Басы » Бастауыш сыныптар » «Асығым» Жаппар Өмірбеков

«Асығым» Жаппар Өмірбеков

  асык Алматы қаласы,  Алмалы ауданы
№36  гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Назипа Әбдімәлікқызы
«Асығым» Жаппар Өмірбеков

    Әр мұғалім өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Мұғалімдер, өзінің сабақ беруіне емес, оқушының оқу ептілігін дамытуға назар аудару тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсене қатысатын болады. Сабақ барысында жеті модульдің дұрыс, жүйелі ықпалдастыру нәтижелі болмақ. Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып аламын: « Менің оқушыларым не істей алады?,Оқушылар сабақ соңында нені үйренулері тиіс және олар нені түсінулері керек?, Дарынды және талантты оқушыларды мен қалай ашамын?,Сыни тұрғыдан ойлауға қандай ықпал жасаймын?»- деп, сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын. Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір тәсіл ол – топтық жұмыстарды ұйымдастыру болды.Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін- бірі оқытуға,бірінен – бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы: «Асығым» тақырыбын өту барысында қызығушылықты ояту кезеңінде қоржындағы асықтарды алу арқылы 4  топқа бөлінеді.Топ ережелерін құру, көшбасшыны анықтау , бұл — үлкен жауапкершілік екенін түсініп қалды. Топтық жұмыста оқушылар әрқайсысы жекелеген пікірлерін ортаға салып, талқылауды үйренеді. Сонымен қатар оқушылар өз пікірін өзгенің де идеясы құнды екенін түсіну арқылы, топ мүшелері арасында өзара сыйластық орнайды.

   — Бүгінгі сабақ не жайлы болуы мүмкін? — Сабақтың тақырыбы мен мақсатына болжам жасауға мүмкіндік жасадым. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыруға , жылдам ойлау қабілетін дамытуға  зерделеу арқылы  болжау жасауға бейімдейді. Ой қозғау барысында сұрақ қою техникасын  қолдандым. – Асық туралы не білеміз? – Асықты қайда, неге пайдаланамыз? – Асық ойнаған кезде қандай қимыл қозғалыстар болады? деген сұрақтың дұрыс қойылуы  дәрежесіне қарай да көптеген нәтижеге жетуге болатынын көрдім. Онда оқушы  не білетіндіктерін анықтаудан басталады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, диалогқа түседі, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте — бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – бұл мұғалімнің көпжақты жұмысының бір бөлігі. Эдвард де Боно әзірлеген  «Алты ойлау қалпағы» әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді. Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтіндігін топта талқылап айтады:  «Өкінішке орай, қазір асық ойыны ұмытыла бастады. Көптеген түрлері ұмытылып, мүлде ойналмайды. Ережелері де сол күйінде сақталмаған. Себебі қазір ауылда болмаса, қалада балалар асық ойнамайды, олар компьютер сияқты ойындарға қызығады. Асық ойнаудың өзіндік техникалары сақталмаған. Қала балалары асықты иіріп, шиіріп атуды білмейді» — десе, Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. «Сабақ барысында « ханталапай» ойынын ойнаған кезде ауылда жүргендей болғандарын, ойынның шығу тарихында үлкен мән бар екендігін» сыни тұрғыда ойлана отырып қорытынды шығарады. Белгілі бір мазмұнға сын тұрғысынан қарау арқылы адамның ойы дамиды. Сонымен қатар  оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалды.  Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам: — Мен не білемін? — Мен жаңаша нені білдім? — Менің білімім қалай өзгерді?- Мен осы біліммен не істей аламын? деген сынды сұрақтар қоя біледі.

Заман талабына сай білім алу үшін оқушыларға интернет желісін пайдаланып, тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат көздерімен толықтырып отыру мұғалімнің шығармашылығы. Осы тақырып аясында «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсете отырып, ұлттық  құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне – өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасадым.

Қазіргі таңда оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болып тұр. Оқушылар бір- бірінің жұмысын талдау жасап, оның жетістіктері мен кемшіліктеріне айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым – қатынасты нығайтады. Бұл сабақта оқушылар білімін «бағалау критерий» талабына сәйкес «өзін – өзі бағалау» парақшасы арқылы болды. Әр оқушы бағалау парақшасындағы балдық жүйемен жинаған ұпайына сәйкес бағалап шықты. Балдық жүйе әділ бағалауға, таза еңбегіне, қабілетіне қарай жинаған еңбегін бағалауға, өзін- өзі реттеуге көмектеседі.

7 модульді қолдана отырып, өзімнің көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

                                Жаңа форматтағы сабақ жоспары

 

Күні:

Пәні: әдебиеттік оқу

Мұғалім: Бисенова Назипа

Сыныбы: 4«Ә»

Оқушы саны: 23

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Өмірбеков  « Асығым» өлеңі

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Оқып-үйренудің негізгі

мақсаттары:

1.Білімділік: Қазақ халқының ұлттық ойыны асық туралы жалпы түсінік қалыптасады.

2.Дамытушылық: Өлеңді түсініп оқу арқылы оқушыларды өз ойын еркін айтуына мүмкіндік жасау, кез келген мәселені сыни тұрғыда өзінше шешуге жағдай туғызу. Дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.

3.Тәрбиелік:Ұлттымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, спорттық әлемдік деңгейдегі ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.

Міндеттері:

Асық ойынының барлық ережелерінің қыр – сырын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлері мен ерекшеліктерін білу.

Әдіс-тәсілдер:

Диалог оқыту, сыни тұрғыдан ойлау,  АКТ, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, « Алты ойлау қалпағы»,  «Автор орындығы», « Мен журналистпін».

Оқу нәтижесі:

Асық туралы өз ойларын еркін жеткізеді.Жан- жақты ізденеді.Өзіндік қорытынды жасауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, дүниетану

Негізгі түсініктер:

Асықтың аталуы, боялуы, асық ойындарының мән- мағынасы.

Бағалау:

.бақылау

.жұмысты бағалау

.сапалы білімді бағалау.

Ресурстар:

Сабаққа байланысты флипчарт, призентация,бағалау парақшалары.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері:

Уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

3мин.

І.Ұйымдастыру.

Жағымды көңіл – күй қалыптастырады.

Оқушылардың белсенділігі артады.

7 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексер

«Қармаққа түскен шағала» әңгімесі

Төмендегі жоспар бойынша әңгімелету:

  1. Балық аулау.

2.Өркен.

3.Қармаққа ілінген шағала.

4. Өркеннің шешімі.

Баяндау мәнерін тыңдайды, формативті бағалайды.

1. Бұл оқиға кайда болған?

2. Кеме үстіндегі бала өзі үшін не жаңалык ашкандай болды?

3. Шағала қандай қиыншылыққа тап болды?

Оқушылар өзін өзі тексереді.

Өз тұжырымдарын жасайды. Бірін бірі бағалайды.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

«Автор орындығы» стратегиясы

Жазушы баланың шағаланы босатып жіберуі аркылы қандай ой айтпақ болды?

Осы сұрақ аркылы әңгіме идеясын ашады. Жанды, жансыз табиғат пен адам, оның сезімдері әңгімеде калай көрінгенін үзінділерден табу арқылы_ талдау кейіпкер бейнесін, мінез-құлқын аша түседі.

3 мин.

ІV.  Қызығушылықты ояту.

Қоржындағы асықтарды алу арқылы топқа бөледі.

  • Бүгінгі сабақ не жайлы болуы мүмкін?

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатына болжам жасауға мүмкіндік жасайды.

Асықтар арқылы 4 топқа бөлінеді.

Сабаққа деген қызығушылығы артады.

Сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Мақсатын айқындайды.

10 мин.

  Ой қозғау

Жаңа тақырыпты ашуға байланысты сұрақтар беріледі.Сұрақтар оқушының жас ерекшелігіне қарай беріледі.

Бір ғана асықтың алты жағына қойылған аттың өзі патша, ханмен, ол басқаратын әскермен, мекенмен, халықпен үндесіп жатуы асық ойынының жай ғана балалар ойнайтын ойын түрі емес, керісінше тұнып тұрған елдік, әскери стратегия екенін білдіреді.

Тәйке – уәзір, ханның орынбасары деген мәнді берсе,

Бүге – бүк түсу, бағыну, міндет атқару,

Тұрық – тұру, тақ, тақта тұру, тірек, тіреу,

Жатық – түзулік,тыныштық,жайлылық мәнін білдіреді.

Сұрақ қою техникасы:

-Асық туралы не білеміз?

-Асықты қайда,  неге пайдаланамыз?

-Асық ойнаған кезде қандай қимыл- қозғалыстар болады?

Оқушылар диалогтік  қатынасқа  түсіп, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

Оқушылар өзінің білім деңгейін анықтайды.

10 мин.

V.Мағынаны тану.

« Әдеби оқу» стратегиясы

Ж. Өмірбековтың «Асығым» өлеңі

1..Хронологиялық кесте

Автор туралы мағлұмат алады.

2.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды.

3.Мазмұнымен жұмыс жасайды.

4.Түртіп алу стратегиясы

Сөздік жұмысы

Кеней –

Шиыру-

Иіру-

Үйіру-

Ж. Өмірбековтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында Бесоба кеңшарына қарайтын Қоңыртөбе тауының бауырында туған.

«Жиырма төрт сағат» «Шуақты күндер» «Астана» «Елорда» өлеңдер жинағы бар.

Ақын шығармашылығымен танысады.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Әр оқушы дәптеріне жазу арқылы жеке жұмыс жасайды.

Тіл байлықтары артып, сөйлеу мәдениеті дамиды.

Ойын: «Ханталапай»   — ханның халық мүлкін талапайға салуы не халықтың ханның қазынасын талапайға салуы немесе хан  — басқаратын елге ішкі- сыртқы жаудың шабуылын білдіріп тұрса керек.

Ойынның шарты түсіндіріледі, қорытынды шығарады.

Асық  мәнін ойындарының атына назар аударар болсақ, олардың да талай нәрсенің, оқиғаның мәнін білдіріп тұрғаны анық.

Ойынға белсене қатысады. Көптеген қосымша мәліметтер арқылы көзқарастары кеңейеді.

Тәрбиелік мәнін ашады.

Ашық сұрақ – жауап кезеңі

Ақын алшы тұрған асық үшін неге қуанады?

Өлеңде асықтың тұрыстарын қалай атаған?

Сақа асықты қалай дайындайтынын анықтап біл.

Асықтар түрлі түске қалай боялатынын айт.

Мұғалім тыңдайды, дарынды, шығармашыл оқушыларды анықтайды.

-Асықты ұзақ уақыт сақтау үшін қынамен бояған.Сонда шірімейді,иісі шықпай ұзақ уақыт сақтаған.

Оқушылар бірнеше ашық сұрақтар қояды.

Ашық сұрақтар қойып дағдыланады.

8мин.

VІ.Ой толғаныс

«Алты ойлау қалпағы» стратегиясы бойынша сыныптағы оқушылар түгел сөйлеп шығады.

«Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетеді. Сол бойынша Бонстың ойлау қалпақтары әдісімен жұмыс жасау тапсырылады.

Топқа өз ойларын айтады, дәлелдейді.Дарынды оқушылар өз пікірін ортаға салады, өзін- өзі таныта біледі.

Сыни тұрғыда ойланады. Жаңа сабақты қалай меңгергендігі айқындалады.

VІІ.  Рефлексия

«Мен журналистпін» ойыны

Қолында микрофоны бар оқушы  сұхбат алады.

Сабаққа кері байланыс орнату.
Бала пікірлерін сұрау

-Аты жөніңіз кім?

-Сабақ ұнады ма?                   Несімен ұнады ?

-Сабақта нені білдіңіз?

Сабақтан алған әсерлері туралы журналистке сұхбат беріп, ой бөліседі.

Рефлексия арқылы негізгі ойды түйіндейді.

2мин.

Үйге тапсырма:

«Асығым» өлеңі түсініп оқу, қосымша материалдар жинау.

Үй жұмысын түсіндіреді.Әр топқа жеке тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтап, призентация жасап келу тапсырылады.

Күнделіктеріне жазады.

2 мин.

VІІІ. Бағалау.

Формативті,

критерийалды бағалау

Мұғалім оқушыларды бақылайды, бағасының нақты болуын қадағалайды.

Дескритор арқылы өздерін бағалайды.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *