. Аю жүрген жерлерінде сиқырлы қобдишасына жоғалып кеткен, көзіне көрінген заттарды жинаған екен. Біздің топтыңда заттары, ойыншықтары да осында сақталған екен.

(Қобдишаны ашып ішіндегі заттарды бір-бірлеп балаларға көрсету)

 

-Мынау не? Балалар.

 

-Күшік қалай дыбыстайды?

 

-Мынау не?

 

-Мысық қалай дыбыстайды?

 

-Ал, мынау не балалар?

 

-Әтеш қалай дыбыстайды?

 

-Мынау не?

 

-Қоянның құлағы қандай

болады?

-Ал, енді мынау не?

-Сылдырмақ сылдыр-сылдыр етеді.

 

Өте жақсы балалар. – Балалар, қобдишада сендердің топта киетін киетін аяқ киімдеріңе ұқсас бір сыңарлы аяқ киімдер сақталған.

 

(Қобдишадан бір- бірлеп аяқ киімдерді шығарып балаларға көрсету. Мынау кімнің аяқ киімі деп көрсетіп сұрау. Таныған бала, менің аяқ киімім немесе менікі деп айту.)

 

-Мынау көк түсті гүлі бар аяқ киім кімдікі?

-Ақ түсті (туфли) аяқ киімі кімдікі?

-Ой жақсы балалар сендер өз аяқ киімдеріңді таныдыңдар. – Енді мынау қызыл аяқ киім кімдікі? Дұрыстап қараңдаршы?

— жарайсыңдар балалар, шынымен бұл қуыршақтың аяқ киімі екен. Қане қуыршақтың аяқ киімін кигізейік. – балалар, қуыршаққа қараңдаршы, көңілі жақсы көтеріліп қуанып, сендерге рахмет айтып жатыр. Енді бәріміз орнымыздан тұрып аяғымыздың әдемі аяқ киімдерімізді көрсетіп тарсылдатайық.

.

Балалар  қуыршақпен қуана амандасады.

 

 

 

Балалар қуыршақпен танысады.

 

«Бантик» сөзін айтып қайталайды.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.

 

-Көйлек киген.

 

«Көйлек» сөзін айтып қайталайды.

 

Балалар қуыршаққа аяушылық  танытып, жан- жағына қарап тәрбиешімен бірге қуыршақтын екінші аяқ киімін  іздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Күшік.

 

— ав,- ав.

 

-Мысық.

 

-Мияу,-мияу.

 

-Әтеш.

 

-Ку-ка-ри-ку.

 

-Қоян.

 

-Ұзын.(Құлағын қолмен көрсету)

 

-Сылдырмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Томирис:-Менікі.

 

Гаухар:- менікі.

 

 

 

 

 

-Ол қуыршақтың аяқ киімі.

 

 

 

 

 

Балалар аяқ киімдерін бірі біріне көрсетіп, -Топ –топ басайық қуыршақтан озайық.- деп әндетеді.

Рефлексивті түзету.

Қойған сұрақтарға жауап берген әр баланың есімдерін атап мадақтайды. Балалар қуыршақтың аяқ киімін тауып бергеніне қуанады.

 

Білу:Заттардың айырмашылығын білу;

Игеру:  Сұрақ қою арқылы тілдерін жаттықтыруға игеру:

Меңгеру: Қысқа әрі жеңіл сөздерді айтуға меңгеру. Сенсорлық тәрбие Сенсорлық тәрбие
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *