Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Талшық орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Жакупова Сауле Жаксылыковна
Ғабит Мүсірепов “Көлде”
Сабатың мақсаты: Ғабит Мүсіреповтың өмір баянымен таныстырып,көл туралы толық мәлімет беріп, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білеуге дағдыландырып, табиғат әлемінің әсемдігіне зер сала отырып, бағалай білуге, табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынана ойлау, сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: венн диаграммасы,деңгейлік тапсырмалар, 5 жол өлең, диаграмма, суреттер.
Пән аралық байланыс: көл туралы толық мәлімет беріп, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білеуге дағдыландырып, табиғат әлемінің әсемдігіне зер сала отырып, бағалай білуге, табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ñ І. Ұйымдастыру кезеңі
Ñ а. Түгендеу т.б.
Ñ б. Психологиялық дайындау
1.Тренинг: Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әріпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.
Мысалы: Әдемі – әдепті, Шынар – шыдамды.
Жақсы енді орындарымызға жайғасып,оку құралдарыңды дайындап сабаққа зер салайық.
Енді мына жүмбақтың шешуін тауып көрейік.
Слайд. Жұмбақ
Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна. /Көл/
Слайд /Көлдің суреті/
Суретпен жұмыс
Көл сөзіне топтастыру жасау
Көл қайдан пайда болады?
Көлдер көлемі жағынан әр түрлі болады:Шағын көлдер бірнеше он метр бллса,ірі көлдер бір шетінен екінші шетіне дейін көз жетпейді.ірі көлдерді теңіз дейді.Көлдер тұщы және тұзды болады.
Слайд,Ереже
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.
Келесі жұмбақтың шешуін тауып көрейік.
Слайд.Жұмбақ.
Жр көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім,өзен көрдім.
Сулары жоқ тереңдейтін. /Карта/
Слайд.Казақстан көлдерінің картасы.
Картаға қарап көлдердің орналасуына мұқиат көңіл бөлейік.Ал енді біздің өңірдее қандай көлдер бар екен?
Слайд.С.К.О көлдері.Кіші қорай,Үлкен қорай,Жантайсор,Қулыкөл,Шолақсор.т.б.
Слайд.Көл туралы қызықты мәліметтер.Сен білесің бе? айдары.
Ñ Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)
Ñ Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
Ñ АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл-Бонневилл
Ñ Әлемдегі ең ұзын тұщы көл— Танганьика (1470 м);
Сергіту сәті.Қатты нөсер басылды
Күн жарқырай ашылды
Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды
Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайында болмақ?
Дұрыс,Көл туралы. Топтастыру
Ендеше барлығымыз Ғ.Мүсірепов туралы суреттер топтамасымен жұмыс
Құрметтейік бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі Жер Анамызға деп. Автордың Көлде мәтінімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.
Мұғалім бірінші азат жолын оқып, оқушылардан әрі қарай не болатының сұрап,балалар ойларын айтады.
Екінші бөлігін оқиды. Оқушылардың ойымен салыстырады.
Слайд.. Дәптермен жұмыс.
Доңыз- арам ниетті, қасқүнем.
Суретпен жұмыс.Суретте нелер бейнеленген?
Аққуудар, қаздар, қамыстар, үйректер, жапырақтар жайқалған бар |
Аралар үлбіреген гүлдерге қонып, бал жинап жүр. Көлде көп |
Шағала, тұңық су, түс кезі, |
Мәтін |
Сурет |
Ұқсастық |
Сабақты қорыту
Көл сөзіне бес жол өлең жазу
Не?Көл
Қандай? Таза, үлкен
Не істейді? Толқиды, тұнады, жарқырайды
Табиғаттың әсем бөлігі
Синоним «Су»
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, сурет бойынша берілген сөздермен әңгіме құрау. Мақал мәтел жаттау
Бағалау: