Басы » Tәрбие сағаттары » Аялайық ананы

Аялайық ананы

Қарағанды облысы
Шет ауданы
Еңбекшіл ауылы
Хасенова Жібек
Аялайық ананы
Аналар мерекесіне арналған тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сурет салынған плакаттар, шарлар.
1 оқшы;
Наурыз күні-Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана күні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім сендер мұны.
2-оқушы;
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз «ана». Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,мейрімділік махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8- наурыз мерекесі. Бізде аналарымызды мерекемен құттықтау үшін «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ән «Анашым»
 3-оқушы;
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың- аясындай гүл бақтың .
4-оқушы;
Мен өзіңмен қайда болсан біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
5-оқушы;
Ер жеткізіп, елге берген боласын,
Ақылдысың ардақтысың, данасың,
Қарайтыным қос-қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
Ән «Ана»
6-оқушы;
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
7- оқушы;
         Ана дегеніміз-  әлемнің жан дүниесі. Ол-тіршілік, үлкен тағдыр «Ана» сөзі біздің елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездермей қоймайды.
8- оқушы;
Ана . Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бер. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейрімді, жылы естіледі.
9- оқушы;
Құтты болсын, ардақты ана,
Асыл анам мерекең.
Ән «Анаға сәлем»
Ана өмір болашаққа сыйлайды екен,
Жатты да жамандыққа қыймайды екен,
Ананың құрсағына сыйған бала
Даланың құшағына сыймайды екен.
 Ата –аналар құттықтау сөз сөйлейді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *