Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Николаевка орта мектебі
Окасова Г.М.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҚОЛДАНУ
Аннотация
Критическое мышление включает развитие таких навыков, как приобретение доказательств посредствам наблюдения и слушания, с учетом контекста, и применение соответствующих критериев для принятия решений.Поэтому ученикам необходимо предоставить возможность для развития навыков наблюдения, анализа, суждения и интерпретации.
Summary
Critical thinking involves developing skills such as acquiring evidence through observation and listening,taking account of context,and applying relevant criteria for making judgements.Pupils must therefore be given opportunities to develop skills of observation,analysis,inference and interpretaion.
Қазіргі таңда алдымыздағы балалардың оқуға деген мотивациясын қалай көтеру керек?Оқушыларды сабақ үрдісіне қалай қызықтыру керек?Білім алуға қалай үйрету қажет? Осындай сұрақтар әр ұстазды жиі мазалайтынын білеміз.Ал,біздің күнделікті дәстүрлі сабақтарымыз арқылы мұндай сұрақтың жауабын табу қиынға соғары анық.Сондықтан оқытудағы көзқарасымызды өзгертуге тура келеді.Ол дегеніміз сабақтағы оқу үрдісінің басты кейіпкері ұстаз емес,оқушы болуы қажет.
«Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудін алғашқы сатысы – бастауыш білім.Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетіне шешім қабылдай алуға,практикалык әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту-бүгінгі күннін басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздін саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар.Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасай отыра,осы жастағы балалардың ойлау қабілеттерін арттыратындай қандай әдіс-тәсілдер қолдану қажет деген оймен ізденіс үстінде болдым.
Осы тұста В.Г.Белинскийдің: «…ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр.» — деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы,жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып,реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмысжасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Менің осы орайда таңдаған тақырыбым «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда сын тұрғысынан ойлауды қолдану» болды.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сабақ барысында түсінікке сыни тұрғыдан қарап,сонымен қатар өмірде де ойлана отыра шешім қабылдау,ақпаратпен жұмыс жасай алу,талдай білуге машықтандыру.
Осы білімді берудемұғалімнің алға қояр мақсаты мен міндетін былай айтуға болады. Оқушы- оқу үдерісі– нәтиже.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін оқушы сұрақтар қоя біледі.
— Мен не білемін, нені білгім келеді?
— Менің жаңаша көзқарасым, қалай өзгердім?
— Менің қызығушылығым неден артты?
— Мен осы біліммен не істей аламын, кімге көмек қолын созамын?
Алдыма қойған міндеттерім:
1.Сын тұрғысынан ойлаудың теориялық сұрақтарын зерделеу
2.Оқушылардың мектепке алғашқы келгендегі кездегі және оқу барысында диагностика жүргізу
3.Күтілетін нәтижелердің критерийлерін жоспарлау
4.Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін сабақ барысында жүйелі түрде қолдану
5.Оқушылардың ойлау қабілеттерінің деңгейін анықтау.
Менің оқушыларым не істей алады? Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отыра құру.
«Сыни ойлауға» келсек, бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сонымен қатар осы жерде: «Маған айт-мен ұмытып қаламын, Маған көрсет-есімде сақтаймын,Маған өзіме жасат-мен түсінемін» -деген қағидаға да сүйенуге болатындай.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың,дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
• айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден «сабақ алуға» әзірлік;
• сұрақ қою,тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
• өзіңнің пікіріңді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу;
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
— Шақыру;
— Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну);
— Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы).
Бұл әрине мұғалімнің көп ізденуге,сабақ жоспарлаудағы түрлі әдіс-тәсілдерді қолайлы пайдалана білуіне де байланысты болмақ.
( қосымша 1)
Сабақтың әр кезеңдерінде мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыдаоқушылар бір-бірін тыңдамай, сыныпта қозғалыс болатын. Жұмыс жасай келе балалар жаттыға бастады.Қызығушылықтары ояна бастады.Сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.Оқушыларды топқа бөлу барысындамынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады;
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды;
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді;
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды;
5. Қорытынды шығарады.
Яғни, топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
«Сын тұрғысынан ойлаудың» қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін,шығармашылығынжан-жақты дамытатынын байқадым.
Мысалы «Дананың кілттері» Тони Райан жасаған бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау,сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылады.Мысалы, «Егер де» кілті,оқушы өз ойын айта алады, «Тағы қалай?» кілті күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялдарын дамытады.
1-сыныпта «Дыбыс» тақырыбын түсіндіру үшін, тақтаға шашыраған дыбыстар ілінді.
Оқушы әрекеті – неге ілінгенін білгісі келеді, бір-бірімен сұхбаттасады, өз білгендерін ортаға салады. Осы ретте түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау оқытудың диалогтік тәсілдерін қолданады.
Ана тілі сабағында «Бес жолды өлең» әдісі оқушының сөйлеуіне таптырмас тәсіл.Мұнда кейбір сөйлемейтін оқушы ойын қағазға түсіре алады, оқушыны бір қырынан тануыңа мүмкіндік туады.Мысалы:Сенің ойыңда не сақталып қалды?Кейіпкерлердің іс-әрекетін қалай бағалайсың?-деп сұрақтар қоя отыра ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасалады.Сөз астарын түсінуге машықтанады.
«Миға шабуыл» әдісі өте қолайлы,балада қате жауап берем деген қорқыныш болмайды,өз ойын еркін айта алады.Барлық сабақ барысында топтық,жұптық,жеке жұмыстар жүргізіліп,әр баланы тыңдай білуге уақыт бөлген жөн.
Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да,оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды . Оқушыларға дүниетанудан алған «Астана — Қазақстан Республикасының елордасы» атты сабағымда топтық жұмыс берген болатынмын. Осы уақытта балалар өздеріне берілген тапсырма бойынша іздене түсті. Яғни олар өз беттерінше ізденді, пікірлесті, ой бөлісті өз жұмыстарын көркемдеп, мазмұны жағынан да мағыналы болуын қалады. Сын тұрғысынан ойлаудың әр стратегиясын алсаң да тиімді жақтары көп және нәтижелі жақтарын көруге болады. Бұл модулді пайдалану барысында баланың ашылмай жүрген қасиеттерін көріп, танып, оны ары қарай баулып ұштауға мүмкіндік болады.
Жалпы жұмысымның нәтижесін бағалау мақсатында мынадай критерийлер құрылды:
• баланың ойлау қабілетінің дамуы
• сыни ойлай білуінің дамуы
• сыни ойлауды түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуі
Жұмыс барысында көрсеткіштерге сәйкес өлшемдері қарастырылды.
(қосымша 2)
Сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды қолданудың нәтижелілігі оқу үрдісінде зерттеліп,диагностика жасалып,оқу жылының соңында мектеп психологімен бірлесе жұмыс жасай отыра қортындыланады ( Замбицявичене Э.Ф. әдісімен)
Ойлау қабілетінің деңгейі баллмен санағанда:
Жоғары-90 одан да жоғары балл
Жас ерекшелігіне сай норма- 70-89 балл
Нормаға жақын- 50-69 балл
Төмен- 30-49 балл
Зерттеу нәтижесі кестеде көрсетіледі:
Даму деңгейі Оқу жылы басында 1 жарты жылдық Оқу жылы соңында
Жоғары
норма
Нормаға жақын
төмен
Осы әдіс-тәсілдерді қолдана отыра мен зерттеудің тағы бір түрі бақылауды қолдандым.
Яғни,мұғалім сабақ барысында бақылаушы рөлін де атқаруы.Мен оқушылардың қалай рефлексия жасайтындығын,қалай бір-бірін бағалайтындығын,қай балаға көмек қажет екендігін бақылап отырдым.Бұл маған:келесі сабақты жоспарлауға,өз ісімді бағалауға,қателерімді түзетуге,мақсаттарыма жетуге көп көмек көрсететіндігін түсіндім.
Жұмысымның нақты нәтижесін әлі көре қоймасамда,байқағаным:
• бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті дамиды;
• оқушылардың сабақ барысында белсенділігі артады;
• оқушылардың танымдық белсенділіктері артады;
• өз ой-пікірлерін айтып,сұрақ қоя білуге үйренеді;
Әрине,оқушылармен бірге өзім де өзгеру үстіндемін,өзіме сын көзбен қараудамын,бірге оқимыз,бірге дамимыз.
Қорыта айтқанда,педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына,өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін,нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін,берілген ақпаратты жедел,әрі сапалы меңгертуге бағытталған.
Мұғалім жан-жақты білімі жетілген, көзі ашық, көкірегі ояу болғаны абзал. Әрбір бала -жанар шырақ, оны жаға білу – мұғалімнің парызы мен міндеті. Олміндетке жету жолында еш қажымай, талмай, ерінбей, еңбек етуі керек. Баланың дарыны мен қабілетін ашу ұстаздың қолында болса, бойға жиған білімнәрін жас ұрпаққа сіңіруде тер төгейік. Ащы термен шыққан, тәтті балды сезінейік. Шәкірт қанаты талмай, биік шыңға самғасын.