Басы » Бала бақша » Су қандай болады?

Су қандай болады?

Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдер: Қоршаған ортамен танысу
Тақырып: Су қандай болады?
Мақсаты:    Балаларға судың табиғаттағы баға жетпес сый екенін түсіндіру.   Судың қажеттілігін, оның адамның тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.   Іс-тәжірибе арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту. Балаларға суды үнемдеп ұстауға тәрбиелеу Балаларды судын   касиеттерімен таныстыру.  Саусақпен сурет салуды, слайд – шоуды, бейне роликті  қарауды үйрете беру. Табиғатты қорғап, суды үнемдеп пайдалануға, ластамауға   тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:  мөлдір, тіршілік, ластамау, үнемдеу.

  • Билингвальды компонент:   мөлдір – прозрачный, су – вода – water

 

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық Жылулық  шеңбері:Армысың,  Алтын Күн!

Армысың,  Көк аспан!

Армысың,  Жер ана!

Армысың,  қоршаған орта!

Амансың ба,  достарым!

Өлең мәніне сәйкес қимыл жасай отырып, ынтымақтаса, бір-біріне алақандары арқылы жылу беріп, шаттана тілек шеңберін айтады. 
Ұйымдастырушы — ізденуші
  • Тәрбиеші:
  • — Балалар, сендер саяхаттануды жақсы көресіңдер ме? Олай болса сендерді бүгін қонаққа бір ханшайым шақырады. Ал қандай ханшайым екенін сендер жүмбақ шешу арқылы білесіндер:
    Ауызы жоқ,
    сыңғырлайды, күледі,
  • Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,
  • Айтыңдаршы, осыны кім біледі? (су)
    Тәрбиеші:
  • -Дұрыс,   біз  Су Ханшайымға қонаққа барамыз.
    — Кане, балалар,  су патшалығына саяхат жасап, аңықтайық – қандай ол, Су Ханшайымы?
    Әуен қосылады. Тәрбиешi тәждi киедi және су рөлiн орындайды.  Су ханшайымы балаларды қарсы алады, амандасады:                                -Мен, Су ханшайымын, мен жаңбырмын, сумын. Табиғатқа тіршілік беретін мен боламын.
  • — Балалар, мен туралы бейне таспа көресіңдер ме?
  • Балалармен  «Су қайда тұрады?»  атты д/о жүргiзедi (заттар және әсем көрiнiстердiң ұсынған суреттері бойынша теледидардан слайд арқылы көрсетеді).       Әңгімелейді:
  • — Су иісі жоқ, мөлдір сұйық зат. Су түрлі өзгерістерге ұшырайды, буға айналады, бу  қайтадан жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады. Су отты  өшіре алады. Суды   адамдар барлық тіршілікте пайдаланады.
  • — Ал жаңбыр туралы бізге Ажар айтып береді.
  • Су патшайымы:
  • — Балалар, енді судың күйі болатынын тәжірибе арқылы көрсетейін.
  • 1.  Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құйып олардың ішіне қасық салып,  судың мөлдір екенін дәлелдеу.
  • Сүт — ақ, су – мөлдір.

-Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар, судың түсін өзгерте аламызба?

— Ендеше бұған көзімізді жеткізу үшін тәжірибе жасап көрелік.

Тәжірибе – стакандағы суға бояуды қосып арластырады.

  • -Қандай түсті су пайда болды?
    Су ханшаймы :                               —   Судың қандай пайдасы бар?
  • Егерде жауын жаумаса, тобымыздағы гүлдерімізді суармасақ не болар еді?

Балалар, біз қазір сендермен тобымыздағы гүлдерге су құйамыз. Гүлдерге үнемі су құйып отырсақ, гүліміз қандай болады?
Су патшаймы:

-Ал гүлге су керек екенін анықтадық. Ал суды тағы не үшін пайдаланасыңдар?

— Дұрыс тазалық үшін. Енді

А.Меңжанованың «Тазалықтың досы» өлеңін оқиды:
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Әппақ бетің маңдайың
Су – дегенің осы
.

Сергіту сәті:

  • Күн болып жанайық,
  • Мөлдір су болып ағайық,
  • Гүл болып жайнайық.
  • Терең — терең дем алып,
  • Жүгіріп – жүгіріп алайық!

 

Су патшайымы: Балалар, сендер маған судың, немесе тамшының суретін салып бересіңдер ме, маған естелікке қалсын.

-Рахмет, сендерге балалар, мен туралы көп біледі екенсіңдер.

Енді ойын ойнайық.  «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнатады

Су ханшайым балаларға әдемі сурет салған үшін, тәжірибелерді  жақсы орындаған үшін тамшыларын сыйлайды, балалар топқа оралады.                                                                — Сау болыңдар балалар!

Иә!

 

 

Жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

Сәлеметсіз бе!

 

Иә, көреміз.

Теледидардан  слайд- шоу көреді.

 

 

Су патшайым айтқанын қызығушылықпен тыңдайды.

 

 

Ажарды тыңдайды.

 

Қызығушылықпен қарап, тыңдайды.   Берілген сұрақтарға жауаптарын айтып беріп отырады.

 

 

Тәжірибе жасауға келіседі.                     Стакандағы суға бояу қосып, арластырады.

Сары, қызыл, жасыл, көк.                                        Су барлық тіршілікке қажет, біз сумен гүлдерді, өсімдіктерді суарамыз.

Балалар гүл әдемі болып өседі деп жауап берді.

 

 

 

 

Тамақ пісіреміз, кір, қол, ыдыс жуамыз.

 

Өлеңді тыңдайды.

 

 

 

Балалар белсенділікпен бірлесе сөз мәтініне сәйкес әрекет жасайды

 

 

Балалар    көк түсті бояуға саусағын малып қағаз бетіне судың, тамшының суретін салады. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін саусақтарын сулы майлықпен сүртеді.

 

Су  патшайымнан тамшыларды алады.

 

Рефлексивті – түзетуші Тәрбиеші:- Біз кімге қонаққа бардық?

Сонымен, балалар, бүгін біз су туралы көптеген мағлұмат алдық, солай ма?

Суды босқа төкпе.
Сумен ойнама.

Суды ластама, үнемдеп жүр.
— Балалар, Су патшайымы су туралы бізге тағы бір сыйлық қалтырыпты, көрейік пе?          Мультимедиа арқылы балаларға су туралы қысқа бейне ролик көрсетеді.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

Суды үнемдеу керектігін, ластамау керек екенін түсінеді.

 

Бейне роликті қызығушылықпен көреді.

Күтілетін нәтиже:

Нені  білу  керек:   судың қасиетін және оның өте қажет екенін білді.

Нені игерді:  тәжірибе жасауды, саусақпен судың бейнесін салуды,  бейне таспаны, слайд шоуды  көруді.

Нені біледі:   Судың табиғаттың баға жетпес сыйы екенін біледі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *